Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет265/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Халықпен араздасуы 
Ертесіне Расулаллаһ тағы да халықтың алдына шыққысы келетінін 
білдірді. Хазіреті Әли мен Хазіреті Аббас қолтығынан демеп мешітке келеді. 
Хазіреті Біләл мәдиналықтарды мешітке шақырады. Мешіт аузы-мұрнынан 
шығып, лық толады, тіпті аулада да ине шаншар орын қалмайды. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) сөз бастады: 
"Уа, халқым! Араларыңнан кетер күнім алыс емес. Өмірімде біреуіңізді 
ұрған болсам келіп арқама дүре соқсын. Біреудің малын-дүниесін алған 
болсам, сұрасын қайтарамын. Расулаллаһты ренжітіп алармын деп ойлап 
ақыңызды талап етуден бас тартпаңыз. Ақы сұрағанға өкпелеу менің 
табиғатымда Мен үшін ең құрметті адам алашағын сұраған адам 
немесе ризашылығымен "бердім, саған сол мал адал болсын" деген кісі. Мен 
Раббымның құзырына кісі ақысын арқалап шыққым келмейді..." 
Осылайша халқымен ашықтан ашық араздасқан соң Аллаһ расулы 
мешіт маңындағы үйлердің қақпа-есіктерін түгел жабуды, тек Хазіреті Әбу 
Бәкірдің ғана үйінің есігін ашып қоюды өтінді. 
Расулаллаһ азан оқылғанда ауруына жеңдірместен халыққа намаз 
қылдырып жүрген. Өліміне үш күн қалғанда әлі құрып мешітке бара 
алмайды. Хазіреті Әбу Бәкірді имамдыққа тағайындайды. 
Жебірейілдің келуі 
Рәби'уләууал айының оны, сенбі. 
Жебірейіл періште Аллаһтың әмірімен ардақты Аллаһ Елшісінің хал-
жайын білуге келеді. 


403
"Уа, Ахмед! Ұлы Аллаһ мені саған жолдады. Сенен сұрамақ 
болғанының жауабын сенен жақсы біле тұра халіңді білуге жұмсады", - 
дейді. 
Пайғамбарымыз: "Уа, Жебірейіл! Өзімді өте нашар сезінудемін", - деп 
жауап береді. 
Мәңгі сапарға аттанардан бір күн бұрын, яғни рәби'уләууал айының он 
бірі, жексенбіде Пайғамбарымыздың сырқаты үдей түсті. Зайыптары жан-
жағын қаумалай қоршаған. Басында Айша анамыз. 
Хазіреті Усама келіп талықсып жатқан Пайғамбарымыздың қолын, 
басын иіскеп сүйді. Пайғамбарымыз оған тіл қатпады. Тек қолын көтерді де 
Хазіреті Усаманың басынан сипады. Батасын бергендігінің белгісі еді бұл. 
Расулаллаһтан бата алған Хазіреті Усама дереу әскерінің ортасына 
оралды. 
Күн дүйсенбі... Пайғамбарымыздың өміріндегі көптеген маңызды 
оқиғалар дүйсенбі күніне сәйкес келген. Рәби'уләууал айының он екісі... 
Дүниеге көзін ашқан сәті де дүйсенбі еді... 
Аяқ астынан ауруынан айыққандай сезініп, төсегінен өзі тұрып 
Пайғамбарымыз жуынып-шайынып таң ертемен мешітке келеді. Хазіреті Әбу 
Бәкірдің артына сапқа тізілген сахабалары таң намазын оқып жатқан. Сардар 
пайғамбар бұл нұрлы көрініске дән риза болып, өзі де сапқа тұра қалып 
намазын оқыды. Сахабалар Расулаллаһты араларында көргеніне қуанып, 
науқасынан жазылған екен деп ойлайды. 
Хазіреті Әбу Бәкір де Пайғамбарымыздың айыққанын көріп: 
"Уа, Расулаллаһ! Аллаһқа шүкір, аман-есен ортамызға қосылдыңыз. 
Рұқсат етсеңіз Сунхтағы үйіме барып келсем деп едім", - дейді. 
Мұхаммед (с.а.у.) досының өтінішін орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет