Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ ӘЛИДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ



Pdf көрінісі
бет75/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   377
ХАЗІРЕТІ ӘЛИДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ 

Хазіреті  Хадишаның  шәк  келтірместен  иман  айтып,  мұсылмандықты 

қабылдауы  Хазіреті  Мұхаммедті  (с.а.у.)  үлкен  қуанышқа  кенелтті,  жігерін 

жаныды. Жер жүзінде өзін мойындаған, иманға ұйған біреудің болуы неткен 

бақыт! 

Пайғамбарымыздың  Исламға  шақырған  екінші  адамы  -  тағы  да  ет 

жақындарынан  -  жас  бала  Әли  болды.  Ол  төрт-бес  жасар  бала  шағынан 

бастап  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  тәрбиесінде  болған,  өзі  құралпы 

балалардан  адамгершілік,  ақылдылық,  тәрбиелілік  жөнінен  оқ  бойы  озық 

тұруы соның көрінісі іспетті. 

Кішкентай Әли бір күні Мұхаммед (с.а.у.) пен Хадишаның намаз оқып 

жатқанын  көріп  қалады.  Намаз  аяқталғанша  аңтарылып  қарап  тұрады  да, 

бітірген соң: 

"Бұл жасағандарыңыз не?" - деп сұрайды. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 

"Уа,  Әли!  Бұл  -  Аллаһтың  өзі  қалаған  дінінің  талабы.  Мен  сені  де  бір 

Аллаһқа  иман  келтіруге  шақырамын.  Адамға  пайдасы  да,  зияны  да  жоқ 

пұттарға - Лат пен Уззаға табынуды бүгіннен бастап доғар", - дегім келеді. 

Әли көзін төмен салып ойланып қалды, аз кідірістен соң: 

"Менің  өмірімде  естімеген  нәрселерімді  айттың.  Әкем  Әбу  Тәліппен 

ақылдасып көрейін", - деді. 

Алайда  пайғамбарымызға  әлі  дініне  ашықтан-ашық  шақыруға  рұқсат 

берілмеген еді. Сол себепті Әлиге: 




 

87

"Ей,  Әли!  Менің  айтқандарымды  қабылдағың  келсе,  ешкімге  тіс 



жармастан  қабылда.  Ал  егер  жасағың  келмесе,  онда  ерік  өзіңде,  тек  көрген-

білгеніңді ешкімге айтушы болма", - деп ескертті. 

Әли  пайғамбардың  ескертуінен  соң  сырды  сақтайтындығын  айтып, 

уәде  берді.  Бірақ  сол  түні  ойға  беріліп,  дөңбекшумен  болды.  Таң  арайлап 

атқан  шақта  Хазіреті  Әлидің  көңілінде  шуақты  ой  орнықты.  Бала  көңілі 

батыл шешімге келген еді. Таң сәріден Аллаһ Расулына барып, түйінді ойын 

жеткізді. 

"Аллаһ  мені  жарататын  кезде  Әбу  Тәліптен  рұқсат  сұраған  жоқ  қой, 

мен  де  енді  құдіреті  күшті  Жаратушы  иеме  ғибадат  ету  жайында  әкеммен 

ақылдаспасам,  ерсілік  бола  қоймас",  -  деп  тоқтамын  білдіріп  мұсылман 

болды. 

Ең  алғашқы  бала  мұсылман  атанған  Әли  (р.а.)  сол  кезде  небары  он 

жаста. 

Абайлау - әрдайым қажетті қасиет. Әсіресе, қандай да болсын, жаңа істі 

бастауда абай болу әсте керек. Әр нәрсені, мейлі ол шындық та болса, барлық 

жерде жария етуге болмайды. 

Мұхаммед  те  (с.а.у.)  "Үйренгеніңді  ешкімге  айтпа"  -  деп  Әлиге 

ескерткенде  жаңа  істе  -  дін  таратуда  сақ  болудың  үлгісін  көрсеткен-ді. 

Аллаһтың  ақ  жолын  уағыздауда  қоғамдық,  әлеуметтік  шарттарды  ескере 

отырып, ақырын жүріп, анық басу - біздің заманымызға да керек өлшем. 

Иман  шәрбатымен  сусындау  бақыты  Хадиша  мен  Әлиден  соң  бір 

кездері сүйікті Пайғамбарымыз асырап алған Зәйд ибн Харисаға бұйырды... 

Мұсылмандыққа  мойынсұнғаннан  кейін  Хазіреті  Әли  мен  Хазіреті 

Зәйдтің  Расулаллаһқа  деген  сүйіспеншіліктері  бұрынғыдан  да  арта  түсіп, 

пайғамбарды пір тұтты. Иманнан нәр алған екі жас ғибадаттарын да Хазіреті 

Мұхаммедпен бірге орындайтын. 

Үшеуі бірге қасиетті Қағбаға барып намаз оқитын. 

Пайғамбарымыз  Ислам  дінін  көпшілікке  ашық  жарияламаса  да 

мүшріктер  саусақпен  санарлық  мұсылманның  Қағбада  намаз  қылғандарын 

жаратпаған, өзгеше ғибадат жасағандарға тыжырына қарап, ұнатпаған. Мұны 

байқаған  Хазіреті  Мұхаммед  көбінесе  Хазіреті  Әлимен  бірге  намаз-

ғибадаттарын  қырда,  тау  мен  тастың  қалқасында  -  көпшілік  көзінен  таса 

жерлерде жасаған. 

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) қасынан бір елі айырылмаған соң 

Әлидің  әке-шешесінің  көңіліне  күдік  ұялады.  Әсіресе,  анасы  Фатима  қатты 

қауіптеніп, күйеуіне: 

"Ұлың  Мұхаммедпен  күндіз-түні  бірге,  бірдеңеге  ұрынып  қалып 

жүрмесін", - деп қара аспанды төндірді. 

Әбу 

Тәліп 


саспай 

салқынқандылығына 

салып, 

жағдайды 

пайғамбарымыздың  өзінен  естігенді  жөн  көрді.  Осы  мақсатпен  Хазіреті 

Мұхаммед  пен  ұлының  ізіне  түсті.  Олардың  жазық  далада  екеуден-екеу 

намаз  қылып  тұрғандарын  көрді.  Әбу  Тәліп  келген  бетте  екі  дүниенің 

сұлтаны - Хазіреті Мұхаммедке қарап: 




 

88

"Ей  бауырымнан  қалған  жалғыз  тұяқ!  Сені  асылдың  сынығына 



балаймын, бірақ мен түсінбейтін бір нәрсе бар - осы сенің уағыздап жүргенің 

не дін?", - деп сұрады. 

Пайғамбарлар падишасының жауабы: 

"Көке!  Мына  дүниедегі  жанымдай  жақсы  көретін  жандардың  бірі  - 

өзіңізсіз. 

Бұл  дін  -  Аллаһтың  діні.  Періштелердің,  пайғамбарлардың  және  арғы 

атамыз  Ибраһимнің  діні.  Құдіреті  күшті  Аллаһ  осы  ақиқатты  тарату  үшін 

маған жауапты міндет жүктеді. 

Тура жолға шақыратындарымның және менің үндеуіме алғашқы боп үн 

қосатындардың  қатарында  сіз  де  барсыз.  Сіз  бұған  ең  лайықты  адамсыз. 

Пұттарға табынғанды қойыңыз, бір Аллаһқа иман келтіріңіз". 

Әбу Тәліп біраз ойланып тұрды да: 

"Мен  ескі  дінімнен  айырыла  алмаймын.  Бірақ  саған  кедергі  де 

болмаймын. Сен өз білгеніңді ұстан. Мен аман тұрғанда, ешкім сенің жолыңа 

көлденең тұра алмайды. Уәдем - уәде", - деді. Сонан соң Әлиге бұрылып: 

"Ұлым-ау, сенің ұстанған дінің не?" - деп сұрады. 

Хазіреті Әли: 

"Әке! Мен Аллаһқа және оның елшісіне иман еттім. Аллаһтың нәбиінің 

Жаратушыдан алған  хабарларына сеніп, мойынсұндым. Расулға ұйып, намаз 

оқыдым", - деп жауап берді. 

Ұлының жауабын ден қойып тыңдаған Әбу Тәліп: 

"Ей,  ұлым,  үміт  еткен  көзімнің  нұры  сенсің.  Мұхаммед  саған  бөтен 

емес.  Туысқан  болып  бір-біріңді  жаттай  сыйламасаңдар,  өзгелерден  жақсы 

қарым-қатынас  күтпей-ақ  қойыңдар.  Ағаңның  айтқанын  мақұлдап,  оның 

дініне  өз  еркіңмен  кіргенің  жөн-ақ.  Ол  сені  тек  жақсылыққа  шақыратынына 

сенемін. Мойынсұнған екенсің, айтқандарын екі етпе. Мен сендердің сырттай 

тілеулестерің болуға жарасам болды емес пе?" - деп Хазіреті Мұхаммедті де, 

Хазіреті Әлиді де қуантып тастады. Сосын келген ізімен кері қайтты. 

Үйде  Фатима  күйеуін  дегбірсіздене  тосып  отырған.  Әбу  Тәліп 

табалдырықтан кірер-кірмес бас салды: 

"Қайда  ұлың?  Неге  ертіп  келмедің?  Қызметшімнің  айтқаны  рас  болса, 

біздің  Әли  Хазіреті  Мұхамедпен  (с.а.у.)  бірге  Жиад  алқабында  өзгеше 

құлшылық  қылып  жүр  дейді.  Не  деген  сұмдық!  Елдің  бетіне  қалай 

қараймыз?" 

Әбу Тәліп мұнан ары сөйлеуге шамасын келтірмеді: 

"Көкесінің  баласына  бас-көз  болып,  көмектесу  -  Мұхаммедтің  міндеті. 

Бауырына қолдау көрсеткеннің несі айып! 

Егер  Әбдімүттәліптің  дінін  тастау  үшін  нәпсімді  жеңе  алсам, 

Мұхаммедтің  (с.а.у.)  жолын  бірінші  болып  мен  қабылдар  едім.  Өйткені  Ол 

(салааллаһу  алейһи  уәсәллам)  әмин

(Сенімді)

,  халим


(Жұмсақ  мінезді)

,  әрі  тахир

(Таза, 

пәк)


." 

 

 



 


 

89



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет