Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет160/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   273
УХУД СОҒЫСЫ 
Хижреттің үшінші жылы. Шәууал айының жетісі. Б.ә. 625 жылы. 
Құрайыш мүшріктері Бәдірдегі жеңілістің салдарынан күйзеліп, әлі
де шайқас салған жараны ұмыта алмаған. 
Атқамінер, ақсақал, қарасақалдарының біразынан осы шайқаста көз 
жазып қалған олар саны аз мұсылман әскерінен ойсырай жеңілгендіктерін 


243
мойындағысы келмейтін... Себебі айналадағы өзге тайпалар назарында да 
беделден жұрдай бола жаздаған... 
Сондай-ақ үйреншікті теңіз жағалауымен Шамға апарар сауда 
жолының Аллаһ Расулының бақылауында болатыны жандарына батқан. 
Әскери, әкономикалық қиыншылықтар бой көрсете бастаған. Соңғы 
амалдары, яғни Ирак арқылы Шамға жету ойлары да сәтсіз аяқталды. 
Пайғамбарымыздың қолы керуеннің жолын тосып, дүние-мүлікті түгелдей 
алып қояды. 
Айтып айтпай не керек, онсыз да Бәдірден кейін мұсылмандарға 
кектеніп, тіс қайрап жүрген құрайыш мүшріктері осындай жағдайлардан соң 
мүлде өршеленіп, өш алуға ұмтыла берді. Бәдірден соңғы бірнеше 
шабуылдары тағы да сәтсіз шықты. 
Құрайыш басшысының ұсынысы 
Ертеректе Әбу Суфиан бастап Шамға барып келген сауда керуені 
Мұхаммедтің (с.а.у.) қолынан құтылып, Меккеге әупірімдеп жеткен. 
Артынша Бәдір шайқасы басталып кетіп, керуендегі тауарлар үлестірілмеген 
күйі Дарун-Нәдуада сақталуға қойылады. 
Осы тұста, әсіресе, Бәдірде жақындарынан айрылған Жубәйір ибн 
Мутим, Сафуан ибн Үмаййа, Икрима ибн Әбу Жәһил сияқты құрайыштың 
баскөтерерлері Әбу Суфианға былайша ұсыныс айтады: "Мұхаммед (с.а.у.) 
үлкендерімізді өлтіріп, қабырғамызды қайыстырды. Олардан кек қайтарар 
уақыт келді. Керуендегі мал-мүлікті иелеріне бөлістіріп берейік. Түскен 
пайданы мұсылмандарға қарсы ұрысқа жұмсайық". 
Ұсыныс көпшілік тарапынан қабылданады. Мал-дүние сатылып, 
алтынға айналдырылды, барлығы жүз мың алтын түсті. Үлес алатындарға елу 
мыңын бөлістіріп, қалған бөлігімен ұрыс дайындықтары басталып кетті. 
Бәдірден жүректері шайлыққан мүшріктер бұл жолы қалың қол 
әзірлігіне кірісті. Жергілікті ерікті әскерлер, әрдайым одақтастары болып 
келген Ахабиш тайпасы жігіттерінен өзге 
Арабстан жарты аралындағы өзге тайпаларды да көмекке шақырды. 
Бұл іспен арнайы топ айналысты. Ол топты шешендер, шайырлар, мәшһүр 
басшылар құрады. Үгіт-насихат үшін халық арасына еніп, тілдерінен бал 
тамызып, ұрыстың "маңызын" айтып, көпшілікті пайғамбарымыз бен 
мұсылмандарға қарсы үгіттеп, қолдарынан келгендерін жасап, түрленіп 
бақты. Шайырдың сөзін бүлжымас заң деп қабылдайтын араб қоғамы үшін 
үгітшілер тобының қаншалықты әсерлі болғаны айтпаса да түсінікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет