«Физиктерге арналған бағдарламауға кіріспе» пәнінен БӨЖ тапсырмасы бойынша әдістеме нұсқаулық Жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларында эвристикалық тәсілдерді қиындығы жоғары физикалық есептерді шығаруға қолдану дағдысын қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулықта қарастырылады: І.Қысқаша теориялық түсінік. ІІ. Есепті дәстүрлі жолмен шығару әдістемесі ІІІ. Есептеулер барысында эвристикалық тәсілдерді қолдану (MS Excel, Pascal, MatLAB) ІV.Есептеулер нәтижесін талдау және салыстыру. V. Қорытынды Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары І.Қысқаша теориялық түсінік. «Кинематика» тарауы бойынша есептерді шығару әдістемесі. 1. Нүктенің қозғалысын зерттеген кезде(қатты дененің ілгермелі қозғалысы):
а) қозғалыс зерттелетін санақ жүйесін таңдау қажет;
б) онымен координат жүйесін байланыстыру қажет;
в) нүктенің қозғалыс заңын векторлық түрде жазу қажет;
г) таңдалған оське қозғалыс теңдеуінің проекциясын скаляр түрде жазуға көшу қажет;
д) қарастырылып жатқан қозғалыстың қосымша шартын және бастапқы мәндерін жазып алу қажет;
е) алынған теңдеулер жүйесін шешу және жауапты талдау қажет;
ж) қозғалысқа бірнеше дене қатысса, онда барлығы үшін ортақ орын ауыстыру мен уақыттың санақ басын таңдаған ыңғайлы.
2. Дененің қозғалыссыз осьті айналуын зерттеген кезде; Қозғалыстың шартты сипаттамаларына (бұрыштық орын ауыстыруға, бұрыштықжылдамдыққа, бұрыштық үдеуге) ауысу қажет, себебі олар дененің барлық нүктелері үшін бірдей болады, ал сызықтық сипаттамалар әр түрлі болады.
3. Қатты дененің жазық қозғалысын зерттеген кезде: а) қозғалыс мәндерін дененің осьті айналуы мен дененің осы осьтің таңдалған санақ жүйесіне байланысты қозғалыс жылдамдығымен іргелмелі қозғалысының қосындысы ретінде көрсетуге болады.Бұл кезде денелердің массаларының центрі арқылы өтетін осьті таңдаған дұрыс. Онда
Мұндағы r' – айналу осінен берілген нүктеге дейін өткізілген радиус- вектор;
б) берілген қозғалысты лездік осьті, яғни, бұл кезде жылдамдықтары нөлге тең болатын дене нүктелері арқылы өтетін осьті айналу ретінде қарастыруға болады. Онда
мұндағы ω – айналудың бұрыштық жылдамдығы, осьтің таңдалуынан тәуелсіз шама; r – лездік осьтен жылдамдығы анықталатын нүктеге жүргізілген радиус-вектор.