5. Глюкозаның аэробты гликолитикалық жолмен тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.
ЗАТТАР АЛМАСУЫНА КІРІСПЕ
Заттар алмасуы (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты, қарама-қарсы 2 процестен тұрады:
катаболизм (диссимиляция);
анаболизм (ассимиляция).
Катаболизм – күрделі органикалық заттардың жай заттарға дейін ыдырап, энергия бөлуі (экзергоникалық үдеріс).
Анаболизм – күрделі қосылыстардың жай заттардан синтезделуі (эндергоникалық үдеріс).
Метаболизмді шартты түрде 4 сатыға бөлуге болады:
І. Тағамның түсуі және қорытылуы. Қорытылу–күрделі заттардың (белоктар, крахмал және т.б.) ас қорыту жолдарында механикалық, ферменттік тәсілдермен мономерлерге (амин қышқылдары, глюкоза және т.б.) дейін ыдырауы.
ІІ. Сіңірілу – қорытылу өнімдерінің ішек қуысынан организмнің ішкі ортасына түсуі. Бұл әр түрлі механизмдер арқылы іске асады.
ІІІ. Аралық алмасу – сіңірілген заттардың жасушаларда өзгеріске ұшырауы.