Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет71/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   377
Уарақаның айтқандары 

Болған  оқиғалардың  астарында  көп  тылсымның  бары  түсінікті  еді. 

Мән-жайды сұрастыру - Хазіреті Хадишадан басқа ешкімнің міндеті емес-ті. 

Бірақ  кімге  ашып,  кіммен  кеңесуге  болады?  Құпияны  ақтаратындай 

сенімді адам бар ма өзі? Хазіреті Хадиша жүз ойланып, мың толғанып ақыры 




 

82

тоқтамға  келді:  немере  ағасы  Уарақа  ибн  Нәуфал  ше?  Соған  айтып  көрсе 



қайтеді? 

Уарақа  ибн  Нәуфалды  бұл  кезде  әбден  кәрілік  жеңген,  көзі  тіпті 

көрмейтін.  Дегенмен,  көңіл  көзі  ашық,  христиандықты  берік  ұстанған, 

кезінде Тәурат пен Інжілді оқып, көп ақиқаттың сырына қанған. 

Хазіреті Хадиша көп уақыт оздырып жатпастан, Хазіреті Мұхаммедпен 

бірге  Уарақаға  барады.  Қария  алдымен  сүйікті  Пайғамбарымыздың 

айтқандарын  тыңдады.  Ол  басынан  өткен  оқиғаларды  баяндаған  сайын 

Уарақаның жүзі мың құбылды. Пайғамбарымыз сөзін бітірген сәтте: 

"Құддыс! Құддыс қой көргенің! Сен періштемен жолыққансың, кәдімгі 

бір  кездері  ұлы  Аллаһтың  Хазіреті  Мұсаға  (а.с.)  жолдаған  періштесі,  яғни 

«Намус  Әкбардың»

(Жәбірейіл  періштенің  бір  аты)

  нақ  өзі!  Сен  осы  үмметтің 

пайғамбарысың", - деп сәл үнсіз қалды да, терең күрсініп: 

"Сен  халқыңды  дінге  шақырған  кезде  мен  де  жас  болғанымда  ғой, 

шіркін.  Өз  қауымың  сені  өгейсіп  елден  қуатын  сәтте  мен  тірі  болғанымда... 

Әттең,  ол  күндерді  көру  қайда  енді?!"  -  деді.  Хазіреті  Мұхаммед  те  (с.а.у.), 

Хазіреті Хадиша да Уарақаның айтқандарын тыңдаған соң біраз рақаттанып, 

үрейлерін  басқандай  күй  кешті.  Тек  түсінбегендері:  неліктен  Мұхаммедті 

(с.а.у.)  өз  қауымы  өзекке  теуіп,  елден  шығаратындығы.  Ойларына  келген 

түйткілді жасырып қала алмады, бүкпесіз оны да сұрады. 

"Иә",-  деді  Уарақа,  "Небір  күндер  туар  басыңа.  Сені  халқың  туған 

мекеніңнен  қуып  азаптайды.  Өйткені  мына  көптің  арасынан  ұлы  қызметке 

таңдалған,  Жаратушыдан  уахи  алған  сен  ғана,  қызғанып,  пендешілікпен 

қастандық  ойлайтындар  да  көп  кездеседі.  Егер  сол  күнге  жетсем,  аянбай 

саған көмектесер ем". 

Иә,  Уарақа  ибн  Нәуфал  ақиқатты  көре  білді...  Айта  білді...  бұл  - 

боямалауға  келмейтін  бағзы  дұшпандар  үшін  ащы  да  болса  ашық  шындық 

еді. 

Әңгімені  осымен  түйіндеп,  ерлі-зайыпты  екеуі  -  Аллаһтың  ең  сүйікті 



құлы мен оның өмірсерігі Уарақаның үйінен шықты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет