Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


УАХИДЫҢ БІРАЗ УАҚЫТ ТОЛАСТАУЫ КЕЙІННЕН ҚАЙТА КЕЛЕ



Pdf көрінісі
бет72/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

УАХИДЫҢ БІРАЗ УАҚЫТ ТОЛАСТАУЫ КЕЙІННЕН ҚАЙТА КЕЛЕ 

БАСТАУЫ 

Арадан  көп  уақыт  өтпей  жатып  пайғамбарымызға  Аллаһтан  түсетін 

уахи  толастайды.  Оның  себебін  пендешілікпен  олай-былай  деп  айту  тілге 

жеңіл  болғанмен  сол  кездегі  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  көңіліндегі  ауыр  азабын, 

әрине,  әр  пенде  сезіне  алмасы  хақ.  Дүние  тарылғандай  әсер  алып,  осынау 

дүниеден  өзге  түгіл,  өзіне  де  беймәлім  бір  жаққа  қашып  кеткісі  келді  де 

тұрды.  Осылай  қиналып  жүргенде  Жебірейіл  мен  Исрафил  періште  көзіне 

көрініп, бірнеше рет жұбату айтқан. 

Азапты мезгіл қырық күнге созылды... 

Осынау  дүние,  данышпан  сөзімен  айтқанда,  дарул-хикмет,  яғни 

даналықтың  бесігі.  Мұнда  болып  жататын  әрбір  оқиға  астарында  міндетті 

түрде  терең  мән  болары  анық.  Оған  әр  пенденің  пайымы  жете  бермейді. 

Дегенмен,  пайғамбарға  белгілі  бір  уақыт  уахидің  толастауының  түрлі 



 

83

себептерін  көрсеткендер  де  бар.  Төменде  сол  дәлелдердің  кейбіреулерін 



ұсынғанды жөн көрдік, яғни: 

А)  Аллаһ  Расулы  уахи  келе  бастағанда  қатты  толқып,  рухы  қатты 

қиналған.  Сол  себепті  рухты  тынықтырып,  келесі  уахиді  қабылдауға 

дайындау мақсатымен толастаған. 

Ә) Пайғамбар рухын болашақта басына келуі мүмкін ауыртпалықтарға 

қазірден үйрету, шыдамдылыққа әзірлеу мақсаты көзделген. 

Б)  Әрбір  уахиды  асыға  күтуге,  оған  деген  зарығу  сезімін  оятуға 

бағытталған. 

Араға  қырық  күн  салып  пайғамбарымызға  Аллаһ  тарапынан  аян  қайта 

келе бастады. 

Бұл оқиға хақында Мұхаммедтің (с.а.у.) өзі былайша баяндайды: 

"Бір күні жолда келе жатып көктен бір дауыс есіттім. Басымды көтеріп, 

төбеме қарағанда баяғы Хирада жүздескен Жебірейіл періштенің жер мен көк 

арасында алып тақта отырғанын көрдім. Бойымды түсініксіз бір сезім билеп, 

тұрған  жерімде  тіземнің  әлі  құрып  отыра  қалдым.  Әлден  уақытта  есімді 

жиып, үйге қарай бет алдым. Келе салысымен: 

"Менің  үстімді  жабыңдар,  тезірек  жамылғы  беріңдер",  -  дедім  де, 

қымтанып жата қалдым. 

Сол сәтте Аллаһ Тағаладан мына аят түсті: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет