Дайындағандар: Бимырзақызы Ұлдана Жандарбаева Айнұр Тобы: 1502-19 Қабылдаған: Садық Б. Х. «Физиктерге арналған бағдарламауға кіріспе»


Нүктенің күрделі қозғалысын зерттеген кезде



бет2/4
Дата15.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#39145
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ 2 апта 1 жай есеп әдістемелік нұсқаулық

4. Нүктенің күрделі қозғалысын зерттеген кезде
Қозғалыстың әр түрін бөлек қарастыру қажет:
а) егер қозғалмалы жүйе іргелмелі қозғалса, онда

Салыстырмалы жылдамдықты және салыстырмалы үдеуді анықтау үшін ауыспалы қозғалысты ескеру қажет емес, себебі ол салыстырмалы қозғалысқа әсер етпейді. Бұдан кейін кинематиканың қалыпты формулаларын қолданады.
Ауыспалы жылдамдықты және ауыспалы үдеуді анықтау үшін салыстырмалы қозғалысты ескеру қажет емес. Егер жүйе іргелмелі қозғалса, онда ауыспалы жылдамдық пен ауыспалы үдеу бұл жүйеде қозғалып келе жатқан нүктенің орнына тәуелсіз және қозғалыссыз координат жүйесіне байланысты қозғалмалы координат жүйесінің жылдамдығы мен үдеуіне тең болады.
Бірқалыпты қозғалыс табиғатта сирек кездеседі, бірқалыпты емес қозғалыс көбірек кездеседі. Мысалы қаладағы көліктердің қозғалысы бірқалыпты емес, біресе тез жүреді біресе баяу жүреді. Бұндай жағдайда орташа жылдамдық ұғымы енгізіледі.
Дене t уақытта S арақашықтығын өтсе, онда дененің орташа жылдамдығы деп vорт шамасы аталады:
vорт = S/t


ІІ. Есепті дәстүрлі жолмен шығару әдістемесі
Есепті дәстүрлі жолмен шығару кезеңдері:
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғьмдардың мағынасын түсіндіру.
2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу.
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық процестер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады.
4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау.
5. Физикалық шамаларды БХ жүйесіндс жазу.
6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу.
7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны жасау).
8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, төжірибе нәтижесіне талдау (анализ) жасау.
9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру.
10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет