Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет264/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Жолдастарының айтқандары 
РасулАлланың халі күннен-күнге нашарлай берді. Анда-санда суық су 
алдырып денесіне бүркіп, аз да болса сергіп қалатын. Осындай сергек 
сәттердің бірінде халықтың алдына шыққысы келгенін айтып Хазіреті Әли 
мен Хазіреті Аббастан жәрдем сұрады. Екеулеп сүйемелдеп мешітке 
кіргізген соң мінберге шығып асхабының алдында сөз бастады: 
"Уа, жамағат! Естуімше, менің ақтық демім бітер уақыт таяды деп 
қобалжып жатқан көрінесіздер. Маған дейінгі пайғамбарлардың қайсысы 
үмметімен мәңгі бірге қалған?.. 
Дүние - жалған, жақында мен де Жаратушыммен қауышпақпын. 
Сіздердің де барар жеріңіз - сол болмақ. 
Уа, әнсарлар! Алғашқы муһажирлерге көмектеріңді аямаңдар. 


402
Уа, муһажирлер! Сіздер де әнсарлармен әрқашан тату-тәтті өмір 
сүріңдер. Олар сіздерден жәрдемін аяған жоқ. Еліне қабылдап, төрінен орын 
берді. Өздері қиналса да алдымен барын сіздерге тосты. Оларға тек 
жақсылық жасаңыздар. 
Уа, халайық! Болмыстағы бар нәрсе Аллаһтың еркіне тәуелді. 
Сондықтан тағдырға қарсы шығам деп әуре болмаңыздар. Бәрібір жеңіліс 
табасыздар. Ұлы Аллаһты алдаймын деу де бос әурешілік, соңында зиянға 
ұшырайсыз. Мен сіздерге шапағатшымын. Күндердің күнінде менімен 
қауышасыздар. Кездесер орнымыз - Кәусар қауызының жағасы. Кімде-кім 
Кәусар бұлақтың жағасында маған қауышқысы келсе, қолы мен тілін 
қажетсіз нәрселерден қорғасын. 
Уа, жамағат! Күнә жасау арқылы адам өз бәлесін өзі табады
нығмет пен ырзығынан айырылады. Халықтың басым көпшілігі дұрыс, 
әділетті болса, билік басындағылар да әділ, ынсапты болар. Халық күнәға 
бой алдырып, болар-болмасқа шаптығар болса билеушілерді де залым әрі 
әділетсіз болуға итермелейді. 
Сөзін тәмамдаған соң Аллаһ Расулы Хазіреті Айшаның отауына 
оралып, төсегіне жантая кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет