Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Хазіреті Мәймунаның отауында



Pdf көрінісі
бет263/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Хазіреті Мәймунаның отауында 
Аллаһ Расулы Хазіреті Мәймунаның отауында. Жанын меңдеген 
науқасына қарамастан зайыптарының ақысына ден қойып, кезегін бұзбаған. 
Кенеттен қатты дене қызуы көтеріліп әйелдерінің бәрін шақыртты. Әп-сәтте 
жиналып үлгерген олардың жүзіндегі "әлдеқалай болар екен?" деген 
уайымды байқамау мүмкін емес еді. 
"Ертең қайсыңыздың отауыңызға барайын?" - деп әйелдерінің жүзіне 
барлай көз жүгірткен Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.), осы сауалды үш рет 
қайталаған соң - бәрі Айша анамыздың отауында болуына келісім берді. 


401
Хазіреті Әли мен Хазіреті Аббас екі жағынан сүйемелдеген күйі 
Пайғамбарымыз Хазіреті Айшаның отауына келеді. 
Хазіреті Айшаның отауында 
Хазіреті Айша Пайғамбарымыз науқастанып жатқан тұстағы бір 
оқиғаны былайша еске алады: 
«Расулаллаһ отауыма келгені сол еді, басым сырқырап ауырды да 
"ойбай басым" дегенімді өзім де байқамай қалдым. Расулаллаһ: "Қиналма, 
менен бұрын дүниеден өтер болсаң, өз қолыммен кебіндеп, жаназаңды 
шығарармын", - дейді. 
Мен наздана: "Менің өлгенімді тілеп тұрсың ба?" - дедім. Сөзінің 
астарын ұқпағанымды кейін білдім. 
Расулаллаһ байсалды қалпында: 
"Уа, Айша! Сенің бас ауруың өткінші. Ал менің бас ауруымнан енді 
құтылу жоқ", - деді". 
Пайғамбарымыз Сыддық досымен бірге 
Аллаһ Расулы қатты қиналып, орнынан тұруы мұң болған. Достыққа 
адал жансеріктері оны бір сәтке де жалғыз қалдырған жоқ. Әсіресе, сыддық 
атанған адал жолдасы Әбу Бәкір айналшықтап шықпай: 
"Уа, Расулаллаһ! Егер рұқсат етсең саған қызмет етуге әзірмін", - деп 
қиылған-ды. 
Расулаллаһ (с.а.у.) бір ауыз сөзімен оның көңілін аулады: 
"Уа, Әбу Бәкір! Сен шын ниетіңмен-ақ қызметіңе бергісіз сауапқа 
кенелдің. Саған рұқсат етер болсам қызым мен әйелдерімнің көңіліне келер". 
Пайғамбарымыз дене қызуы көтерілген сайын дөңбекшіп қатты 
қиналады. Айналасындағы жақын-жуықтары оның қиналысына қарап тұруға 
дәті жетпей теріс айналды. Сондағы Пайғамбарымыздың айтқаны: 
"Сырқат бойымды меңдеп барады. Аллаһ тағала салих құлшылыққа 
берілген құлдарына бәле-жала мен науқастың ең ауырын береді. Сол 
қиыншылыққа төзген құлдарының дәрежесін көтеріп, күнәларын жояды". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет