Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕД АТАСЫ ӘБДІМҮТТӘЛІПТІҢ



Pdf көрінісі
бет49/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   377
 

ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕД АТАСЫ ӘБДІМҮТТӘЛІПТІҢ 

ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА 

Анасынан 

айрылған 

алты 


жасар 

Мұхаммедті 

(с.а.у.) 

атасы 


Әбдімүттәліп  қолына  алады.  Құрайыштың  алдыңғы  қатарлыларынан 

саналатын Әбдімүттәліп адамгершілігі мол, жомарттығымен, мәрттігімен аты 

шыққан, сабырлы, ақылды, түсінігі мол жан. Қапсағай денелі, жарқын жүзді 

Әбдімүттәліпті  ол  төңіректе  білмейтін  жан  кем  де  кем.  Кедей-кепшікке 

көмектесіп,  жарлы-жақыбайдың  көңілін  тапқанды  жаны  сүйетін  оны  барша 

жұрт  сыйлайтын,  ерекше  құрметтейтін.  Адам  түгіл,  жыбырлаған  жәндікке 

қиянат  етпейтін.  Қонақжайлылығын  айтпағанда,  туған-туыстың,  ауру-

сырқаудың  ахуалын  сұрау  оның  күнделікті  әдеті  еді.  Кеңпейілділігіне  қарап 

құрайыш  оны  "екінші  Ибраһим"  атандырды.  Қарт  Әбдімүттәліптің  бала 

дегенде, әсіресе, немерелеріне шығарда жаны бөлек. Айналасын нұрға бөлеп 

жүретін  немересі  Мұхаммедті  (с.а.у.)  қайда  барса  қасынан  тастамай  алып 



 

54

жүреді.  Еркелетіп  жетімдігін  сездірмеуге  тырысатын.  Тіпті  онымен 



үлкендерше  сөйлесіп,  жиын-тойларда  әлдеқалай  бір  мәселе  туындай  қалса 

Хазіреті  Мұхаммедпен  кеңесіп  шешетін.  Көптің  көзі  көреген  емес  пе,  мұны 

да жұртшылық сезбей қалмаған. 

Қағбаның    төрінде  құрайыштардың  басшысы  Әбдімүттәліптің  арнайы 

орны бар еді. Өзге түгіл өз балалары да отыруға батпайтын осы орынға бала 

Мұхаммедті  (с.а.у.)  атасының  өзі  отырғызатын.  Жайшылықта  туған 

балаларын 

құшағына 

алмайтын 

Әбдімүттәліптің 

немересіне 

деген 


сүйіспеншілігі  шексіз.  Кейде  ағалары  Мұхаммедті  (с.а.у.)  төрден  тұрғызбақ 

болғанда: 

"Тимеңдер, төр - соныкі. Абдуллаһтан қалған жалғыз тұяғымның орны 

келешекте дүниенің төрі болмақ. Әлі-ақ көрерсіңдер", - деп немересін қасына 

алып, арқасынан қағып, ойға бататын. 

Әбдімүттәліпті  оятуға  да  Мұхаммедтен  (с.а.у.)  басқаның  батылы 

жетпейтін. Атасының бөлмесіне одан өзгелер рұқсатсыз кіре алмайтын. 

Бір  күні  Әбдімүттәліп  сүйікті  немересін  жоғалған  түйелерін  іздеуге 

жібереді.  Мұхаммед  (с.а.у.)  біраз  кешіккен  соң  атасы  адасып  кетті  ме  деген 

оймен  тағатсыздана  бастайды.  Уайымдағаны  сондай,  Қағбаға  барып: 

"Құдіретті,  күшті  жасаған  ием!  Мұхаммедіммен  тезірек  қауыштыра  гөр!"- 

деп жалбарынады. 

Арадан  көп  өтпей-ақ  Мұхаммед  (с.а.у.)  түйелерді  айдап  келіп  қалады. 

Әбдімүттәліп жанары жасқа толып: "Жалғызым, жаным. Сен үшін жанымды 

беруге  әзірмін.  Мұнан  былай  жалғыз  өзіңді  ешқайда  жібермеспін",  -  дейді. 

Расында  да,  абзал  ата  нұр  немересін  өле-өлгенше  қасынан  бір  елі 

шығармаған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет