Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет170/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Хазіреті Хамзаның ерлігі
Талха өлген соң құрайыштың байрағын оның бауыры Осман ибн Әби 
Талха алды. Онымен жекпе-жекке батыр Хамза шықты. Қас пен көздің 
арасында жаудың иығынан қан саулап жерде жатты. Бұл жолы туға жалма-
жан ұмтылған Абдуддар руының жігіті Әбу Саад ибн Әби Талха еді. Әбу 
Саадпен тәжікелесуге қайтадан қаһарман Әли шықты. Соры қалың бейбақ 
Әбу Саад қаржасуға шамасы келмей бір демде сұлап түсті. 
Саад та өлген соң құрайыш байрағын Мұсафи ибн Талха қолға алған. 
Оның ажалы Асым ибн Сабиттің оғынан болды. 
Мүшріктердің туы Харис ибн Әби Талханың қолына өтті. Ол да Асым 
ибн Сабиттің қолынан мерт болды. 
Харистен кейін байраққа ие болған Килаб ибн Талханың ажалы Зүбәйір 
ибн Аууамның соққысынан болды. 
Мүшріктердің қайтар түрі жоқ, ту Жулас ибн Талханың қолында. Оның 
да есін жиюына мұршасын келтірмеген Талха ибн Убайдуллаһ. 
Ағайынды жеті жігіт құрайыш мүшріктерінің туы астында көз жұмды. 


251
Мұнан соң кәпірлер туын қайтадан Абдуддар руынан Әртат ибн 
Шурахбил алды. Алуы мұң екен қаһарман Әлидің соққысынан мұрттай 
ұшты. Байрақ Шурайх ибн Қариздің қолына өтті, асхабтан бірі оны да өмірем 
қаптырды. 
Ту ұстаушыларының байрақты алуы мен өлуі қас-қағымда қайталана 
бергенін көрген құрайыш мүшріктері қорқа бастады. Шошынғандары сол, 
байрақтарына маңайлаудан қашқақтады. Ақыры Алқама қызы Амра жердегі 
туды көтеріп алып құрайыштарға табыстады. 
Абдуддар руынан ту ұстауға лайық ешкім қалмағандықтан туды 
солардың құлы Суап ұстауға мәжбүр болды. Құзман сол сәтті күтіп 
тұрғандай-ақ бірінші оның оң қолын білегінен төмен шауып түсірді. Суап 
туды сол қолына алғанда сол қолының басын қылышпен шорт кесті. Суап 
байрақты екі білегінің арасына қысып ұстамаққа әрекеттенді, бірақ көпке 
шыдай алмай шалқасынан құлады. 
Екі жақтың да шыдамы таусылды. Ұрыс басталып кетті. Шақ-шақ 
қылыш, зуылдаған оқтар, кісінеген ат, бақырған түйе, айнала ыза-қиқуға 
толды. Аллаһ жолында жанын пида етуге дайын Ислам әскерлері жан-тер 
айқасқа кірісті. 
Аллаһ Расулының қолында "Қорқып қашсаң да, тағдырдың жазуынан 
құтыла алмайсың" деген бәйіт жазылған қылышы бар еді. 
"Мына қылышты кім алғысы келеді?" - деп сұрады. 
Ол(с.а.у.). 
Бірнеше сахаба бірден: "Мен, мен алайын, уа, Расулаллаһ",-деп 
ұмтылды. 
Пайғамбарымыз: "Мұның ақысын кім лайықты түрде өтей алады?"-
деді. 
Тағы да ойланбастан ортаға атылғандар болды. Араларында Әбу Бәкір 
Сыддық, Омар Фаруқ, Зүбәйір ибн Аууам бар. Расулаллаһ әлі де бергісі жоқ. 
Сол сәтте қайтпас, қайсар Әбу Дужана ортаға шықты да: 
"Ақысы дегенді қалай түсіндік, уа, Расулаллаһ?"-деп сұрады. 
Расулуллаһ: "Мұның ақысы - әбден жарамсыз боп қалғанша дұшпанға 
оңды-солды сілтеу",-деді. 
Әбу Дужана: "Мен ақысын өтеу үшін алуға дайынмын",-деді де 
Расулаллаһтың қолынан қылышты алды. 
Сол беті Әбу Дужана дұшпан сапына ілгерілей берді. Жылдам 
адымдағаны сондай, бейне бір жай оты дерсің. Қылышын оңды-солды сілтеп 
алдына келгенді бір-екі соққымен мұрттай ұшырып, адымдай берген... Бір 
кезде таудың етегінде дабылдатып айқайға басқан мүшрік әйелдерінің 
қасына барғанын аңдамай да қалды... Қарсысындағы сұлбаға қылышын 
сілтей бергенде ащы айқай естілді. Бұл Әбу Суфианның әйелі Хинд еді... Әбу 
Дужана шұғыл кері бұрылып, басқаларға ұмтылды. Сол сәтті байқап қалған 
Зүбәйір ибн Аууам кейінірек не үшін Хиндті өлтірмегенін сұрағанда Әбу 
Дужана былай деп жауап берген: 
"Расулаллаһтың қылышына деген құрметімнен іркілдім. Қасиетті 
қаруды сол әйелдің қанымен былғағым келмеді". 


252
Ислам әскерлерінің қай-қайсысы жауды жағадан алып ерлікпен 
шайқасып жатты. 
Соғыстың алғашқы аяқ алысы осылай, мүшріктер мужаһидтердің 
қайыспай шарпысып, қаржасып шайқасуынан іркіліп тосыла бастады. Келген 
іздерімен, беталды қашқандар да бар. Мүшрік әйелдері болса ерлерді 
жауынгерлікке үндеп ән айтып, қашқандарды қайтарып әлекке түсті. 
Батылдық бастауы - иманнан мүлде мақрұм көңілдерге дабыл да, ұран 
да, жыр да әсер етпесі хақ, құрайыш әскерлері жан сауғалап қашуды 
тоқтатпады. 
Алғашқы майдан мужаһидтердің ерлігімен, барын бағамдай алмаған 
мүшріктердің асып-сасуымен нәтижеленді. 
Ислам әскері қатарынан бірінші шейіт болған Абдуллаһ ибн Амр ибн 
Харам есімді сахаба. 
Ұлы Жабирдің айтуынша, Ухуд шайқасына шығарда марқұм әкесі 
баласына: 
"Кім біледі, Ухуд күні тұңғыш шейіт болармын, бәлкім. Олай-былай 
боп кетсем, қарындастарыңа бас-көз бол, қарыздарымды өте",-деп өсиет 
айтыпты. Аллаһ сездірді ме екен, әлде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет