Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


(Сен Аллаһтың пайғамбарысың деген сөздерінде) өтірікші екендіктерін



Pdf көрінісі
бет152/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

(Сен Аллаһтың пайғамбарысың деген сөздерінде) өтірікші екендіктерін 
де біледі" (Мунафиқун, 1) 
Екіжүзділер бар жанын салып судан ақ, сүттен таза болып көрінгенмен, 
құдіретті Жаратушы олардың шын бейнесін сүйікті пайғамбарына білдіріп 
отырған... Соншалықты жалған, жала, жымысқылықтарын біле тұра Хазіреті 
Мұхаммед сабырмен, түсіністікпен, кешіріммен қатынас жасаған. 
Бір күні Хазіреті Расулаллаһ (с.а.у.) төсек тартып қалған Саад ибн 
Убаданың халін сұрауға бара жатады. Мунафиқ Абдуллаһ ибн Үбәйдің 
үйінің жанынан өтіп бара жатып көлеңкеде үй иесінің бірнеше мұсылман, 
мүшрік арабтармен, яһудилермен сұхбаттасып отырғанын көреді. Арнайы 
бұрылып сәлемдеседі де, рұқсат сұрап әңгіме-дүкен құрып отырғандардың 
қасына тізе бүгіп отыра кетеді. Реті келгенде Құраннан бірнеше аят оқып
жалған дүниедегі жақсылық - жәннатпен алмастырылатынын, жамандық - 
түбінде тозаққа тартатынын баяндап береді. 
Сөзін бітірер бітірмес Абдуллаһ ибн Үбәй жұлып алғандай: 
"Уа, "көпті аузына қаратушы!" Егер айтқандарың рас болса, мұнан 
жақсы нәрсе жоқ болар. Бірақ сен үйіңде отырып, сұрай келгендерге 
түсіндіргенің жөн дер едім. Ал саған келмегендердің, айтқандарыңды 
ұнатпайтындардың жиынының шырқын бұзбасаң", - деді. 
Бұл сөзден Аллаһ Расулы қабырғасын қайыстырғандай әсер алды. 
Орнынан тұрған бойы діттеген жеріне барды. Хазіреті Саад ибн Убадаға 
естігендерін баяндап бергенде сахаба пайғамбар сөзін соңына дейін тыңдап 
шықты да: 
"Уа, Расулаллаһ! Үбәйдің ұлы Абдуллаһ сен келмес бұрын осы аймаққа 
басшы тағайындалып, салтанатты түрде тәж киюге дайындалып жатқан. Ұлы 
Аллаһтың нәсіп етуімен сен хижрет еттің де олардың дүниауи салтанаты 
аяқталды. Абдуллаһ ибн Үбәй басына қонар бақ құсының, аяқ астынан ұшып 
кеткеніне өкінеді, опынады, мұсылмандарға өшігеді. Сен оған кешірім жаса", 
- дейді. 
Әрдайым 
сабырлы, 
салиқалы 
қалпынан 
танбаған 
сүйікті 
Пайғамбарымыз бұл жолы да мунафиққа кешіріммен қарайды. 


233
Мунафиқтардың тағы бір айырмашылығы - муминдермен ұшырасқанда 
жағымпаздыққа салынып "иман келтіріп", шайтан мен нәпсілеріне берілген 
сәтте "Біз сендермен біргеміз. Оларды тек мазақ етеміз" - деуі. Табанының 
бүрі жоқ екіжүзділер арсыздықтарымен мақтанып, кеудемсоқтанғанды 
сүйетін. 
Олардың осы қасиетсіздігін Абдуллаһ ибн Үбәйдің төмендегі әрекеті 
айғақтайды. 
Бір күні ол өзі сияқты жылпос жағымпаздарымен бірге келе жатады. 
Қарсы алдарынан Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) құрметті асхабының келе 
жатқанын көреді де қасындағыларына: 
"Қазір аналармен қалай сөйлескеніме дұрыстап қарап алыңдар", - дейді. 
Бетпе-бет келген сәтте Әбу Бәкірмен қос қолдап амандасып құрақ 
ұшып: 
"Сәлем саған Тамим руының құрметті мырзасы, Расулаллаһтың үңгірде 
серігі болған, бар жиған-тергенін Аллаһ Расулы жолында сарп еткен 
Сыддық!" - деп жалпылдайды. 
Онан соң Хазіреті Омармен амандасып жатып: 
"Уа, Адий руының аса мәртебелісі! Дініне мықтап берілген, нәпсісі мен 
малын Расулаллаһ үшін аямаған Фаруқ!" - дейді. 
Өз кезегінде Хазіреті Әлидің қолына жармасып: 
"Саған да сәлем, Расулаллаһтың немерелес бауыры, күйеу баласы, 
пайғамбардан кейінгі хашим руының құрметтісі!" - дей бергенде, Хазіреті 
Әли оның екіжүзділігіне шыдай алмай: 
"Абдуллаһ! Аллаһтан қорықсаң етті. Мунафиқтар Аллаһтың назарында 
ең жиіркенішті мақлұқтар", - деп ызалы үн қатады. Абдуллаһ ибн Үбәй да еш 
іркілместен: 
"Сенің мен жайлы айтпағың осы ма? Уаллаһи, біздің иманымыз да 
сендердікі сияқты, біздің сеніміміздің де еш айырмасы жоқ", - деп құстаналай 
жөнеледі. 
Былайырақ шыққан соң жолдастарына: 
"Көрдіңдер ғой, бұларды көргенде сендер де мен сияқты жасаңдар, 
одан ештеңелерің де кетпейді", - дейді. 
Мунафиқтар сырт көзге мүләйімсіп, мұсылман көрініп, ғибадат 
жасағанситын. Муминдердің сеніміне кіріп алған соң алшаң басып жүретін. 
Іштен шыққан жау жаман деген осындайда айтылса керек, өйткені іштегі
жау батылдықты азайтып, қуатты әлсіретеді. Сыртқы дұшпан болса 
керісінше өз-өзіңе беріктікке, өзара көмекке мәжбүр етеді. Құран Кәрім 
мунафиқтар жайына көп тоқтағаны да содан болар. Мумин мұсылмандарды 
екіжүзділерден сақтандырып, көп ретте ескерту жасаған. 
Аллаһ Тағаланың үйретуімен Аллаһ Елшісі(с.а.у.) мунафиқтарды 
танитын және кейбір сахабаларына білдіретін. Жалпы жұртқа сыр жаю Оның 
(с.а.у.) әдетінде болмаған. Кемшіліктерін ашықтан-ашық беттеріне баспаған. 
Өйткені тереңнен ойлайтын пайғамбардың көздегені - Исламның пайдасы 
және одан да маңыздысы, мунафиқтар уақыт өте келе жаман қылықтан 
бойларын аулақ салар, көңіл көзі ашылып, иманға келер деген үміт. Кейде 


234
жамандықтар жасырын қалса, оны жасаған кісі саналы түрде өткеніне өкінуі 
мүмкін. Ал, қателігін бетіне басқан сайын ерегісіп есерсоқтана берері даусыз. 
Пайғамбарымыз мунафиқтардың атын атамауды, тек Құранда 
білдірілген сипаттарын ескертіп жүруді мақұл көрген. 
Екіжүзділіктерін көзіне шұқып көрсетпеуінің себептері төмендегідей: 
1) Ислами ортада, Ислам үкімдеріне сәйкес өсіп-өнетін бала 
шағаларынан нағыз мұсылмандар шығуы мүмкін деген үміт. 
2) Олар іштей сенбегенімен, жасанды түрде мұсылмандар сияқты 
көрініп, өмір сүре жүріп рухани қиналысқа түссе, сол азаптан құтылу үшін 
түптің түбінде шынайы муминдер қатарына қосылар деген үміт. 
Пайғамбарымыздың тұсында өмір сүрген мунафиқтардың басты 
ерекшеліктерінің бірі - сын сағатта мұсылмандарды тастай қашатын 
опасыздықтары. 
Ухуд соғысында Абдуллаһ ибн Үбәйге еріп майданнан тұра қашқан 
екіжүзділердің саны үш жүзге жуық. Олар мұсылман әскері санын азайтып 
қана қоймай, мужаһидтердің көңіл-күйлеріне қаяу салады. Табан астынан 
аңырып қалған кейбір мұсылмандардың үнжырғасы түскен сәтте дем берген 
тағы да Аллаһ Расулы еді. Аллаһ күш беріп, мунафиқтардың сайқал 
пиғылына көзі жеткендер ұрысқа қайта кіріскен. 
Аллаһ Елшісі өзі айтқандай, залым мунафиққа өмір бойы "тәйт" 
демеген. Абдуллаһ ибн Үбәй өлгенде де жақсылығын аямаған, тіпті үстіндегі 
жейдесін кебін қылуға берген. Сахабаларының наразылығына қарамастан 
жаназасын да өзі шығарған. Расулаллаһтың Абдуллаһ ибн Үбәйдан бастап 
бүкіл мунафиқтарға жасаған жақсылығы, кішіпейілділігі мен кешірімділігі 
аяқсыз қалмаған. Пайғамбарымыздың Абдуллаһ ибн Үбәйдің жаназа 
намазын оқығанын көрген мыңға жуық мунафиқ имандарын тазалап, 
шынайы муминдер қатарына қосылған. 
Аллаһ Расулы мунафиқтарға жылы қабақ таныта жүріп, үрейлендіретін. 
Мунафиқтардың ойластырған тұзақтарын Аллаһтан келген уаһи арқылы 
алдын ала біліп қоятын да, олардың ойлағандарын өздеріне айна-қатесіз 
айтып беретін. Сонысымен әрдайым бақылауда екенін сездіретін. 
Мунафиқтар дағдарып, бір сәтке болса да іркіліп қалатын. Аллаһтан сүйікті 
елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) тағы бір хабар келді ме деген үреймен тырс еткен 
дыбыстан үркіп, түгел жым жүретін мунафиқтардың халі "Мунафиқун" 
сүресінде былайша сипатталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет