Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Худайбиядағы келісім туралы



Pdf көрінісі
бет305/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   377
Худайбиядағы келісім туралы 

Мәдинадан шыққанда атамекен - Меккені көріп, мауқымызды басамыз, 

қасиетті Аллаһ үйіне зиярат жасап, ғибадатымызды орындаймыз деген оймен 

алып-ұшқан  көңілдер  Худайбиядағы  іркіліске  қынжылып  қана  қоймаған. 

Бейбіт-келісім  аталған  шарттардың  сыртқы  көрінісіне  алданып  уайымға 

салынған.  Алайда  уақыт  өте  келе  келісімнің  жемісті  нәтижелерін  көргенде 

Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  астарлы  ойын  ұғып,  хақиқатты  онан  сайын 

мойындады. 

Ең маңыздысы, қас дұшпан - құрайыш мүшріктері осы келісім арқылы 

Ислам мемлекетін ресми түрде таныды. 

Осы  келісім  мұнан  кейінгі  үлкен  жеңістердің  кілті  іспетті.  Мұның 

соңын  ала  Хайбар  мұсылмандар  қолына  өтеді,  іле-шала  қасиетті  Меккеге 

иелік ету бақыты бұйырады. 

Осы  келісім  негізінде  мұсылмандардың  діни  уағыздарын  қорықпай-

үрікпей  жүргізуіне  мүмкіндік  туды.  Бір-бірін  көрсе  қылышын  ала  жүгіретін 

мұсылмандар  мен  мүшріктер  ендігі  жерде  емін-еркін  сөйлесуге  құқылы  еді. 

Бұл, әрине, Исламды таратуда таптырмас мүмкіндік!... 

Құранның  нұрлы  әлемі,  мұсылмандардың  тұрмысындағы  Ислами 

құндылықтар мүшріктерді ә дегеннен баурай бастады. Білмегенінің дұшпаны 

саналатын  адам  баласы  бұл  жолы  да  ақиқаттың  ақ  нұрына  қалайша  бас 

игенін  сезбеді.  Мұның  жарқын  мысалы  -  білектілігімен  ерекшеленетін, 

мүшрік  сарбаздарын  бастаған  Халид  ибн  Уәлид  пен  саяси  сахнаның 

саңлағына  айналған  Амр  ибн  Астың  РасулАлланың  құзырына  шығып, 

мұсылмандығын паш етуі. 

Бейбіт  келісімнің  тағы  бір  пайдасы  Меккеден  Мәдинаға,  Мәдинадан 

Меккеге барыс-келіс көбейіп, сауда-саттық байланыстары нығайды. 

Құрайыш  мүшріктеріне  мұсылмандарды  жақыннан  тану  мүмкіндігі 

туды. Олардың шыншыл, адамгершіл екендіктеріне куә болды. Муминдердің 

еркін  тұрмысын,  басқалармен  бейбіт  байланысын  көріп  бас  шайқады. 

Мұсылмандардың  уағызын  тыңдап  кейбіреулеріне  иман  нәсіп  болса,  баз 

біреулері Исламға дұшпандықтан бас тартты. 

Худайбия  келісімінен  Меккені  алғанға  дейінгі  аралықтағы  екі  жыл 

ішінде  мұсылмандықты  мойындағандар  саны  Аллаһ  Елшісіне  пайғамбарлық 

келген  кезден  бейбіт  келісімге  дейінгі  жиырма  жылда  иман  келтіргендерден 

бірнеше  есе  артық.  Умра  жасау  үшін  Меккеге  барған  сахабалардың  ұзын 

саны  мың  төрт  жүз  болса,  екі  жыл  араға  салып  Меккені  алар  шақта  бұл 

көрсеткіш  он  мыңға  жуықтаған.  Бұл  да  Худайбия  келісімінің  маңызын 

аңғартса  керек.  Құранда  Худайбия  келісімі  ашық  жеңіс  деп  сипатталады. 

Бұған  дейін  де  мұсылмандар  бірталай  жеңіске  қол  жеткізген,  алайда 

Құранның  Худайбия  келісімін  нақты  атауы  нағыз  жеңістің  рухани  жеңіс 

екеніне назар аударту үшін... 

Худайбия  келісімі  шынында  да,  үлкен  саяси  жеңіс  еді.  Өйткені 

хайбарлық яһудилерді айнымас деп есептейтін достарынан - құрайыштардан 

айырды...  Хайбар  яһудилері  мұнан  былай  құрайыштармен  жең  ұшынан 

жалғаса  алмас  еді.  Бұл  Хайбарды  алуды  жеңілдетері  хақ.  Солай  болды  да. 



 

331


Мәдинадан оралған соң бірнеше апта өткенде Хайбар Аллаһ Расулының қол 

астына өтеді. 

Осы нәтижелерден соң Құранның: 

"(Уа,  Расулым!)  Біз  саған  шындығында  да  ашық  жеңіс  сыйладық"  деп 

келетін аятының мәнін түсіндіріп жатудың өзі артық. 

Осы  орайда  Бақара  сүресінің  216  аятын  да  айта  кеткен  жөн:  "...  Жек 

көрген  нәрселерің  сендер  үшін  қайырлы  болуы  мүмкін  және  жақсы  көріп, 

қалаған  нәрселеріңнің  ақыры  шерлі  болуы  мүмкін.  Аллаһ  біледі,  сендер 

білмейсіңдер!" 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

332




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет