Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарымыздың Исра және Миғраж муғжизасын мүшріктерге



Pdf көрінісі
бет140/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Пайғамбарымыздың Исра және Миғраж муғжизасын мүшріктерге 

баяндауы 

Жебірейіл періштенің бастауымен пыраққа мініп  көк жүзіне көтеріліп, 

теңдессіз  құрметке  -  Аллаһ  Тағаланың  баянына  тікелей  куә  болған  соң  сол 

түні-ақ  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  Қағбаға  қайта  оралады.  Көңілін  кернеген 




 

167


шаттық  ақиқатты,  Миғраж  сапарын  құрайыштарға  тезірек  жеткізуге 

итермеледі.  Алдымен  ет  жақындарына  басынан  өткергендерін  айтып,  сонан 

соң  жалпы  жұртқа  баяндамақ  болады.  Бірақ  Әбу  Тәліптің  қызы  Үммүхани 

алдын орағытып: 

"Айта  көрме,  оларға.  Халық  сенбегенімен  қоймай,  сені  өтірікші  деп 

ренжітеді", - деп жанашырлық білдіреді. 

Бірақ  Мұхаммед  (с.а.у.)  қалың  қауымға  шындықты  жеткізгенше 

асықты.  Халықтың  алдына  шығып  Миғраждан  хабардар  етті.  Оның 

айтқандарын аңтарыла тыңдаған халық жан-жақтан қаумалап: 

"Уа,  Мұхаммед  (с.а.у.)!  Бізді  кімге  санайсың?  Егер  осы  айтқандарың 

рас болса, дәлелің қане? Біз бұрын-соңды мұндай сұмдықты естіген емеспіз", 

- деп шулады. 

Аллаһ Елшісі: 

"Дәлелдерім мынау, құлақ қойып тыңдаңдар. Пәлен рудың түйе іздеген 

жоқшыларын  пәлен  жерде  жолықтырдым.  Олардың  түйелерін  қай  жерде 

көргенімді айтып, өзім Шамға қарай бет түзедім. 

Қайтар жолда Дабханан деген жерде пәлен руды тәтті ұйқы құшағында 

көрдім. Солардың аузы жабық тұрған су құйған шелегін ашып, ішіндегі суды 

іштім де, қайтадан дәл сөйтіп жауып кеттім. 

Тағы бір айғақ  Тәнғим  жотасында бір топ құрайышты көрдім.  Ең алда 

қара түйе келеді. Үстінде бір қара, бір ала қап бар", - деді. 

Халық  сөздің  ақырын  күтпестен  биік  төбеге  қарай  лап  қойды. 

Шынында  да  Меккеге  жақындап  қалған  бір  топ  құрайышты  көрді. 

Алдарында  екі  қап  артылған  түйелері  бар  екен.  Онан  кейін  келгендердің  су 

құйған бақырашын ашқызып көріп, тағы да таң қалысты. 

Басқа  дәлелдерді  де  зерттеп,  сұрастырып,  нақтылады.  Соның  бәріне 

көздері жеткенімен көңіл көздерінің көр соқырлығы олардың иман келтіруіне 

кедергі келтірді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет