Дамыта оқыту мен сыни ойлау әдістерінің тиімділігі Ол кезде дамыта оқыту деп аталмағанымен ХІХ ғасыр басында швеция ғалымы И.Песталоцци оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыту проблемаларына үлкен көңіл бөлсе, Италия гуманисті Мария Монтессори баланы еркін, өз бетімен жұмысын жүйелі орындауға жетелеу қажет деп санады.
Ал америка философы әрі педагогі Джон Дьюи «Білім беру және демократия» атты еңбегінде оқушының өз ой-өрiсiн, өзiнiн белсенді еңбегi арқылы меңгергенін ғана есіне сақтап, өмiрде қолдана алатынын терең дәлелдеді. Дәл осы идеяны әрі қарай дамытуға үлес қосқан Вальдорф мектептерінің негізін қалаушы Рудольф Штайнер болып табылады. Бұлар адамның рухани күшiн ояту арқылы бiлiм беруге бағытталғандығымен әлі күнге дейін құнды. Дәл осы бағыттағы Л.С.Выготскийдiң 30-жылдардағы принциптерін көптеген Ресей педагогтары жалғастырды. Л.C Выготскийдiн жоғарыдағы шет ел әріптестерiне қосқан жаңалығы – баланың ойлауын, тілін, «жақын зонадағы даму» деңгейін басты нысана етiп алуы және дамыта окытудың негiзiн салуды. Оның iзбасарлары Ресей ғалымдары Л.В Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, т.б. дамыта оқыту принциптерін жүйелеп, оның біртұтас, ізденiс iскерлігіне бағытталғанын тәжiрибеде дәлелдеді. Ал осы мәселелер туралы қазақ педагогтары ХХ ғасыр барысында не дегенiн, салыстыра көрсетсек:
Ресей ғалымдары дамыта оқыту
принциптерi
Осы принципке сәйкес ұлттық педагогиканың негізін қалаушылардың пікірлері
1. Бiлiм даяр күйінде берілмеуi керек,
оқушы оған қауырт ой еңбегiн қажет
ететiн тапсырманы орындау арқылы
қол жеткізгені дұрыс.
Оқытудың түп қазығы-еңбек,... өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрселерді сол тақырыптың төңiрегiне жинап, қосып, түйдектеп, бiрiктiрiп оқыту арқылы шәкірт психологиясына орайластыру (Ж.Аймауытов)
2. Жаңа материалдағы оқиға мен
құбылыстарды оқушының өз байқауы
және талдауы негiзiнде практикадан
шығатын теориялық бiлiм жетекшi
роль атқарады.
Балалның жаратылысы солай, ол көру, есту, байқау, ұстап көру, жасап көру секiлдi сезiмдерi арқылы кабылдайды. Бiр затпен таныстырғанда осы
жолдарды ұстанса - бала бiлiмi берiк
болады. Құр жаттау есте қалмайды
(М.Жұмабаев, «Педагогика»,
87-88 бет)
3. Таным процесi жоғары өрлеу түрiнде түзіледі.
Кiшiрек оқушыларға білімді молайту,
дамытуға күш салса,... өсiңкiрей келе
жаңадан жаттай беруге емес, бар бiлiмдi оймен тереңдетуге ұмтылады.
(М.Жұмабаев, сонда, 88 бет)
Балаға білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшiп, жаңа білімді ескi білімге байлап беру, керек. (М.Жұмабаев), сонда, 76 бет.
5. Сабақты ұғындырып, бекіту және алға басу үшін салыстыру әдісі пайдаланылады. Ұқсас салыстыру ғылыми түсініктердіқалыптастырады, ал айырмашылықты салыстыру ақпарат орнын ұлғайтады.
Ұқсастық ассоциациясы бойынша оқыту, яғни жақсы меңгеріп алу үшін оқу материалын концентр қылып тұрудың керегі келіп шығады. Ол бір пәнді ұғымды, бөлек-бөлек қылып бірақ бірте-бірте зор қылып байлап, кеңейтіп оқыту деген сөз.
Қарсылық ассосациясы-бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсақ, сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел...
(М.Жұмабаев) сонда, 84 бет.
6. Оқушы оқу процесін ынтасымен
қабылдауы шарт. Сабақтың әр
кезеңiнде ынтамен жұмыс істеу оның
нені нелiктен орындағанын мұқият
түсініп отыруына кепiл болады.
«Білімге ынталанушылық адам
бойындағы ой еңбегінің қайнар көзі,
соларды көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету - мұғалімнің қасиетi болу керек» (Ж.Аймауытов)
«Баланы оқыған нәрсенің бір-біріне
ұйкастырып, ойлануына, оқып шыққан кейiн жадында ретті, хәм толық мағынасымен меңгеруге әдеттендірукерек»
(М.Дулатов).(Мұғалімдерге, 239 бет)
7. Оқушыларды түгел жетілдіруге
бағытталған жұмыс түрлерiн колдану. Әр түрлі деңгейдегі окушылардың өз «даму зонасында» өсуіне жағдай жасау.
«Тумасында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз бала кемелiне
жетпейді. Кімде-кім өз табиғатында
шеберлік барын сездіріп, өз жолына
түссе ғана көзге көрінеді. Оны жетелеуші-мүғалім» (М.Дулатов), сонда275 бет.
8. Танымдық қызмет пен жұмыс істеу
қабілеттерiн тиiстi деңгейде ұстау үшiн мұғалім оқушылардың
денсаулық және көңіл күйi жағдайын
көтерiңкi ұстауы қажет. Ол үшiн
жұмыс тәсiлдерiн, карама-катынастардың формасын түрлендiрiп отыруы қажет.
Дененiн, хәм жанның шаршауы. Жұмыс қылып дене шаршаса адамда абай (внимание) болмайды. Баланың тез шаршау оның ақылының жұмыс қылуынан. Сондықтан мұғалiм ондай
жағдайда сабақта дереу балаларды
босатып. Түрлі әдістер қолданады.
(М.Жұмабаев) сонда. 77 бет.
Жоғарыда келтірілген И.Тасмағанбетовтың сөзіндегідей «Қазіргі бізде қалыптасқан «формальді» түрде оқыту, ол тек білім, негіздерімен қаруландыруға бағытталған. Ал, әлемдегі көптеген елдер ұстанып отырған бағыт - баланың ең әуелі логикалық ойлауға үйрету, қазіргі ақпараттар кеңістігінде өзін еркін қажетті», өз бетімен білім ала алатын, білетінін жүйелей қолдана алатын түрде оқыту қажет.
Біз қазіргі кездегі көптеген шығып жатқан жаңа бағыттардың ішінде «дамыта оқыту» принциптері және «сыни ойлау» жобасы туралы сөз етпекпіз. Оның себебі, осы екі бағыт та, біздіңше, өз философиясы жағынан қоғам талабына, заман талабына сай. Сонымен қатар олар дәл қазіргі Қазақстандық жаңа буын оқулықтары принциптеріне сәйкес және қазіргі оқу процесіне енгізуге болатын, мазмұны жағынан бұрынғы әдістерді жоққа шығармай методикалық байытып отыратын бағыттар. Тағы бір маңызды мәселе - Мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламалары негізінде әр пәнге лайықты іске асыруға да қолайлы әдістемелар. Мысалы: Россия мектептерінде дамыта оқыту идеялары негізінде ғылыми-зерттеу орталықтары, атаулы мектептер бар.
Яғни оның теориялық, психологиялық, жалпы дидактикалық негіздері өте терең жасалған. Ал бірақ нақты сабақтың құрылымына бағытталған әдістемелік механизмі, әдіс-тәсілдері берілмеген.
«Сыни ойлауға» келсек - американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деуге негіз бар. Сыни ойлау не мағына береді? Ол ағылшын тілінің «Chtical thinking» дегенің тікелей аудармасы. Яғни бұл сыни ойлау деген сөз емес, одан да ауқымды терең, сыни ойлау оқушының қоршаған орта, ақпараттар әлеміне, өзіне, өзінің іс-әрекетіне, өзінің дербес, интелектуалдық оқытудан айырмашылығы - идеялық білімінің өте аздығы, оның есесіне өзіне тән сабақ құрылымы жасалған, әр кезеңге сай әдіс-тәсілдер, стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты аргументтер» берілген. Мұнда да мұғалімнің шеберлігі, әр «инструментті» өз орнына ұтымды қолдана білуі де аса қажет, мысалы:
Дамыта оқыту принциптері
Оқыған лайық сыни ойлау стратегиялары
1. Бiлiм даяр күйінде берілмеуi керек,
оқушы оған қауырт ой еңбегiн қажет
ететiн тапсырманы орындау арқылы
қол жеткізгені дұрыс.
Бірлескен жұмыс әдістері
«Болжау»
«Көрнекілік»
«Джигсо ІІ»
«Кең ауқымды лекция»
2. Жаңа материалдағы оқиға мен
құбылыстарды оқушының өз байқауы
және талдауы негiзiнде практикадан
шығатын теориялық бiлiм жетекшi
роль атқарады.
Бдум таксономиясы: жай ойлаудан күрделі ойлауға
«Жазу стратегиясы»
«Т-кестесі», «Синкуин»
4. Оқыту жедел қарқынмен жүргiзiледi. Өткен тақырып жаңа тақырыпқа, жаңа білімге негіз болады.
ББУ, «талқылау кестесі»
Топтастыру
Еркін жазу
Анализ, синтез
5. Сабақты ұғындырып, бекіту және алға басу үшін салыстыру әдісі пайдаланылады.
Ұқсас салыстыру ғылыми түсініктерді қалыптастырады, ал айырмашылықты салыстыру ақпарат орнын ұлғайтады.
6. Оқушы оқу процесін ынтасымен
қабылдауы шарт. Сабақтың әр
кезеңiнде ынтамен жұмыс істеу оның
нені нелiктен орындағанын мұқият
түсініп отыруына кепiл болады.
Ой қозғау
Болжау жасау
Синкуин
Негізгі идеяны анықтау
Жазу стратегиясы
Автор орындығы
Анализ, синтез жасау бағалау
7. Оқушыларды түгел жетілдіруге
бағытталған жұмыс түрлерiн колдану. Әр түрлі деңгейдегі окушылардың өз «даму зонасында» өсуіне жағдай жасау.
Бірлескен топтың жұмыстары
Жұптау
Джигсо
Топта талқылау
Еркін жазу
8. Танымдық қызмет пен жұмыс істеу
қабілеттерiн тиiстi деңгейде ұстау үшiн мұғалім оқушылардың
денсаулық және көңіл күйi жағдайын
көтерiңкi ұстауы қажет. Ол үшiн
жұмыс тәсiлдерiн, карама-катынастардың формасын түрлендiрiп отыруы қажет.
Пікірталас
Бұрыштар
Галереяны шарлау
Көрнекілік
Бағалау
Рубрикалар
Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімді қалады. Ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын». Яғни бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Балалардың 4-5 жастан бастап өз бетімен әрекет істеуге құштарлығы, «өзім, өзім істеймін» деген кездерінде байқалады. Ол кездегі олардың өз беттерімен тырмысып, өзіне - өзі істеуге жайдан күрделіге өтуге құлшыныс сатылары бәрімізге таныс. Бiрақ танымдық әрекеттерге ұмтылыстары, өзiндiк iстерге ықыластары кейiн кеми беретіні практикада байқалады. Бастауыш кластардағы озат, ынталылардын қатары кейiн сирей беретіні таңсық емес. Физиологтар мен психологтардың оған өз түсiнiктемелері бар, әрине. Бірақ мәселенiң бiр маңызды жағы, бiздiң ойымызша, мұгалiмде. Сабақта көп жағдайда бала білімді қабылдап алушы, көп обьектiнiң бiрi деп есептелін, олардың ерекшеліктерi жеке ашыла бермейді. Сондықтан баланың «Субьектік белгілері» азайып, өзiн «объект» сезінетін орта қалыптасады.