Дайындаған: педагог-психолог А. Т. Артигалиева Мақсаты



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі37,47 Kb.
#20337
1   2
Байланысты:
бейимделу

Психолог : -Құрметті ата- аналар! Бүгінгі біздің тренинг сабағымыз баланың мектепке бейімделуі жөнінде болғандықтан, сіздер де мектептегі өміріңізді еске түсіріп көріңіздер.

Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «иә» деп жауап бергіңіз келсе, қолыңызды көтеріңіз. 

1) Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін еді?

2) Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?

3) Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?

4) Кімге ән сабағы ұнайтын?

5)Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?

6) Кімнің жазуы түзу болды?

7) Кім бір рет те болса дәптерін, оқулығын үйге тастап кеткен жоқ?

8) Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?

9) Кім бірінші сыныпта оқу білді?

10) Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын еді?

11) Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?

12) Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?

3. «Сіз қандайсыз?» жобалау тесті. Ата-аналарға таза парақтар үлестіріледі, қаламмен төрт бөлікке бөлу ұсынылады. Әр бөлікке жануардың, бунақденелінің, құстың, жабайы аңның атын жазады. 1-отбасында, 2-жұмыста, 3- баламен қарым-қатынаста, қоршаған ортада ата-ана өзін осылай ұстайтыны айтылады. Ал сызбаның көлемі өзін бағалау деңгейін көрсетеді.

4. Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі(мини-дәріс) .


Мектеп бала дамуын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды бастан өткереді. Бала мектепке бірден бейімделмейді. Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді.Олар ұжымға тез қосылып кетеді, жаңа достар табады, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, мұғалім талаптарын қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық талаптарын орындай қоюы қиын, бірақ қазан айының соңына қарай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі. Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет. Бұл көбінесе отбасындағы жалғыз бала немесе балабақшада болмаған, ата-анамен қарым –қатынас жеткіліксіз балаларда кездеседі. Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:

-біріншіден- баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды. 


- екіншіден-баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. 
- үшіншіден- баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатыпас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды. Сонымен, баланың оқуға табысты бейімделу мәселесі көбінесе мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасуына байланысты. 

Мектепке бейімделу деген не, соның басын ашып алайық. Психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс - әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:

1. бала өзінің « істегім келедісін» мектептің «істеу керегіне» сәйкес келтіруі керек;

2. тапсырмаларды (кейде балаға онша қызықты емес) өз бетімен орындауға үйренуі керек;

3. мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдерге кедергі болмауға үйренуі керек;

4. достық қарым - қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса қарым - қатынас жасауға үйренуі керек;

5. мектептегі оқуы – оның «жұмысы» екенін, оқушы болу - өте маңызды екенін түсінуі керек!

Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.

Бейімделуі жоғары деңгейдегі бала мектепті жақсы көреді, оқушы болғанына қуанышты. Ол үшін оқу жеңіл, жаңа білімді қызығушылықпен қабылдайды және айналасындағылармен қуана бөліседі, тапсырманы мектепте де, үйде де ынтамен орындайды ( сырттай бақылау жасамай - ақ және қысым көрсетпей - ақ), сабақта мұғалімді ынтасымен тыңдайды, өзі белсенділік танытып «бағдарламадан тыс» бір нәрсе істеуге не жаттауға қабілетті, «қоғамдық тапсырмаларды» абыроймен орындайды, сыныптастарымен оңай тіл табысады.

Бейімделуі орта деңгейдегі бала да мектепке баруға қарсы емес, сабақтарға да кет әрі емес, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым - қатынаста, сабақта берілген материалды меңгеруге қабілетті, бірақ мектепте де, үйде де ересектердің бақылауында, солардың бұйрығымен ғана жұмыс істеуді қалайды. Өз бетімен жұмыс мұндай балаларда «жүрмейді». Мектепте бұл балаға білім емес, оқушы дәрежесі маңыздырақ, сондықтан оны жаңаны меңгеру емес, «бәрін ереже бойынша істеу» қызықтырады. Қызықты болған нәрселерді – жақсы орындайды – егер бір нәрсе шықпай қалса не «көңілсіз» болса – оқу процесі тоқырауға ұшырайды және тек ересектердің көмегімен ғана алға жылжиды. Бір сөзбен, мұндай балаларға үздіксіз бақылау қажет, білім алуға құлшыныс білдірмейді, тікелей мүддесіне қажет емес істерді өз бетімен істеуі нашар дамыған. Мұндай бірінші сынып баласына үйде қарап, сабақ қарауы бірнеше сағатқа созылып кетпеуін қадағаласа, ал мектепте мұғалімнен «балаға аса көңіл бөлуді» өтінсе (жұмыс істеуге ынталандыру үшін) – бәрі де жақсы болады.

Бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды қажет етеді. Мұндай балалар мектепке теріс көзқараста немесе немқұрайлы болады, сабақта бұйығы, «жоқ» секілді. Немесе, керісінше, жиі тәртіп бұзады, оқу материалын толық меңгермейді, жұмысты өз бетімен қиындықпен және көңілсіз орындайды, үй тапсырмаларын анда - санда орындайды ( соның өзінде жақындарының бақылауы және қысымы арқылы). Жаңа материалды меңгеру үшін оған мұғалімі мен ата - аналарының көмегі қажет: бірнеше рет толық түсіндіру және қайталау, басқаларға қарағанда көп уақыт бөлу сияқты. Қоғамдық жұмыстарды бұл балалар ынтасыз орындайды, көбінесе сыныпта жолдастары - достары болмайды, керек десе балардың есімдерін де жыл аяғына дейін білмеуі мүмкін.

Төртінші деңгей «қатерлі» деп аталады, бұл расында да бала үшін де, ата - ана үшін де, мұғалімдер үшін қатерлі. Ең ауыр жағдайда баланың жұмысынан не талап етілгенін мүлдем түсінбейтінін көруге болады. Ондай балалар жеке жұмыста үлкендермен қарым - қатынасқа түсіп, оның нұсқаулықтарын түсіне алады, осыны ескеріп, бастапқы кезде мұғаліммен жеке жұмыстар жасалады.

Егер сіздің балаңыздың бейімделу деңгейі төмен болса, – оған көмектесіңіз.

Егер сіз баланың бойынан бейімделудің төмен деңгейі белгілерін байқасаңыз, балаға да, сізге көмек керек екенін білгеніңіз дұрыс! Көмек сұраудан ұялмаңыз! Мұғалімдер мен психологтардың сізге көмектесе алатынына сенімді болыңыздар!

5. Ыстық алақан (ата-аналармен жұмыс).

6. Ата-аналарға арналған сауалнама

7. Мектепке барғым келеді (Сұрақ – жауап)

- Динараның ата-анасына: Динараға мектепте оқыған ұнайды деп ойлайсыз ба?

- Нурбергеннің ата-анасына: Үйде балаңызды қалай еркелетесіз?

- Ерназардың ата-анасына: Ұлыңыз қандай түсті ұнатады?

- Жанеляның ата-анасына: Қызыңыз мектепке кіммен келеді?

- Айнамкөздің ата-анасына: Қызыңызға үйде сабақты кім оқытады?

- Динараның ата-анасына: Қызыңызға қандай пәндер көбірек ұнайды?

- Диманың ата-анасына: Какой предмет ему нравится учить в школе?,

Какое у него любимое блюдо?

- Алланың ата-анасына: Алле нравится учиться в школе?, Какие цвета она любит?

- Аделинаның ата-анасына: С кем Аделина приходит в школу?

- Германның ата-анасына: Кто помогает Герману дома учить уроки?

8. Жаттығу: «Тілек шамы»



9. Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет