ЖОСПАР
КІРІСПЕ.................................................................................................................. 3
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ....................................................................................... 5
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ..................................................................................................10
1.1 Жылқы шаруашылығы. Олардың жұмыс көрсеткіштері ........................... 10
1.2 Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану.............................................................................................................. 16
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 23
КІРІСПЕ
Мал шаруашылығының ірі саласы - жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, дәнді дақылдар егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды.Жылқыны қолда ұстап баңқанда оларға азық ретінде берілетін жемазық дақылдар қаншама. Жоғарыда айтылған жылқы малын өсіруге қолайлы жағдайлармен бірге жылқыдан алынатын шикізат өнімдері (ет, сүт, қазы-қарта, қыл, қымыз, т.б.) халықтың азың-түлік өнер-кәсіптік шикізат жөніндегі өскелең қажеттіліктерін толық қанағаттандырушы, әрі жылқы көлік малы. Қазақ елінде кең тараған ат ойындары, ат спорты (жастарды шеберлікке, батылдыңқа, жылдамдықңа, ыңшам-дылыңқа баулитынын ескерсек), жылқы малының халың шаруашылығындағы маңызы арта түседі.
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен жайлауға, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
Мал шаруашылығынан мол да сапалы өнім алуда күшті ықпал ететін ең негізгі жұмыстардың бірі-мал дәрігерлік қызмет процестерін механикаландыру болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, бұған қажетті құрал- саймандар машина жасайтын өнеркәсіп орындары өте аз шығарылады, кейбір механизмдерді мүлде шығармайды.Оның себебі – сондай механизмдерді ғылми түрде зерттеп,техникалық деректерін мал дәрігерлік талаптарға сай келтіретін ғылми – зерттеу мекемелері еліміз бойынша өте аз, ал механизмдердің техникалық құжаттарын жасайтын арнаулы конструкторлық бюро мүлде жоқ. Осының салдарынан (мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда) мал дәрігерлік жұмыстарды механикаландыру артта қалып отыр.Мал дәрігерлік жұмыстарды дұрыс жолға қоюда бұл процестерді кешенді механикаландырып, одан әрі автоматтандырудың өте зор маңызы бар. Мал шаруашылығын мамандандыру және малды кешендер мен өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда шоғырландыру өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандатумен бірге, оның сапасын да жақсартатын шаралар болып табылады.
Сондықтан, өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда мал дәрігерлік – санитарлық шаралар мамандармен қатар инженер - техниктердің көңіл аударарлық негізгі жұмыстарының біріне айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |