Дайындағандар: Бимырзақызы Ұлдана Жандарбаева Айнұр Тобы: 1502-19 Қабылдаған: Садық Б. Х. «Физиктерге арналған бағдарламауға кіріспе»


Б) жағдай MS Excel электрондық кестесінде



бет4/4
Дата15.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#39145
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ 2 апта 1 жай есеп әдістемелік нұсқаулық

Б) жағдай

  1. MS Excel электрондық кестесінде:





  1. MatLAB бағдарламасында:



  1. Pascal сызықтық программалау тілінде:


ІV.Есептеулер нәтижесін талдау және салыстыру.
А) жағдай

MS Excel электрондық кестесінде:



Pascal сызықтық программалау тілінде:

MatLAB бағдарламасында:











Б) жағдай

MS Excel электрондық кестесінде:



Pascal сызықтық программалау тілінде:

MatLAB бағдарламасында:









ОҚУШЫЛАРҒА ТАПСЫРМА:
Есеп №1.
Жолдың төрттен бір бөлігін автомобиль V1=45 м/с жылдамдықпен жүрді. Ал қалған жолды V2=60 м/с жылдамдықпен жүрді. Жол бойындағы автомобильдің орташа жылдамдығы?
Есеп №2.
Қайық өзен жағасына перпендикуляр бағытта қозғалып барады.Өзен ағысының жылдамдығы 4м/с. Сумен салыстырғанда қайықтың жылдамдығы 5 м/с. Ені 180м өзенді қайық қанша уақытта жүзіп өтеді? Жүзгіштің жағаға қатысты орны ауыстыруын есептеңіз.


Есеп №3.
Автомобиль жолдың алғашқы үштен бір бөлігін ϑ жылдамдықпен өтіп, қалған бөлігін екі есе артық жылдамдықпен өтсе, барлық жолдағы орташа жылдамдығы?


VI. Қорытынды
Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары
Шығару жолы қиын және күрделі болса, ондай есептердің алгоритмін түзіп, программасын құрып ЭЕМ арқылы шешу тиімді. Ол үшін алдымен, есеп бірнеше бөліктерге бөлініп, олардың қандай тізбекпен шешілетіндігі анықталады. Одан кейін формула түрінде жазылатын оның математикалық моделі жасалады. Есепті шығару кезінде оның математикалық моделі зерттеліп, программаланады (яғни схемалар машина тіліне аударылады, операцияларды орындау тізбегі қадағаланып, тексеріледі). Программалау процесінде блок-схема құрылады және программа ЭЕМ тілінде жазылатын болады. Сонан соң алгоритмдеу процесі (есепті шығару тәсілдерінің тізбегі) арқылы математикалық модельдің көмегімен есептің жауабы табылатын тәсілдер тағайындалады. Алгоритмдеуден кейін программа жасалады, яғни алгоритмі белгілі ереже бойынша есептің шығарылу жолы машина тіліне аударылады. Программа жасау процесі арнаулы жазылған команда (нұсқау, бұйрық) арқылы орындалады. ЭЕМ тапсырма алғаннан кейін есепті автоматты түрде өзі шешеді.
Оқушылардың өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыруда физика есептерін шығарудағы өзіңдік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Физика есептерін өзінше шығара алмау, оқушылардың пән бойынша жақсы нәтижелер көрсетпеуінің негізгі себептсрінің бірі болып табылады. Арнайы өткізілген зерттеулер көрсеткендей есеп шығара алмайтьш оқушьшардың пайызы сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өседі екен.Өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру мұғалімнің үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, онан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек сонан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.Есеп шығару барысында өзіндік жүмыс элементтерін қиындығының өсуі бойынша біртіндеп қосады. Арнайы жүргізілген зертгеулер негізінде бұл жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады:
1. Алдымен оқушыларды есеп мазмұнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет. Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан кейін бірігіп талқылау арқылы оны жазудың тиімді тәсілдерін табады.
Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейі — шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастару және оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар орындай отырып тексеру.
2. Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі элементі -оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады, бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 сыныпта алғаш физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды ұсынған жөн.
3. Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлеңдіру тәсілдерін игергеннен кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек.
4. Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін қалыптастырады. Сондықтан есеп шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін, оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады. Сонымен қатар бір есепті әр түрлі жолмен шығару, есептің дұрыстығын тексеру тәсілінің бірі болатындығын ескеру қажет. Бұл әдісті оқушылардың пайдалана білуі өте маңызды.Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс-тәсілдерін толық игергеннен кейін, оларға есептерді өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады.
Физикалық есептерді шығару барысында және лабораториялық эксперименттер жасап оның нәтижелерін өңдеу кезінде Паскаль және Бейсик тіліндегі компьютерлік бағдарламаларды, MS Excel электрондық кестесін қолдану арқылы есепті шынайы шарттармен, яғни, техникадан алынған параметрлермен шешуге мүмкіндік туады; әрбір оқушы үшін даралық қасиетіне қарай есепті тез шешу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі; күрделі есептер шығаруды талап ететін есептер мен есеп шартын ауыстыру кезінде тез есептеуді шешу мүмкіндігі пайда болады;физикалық ұғымдар қалыптастырылады; құбылыстар арасындағы өзара байланыстар тағайындалады; физикалық заңдар тексеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет