Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Ол барлық иләһтардың орнына біреуін ғана қалдырмақ па?



Pdf көрінісі
бет100/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Ол барлық иләһтардың орнына біреуін ғана қалдырмақ па? 
Мұнысы таң қаларлық нәрсе. Әрине Олардың бастықтары: "Барыңдар, 
өз тәңірлеріңе табынуды жалғастырыңдар, ең дұрысы да осы". 
Расулаллаһтың көкесін Исламға шақыруы
Әбу Тәліп мүшріктермен арадағы әңгімеден соң: 
"Уа, бауырым! Сенің оларға айтқандарыңнан ақиқат иісі аңқиды", - 
деді. 
Қуанып кеткен Аллаһ Расулы көкесі Әбу Тәліп мұсылмандықты 
қабылдайды деген үмітпен: 
"Келіңіз, көке! Сіз де "лә илаһа иллаллаһ" деңіз, ақыретте 
шапағатшыңыз болайын", - деді. 
Бірақ амал не, пайғамбарлар сәруарының жүрекжарды тілегіне көкесі 
күмілжіп жауап берді: 


156
"Бауырым! Мен өлген соң жұрттың мені алжып, не айтқанын білмеді 
деп кінәламайтындықтарына көзім жетсе, өтінішіңді ойланбастан орындаған 
болар едім. Құрайыш ажалдан қорқып иманын айтты деп артымнан сөз 
қылатынын білгендіктен айтпаймын." 
Мұхаммед (с.а.у.) сонда да үмітін үзбей Әбу Тәліпті Исламға 
шақыруын қоймады. Науқастың қасына жиі-жиі келетін Әбу Жәһил мен 
Абдуллаһ ибн Әби Умаййа да Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) тілегін естіген 
сайын тыжырынып: 
"Онсыз да қиналып жатқан адамның мазасын алмасаңшы, бізбен 
арпалысқаның аздай", - деп жақтырмайтын. 
Жанындай сүйетін көкесінің ақыретте жауыз мүшріктермен бірдей 
мүшкіл халде қалуын қаламағандықтан Мұхаммед (с.а.у.) оны тәухидке 
шақыруын доғармады. Бірақ өкініштісі, Әбу Тәліп тілден қалғанша "мен 
аталарымның дінінен шықпаймын" деп жатты. 
Ақыры сексен жеті жасқа қараған шағында қайтпас сапарға аттанды... 
Осы оқиғаға байланысты Аллаһтан елшісіне аян келіп, онда былай 
делінеді: 
"Ақиқатында сен жақсы көрген кісіңді тура жолға сала алмайсың, 
бірақ Аллаһ қалағанын тура жолға түсіреді. Кімнің хақ жолды 
қалайтынын нақты білетін де сол" 
(Қасас сүресі, 56-аят). 
Көкесінің өліміне ардақты Пайғамбарымыздың мүбәрак жүрегі қан 
жылап, қайғы жұтты. Көзінен моншақтап аққан жас сақалын жуды. Соңғы 
сапарға аттандырарда: 
"Аллаһ саған рақым қылсын. Алдың жарық болсын" - деп күбірлеп 
тұрды. 
Әбу Тәліптің жүрегі тоқтаған сәтте Хазіреті Аббас та басы-қасында 
болған. Көзі жұмылып бара жатып Әбу Тәліптің "Лә иләһа иллаллаһ" дегенін 
естігенін айтқанда Хазіреті Мұхаммед: 
"Мен өз құлағыммен естіген жоқпын", - деп жауап береді. 
Көкесінің табытын алып кеткеннен кейін де артынан ұзақ қарап тұрып: 
"Аллаһтың рақымы түссін, күнәларыңды кешірсін", - деп дұға етті. 
Іле-шала төмендегі аяттар уахи болды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет