Дайындаған тәлімгерлер



Pdf көрінісі
Дата14.06.2023
өлшемі187,71 Kb.
#101235
Байланысты:
23.05.2022 (2)



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
№48 мектеп-лицей 
Тақырыбы: «Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз» атты ашық 
тәрбие сағатының әдістемесі 
 
 
 
 
Дайындаған тәлімгерлер: Отемис Перизат, Мұхамбет Аяулым, Лесбекова 
Аяжан,Өмірзақ Дина 
Қатысқан сынып: 5 «Ж» 
Күні:23.05.2022ж. 
Өтілетін орны:105 кабинет 
Тақырыбы:
«
Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз» 
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстыру, 
олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру; 
Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру. Тарихи деректердің 
маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай 
білуге дағдыландыру; 
Тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Туған жерлеріндегі мәдени 
орындарды таныту.Мәдени ескерткіштердің тәрбиелік мәнін ашу; 
Көрнекілігі:Тақырыпқа сай фотосуреттер. 
Ұйымдастырушылық кезең: 
 
(Перизат) -Сәлеметсіздерме, оқушылар!Бүгін біз сіздермен «
Тарихи 
мұраны сақтау-біздің борышымыз» атты тәрбие сағатын өтетін боламыз.
Сабақты бастамас бұрын ,алдарыңда берілген параққа ,өз көңіл-күйлеріңді 
білдіру мақсатында смайлик салыңыздар,салып болғансоң түсіндіріп 


беріңдер.Парақтағы суретті сабақ соңына дейін сақтап қойыңдар,тәрбие 
сағатымыз біткен соң,сабақтан алған әсерімізді салатын боламыз.(3 минут)
 
(Аяжан) -Ескерткіш дегеніміз- ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді 
немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік 
туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда 
ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. 
Ескерткіштің кең тараған түрі де осы — көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу 
мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, 
тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) 
орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда 
болған.(2 минут)
 
(Дина)Кесене дегеніміз –1) қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді 
мәдени-тарихи ескерткіш; 2) түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, 
төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған.(2 минут)
 
 (Перизат)Қазақстанда қанша ескерткіш бар?Қалай ойлайсыңдар? 
Қазақстан аумағында ежелден-ақ дамыған өркениет болғанын дәлелдейтін, 
тізімге алынған 25 000 ескерткіш бар. Осы ескерткіштердің ең көрнектілерін 
атар болсақ,мысалы: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV 
ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи 
дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене 
мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету 
орнына айналды.(3 минут) 
(Аяжан) — Ал енді балалар,сіздермен кішігірім тапсырмалар 
орындайық.Алдарыңызға берілген парақтарға топ-топпен бөлінген 
тақырыптар бойынша кластер қорғайсыңдар.1-топ(Тарихи мұраларға не 
жатады) ,2-топ(суреттерін салады),3-топ(тарихи мұраның бірін алып ,сол 
жөнінде мәлімет береді); (20минутта орындап,айтып беру;) 
(Перизат) - сабақ бойынша рефлексия алу үшін,сұрақтарға жауап берейік. 
1)Ескерткіш деген не? 
2)Кесене деген не? 
3)Қазақстанда шамамен неше мың ескерткіш бар?(10 минут) 
(Дина)-Балалар сабақтан алған әсерімізді смайлик түрінде бейнелеп 
көрсетейік!(3минут) 
(Перизат) Барлығымызға бүгінгі сабақ түсінікті болды деген 
үміттеміз,баршаңызға рақмет!(2минут) 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет