Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет46/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   377
Әке қабірі басында 

Болашақ  пайғамбарлар  сардары  алты  жасқа  аяқ  басқан.  Жаздың 

шуақты күндерінің бірінде Әмина Мәдинаны зиярат ету қажеттігін ойлайды. 

Көптен  көкейінде  жүрген  мақсаты  -  нағашы  жағынан  бірнеше  атадан 

туысатын  Нәжжарлардың  амандық-саулығын  білу  және  сонда  жерленген 

асыл жары Абдулланың қабірін зиярат ету. Жан дегенде жалғызы Мұхаммед 

пен  қызметшісі  Үммү  Әйменді  ертіп  жолға  шығады.  Сапарға  шығарда 

Әминаның  көңілі  алабұртып,  енді  қайтып  оралмастай  көрші-көлеммен 

жылап-сықтап қоштасады. Тіпті жолға шыққан соң да ұзап кеткенше артына 

қарайлай береді. 

Шаршап-шалдығып  Мәдинаға  да  жетті-ау.  Тікелей  нағашылары 

Нәбиғаның  үйіне  түседі.  Нәбиғаның  ауласына  кірер-кірместе  күйеуінің 

мазарын  құшақтай  құлаған  Әмина  көпке  дейін  солығын  баса  алмай,  өкси 

жылайды. 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  алғаш  рет  жетімдік  зарын  сонда  сезінеді, 

бала көңіл бір көруге зар боп кеткен әкесін жоқтап, езіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет