Бес уақыт намаздың парыз болуы
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Миғраж түні бірқатар иләһи сый-құрметке ие
болып, ілтипат көрді. Иман ақиқаттарын көзімен көріп, періштелерді,
жәннатты, ақыретті тамашалап, тіл жетпес көркемдіктердің куәгері болды.
Осы түні берілген ең маңызды сый: Бақара сүресінің соңғы аяттары
(Амәнар-расулу), Аллаһқа ортақ қоспаған құлдың жәннатқа кіретіндігі
жайлы сүйінші хабар және бес уақыт намаз.
Муминдерге күніне бес мәрте намаз оқу сол кезден бастап парыз. Бұл -
Миғраждың үлкен сыйы.
Достарыңызбен бөлісу: |