Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Хазіреті Әбу Бәкірдің құптауы



Pdf көрінісі
бет142/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   377
Хазіреті Әбу Бәкірдің құптауы 

Меккеліктер  арасында  көңілдері  Исламға  бұра  тартқанмен,  Миғраж 

оқиғасына  күмәнмен  қарағандар  да  бар.  Осы  таңғажайыпты  ести  сала  олар 

жұбын жазбастан Хазіреті Әбу Бәкірге келді: 

"Уа,  Әбу  Бәкір!  Жан  жолдасың  Мұхаммедтен  (с.а.у.)  хабарың  бар  ма? 

Ол  бүгін  түнде  Ақса  мешітіне  барғанын,  көкке  көтеріліп  намаз  қылып, 

Меккеге қайта оралғанын айтады", - деді. 

Хазіреті Әбу Бәкір: 

"Осының бәрін Мұхаммедтің (с.а.у.) өз аузынан естідіңдер ме?" 

Келгендер: "иә" деп жауап берді. 

Хазіреті ӘбуБәкір: 

"Уаллаһи,  егер  ол  айтқан  болса,  шәк  келтірулерің  орынсыз.  Оның 

сөзінде  зәредей  күмән  болуы  мүмкін  емес,  маған  сеніңдер",  -  деді  де,  сол 

бойда Расулаллаһқа барды. 

"Уа,  Расулаллаһ!  Сен  халыққа  бүгін  түнде  қасиетті  Ақсаға  барып 

келгеніңді хабарладың ба?" - деп сұрады. 

Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) "иә" деуі мұң екен, Хазіреті Әбу Бәкір: 

"Сен  айтсаң  -  шындықты  айтасың.  Мен  сенің  Аллаһтың  хақ  елшісі 

екеніңе куәмін", - деді. 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):. 

"Әзіз досым! Сенің сыддық екенің онсыз да мәлім", - деді. 

Сол  күннен  бастап  Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  атына  «Сыддық»  сипаты 

қосыла аталатын болды... Сыддық - шүбәсіз растаушы дегенді білдіреді... 

Исра сүресінде (9-12) Миғраж жайлы баяндалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет