Орындаған: Жомартқызы А
Тексерген: Даутова М
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс- тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Оқушы дамуының негізі-оқу əрекеті. Оқу əрекеті-əрбір сабақтың өзегі. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің əдіс – тəсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта оқыту технологиясы негізінде сабақ үш құрамдас бөліктен тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы
Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру
Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу
Бұл үшеуі – дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы ролінде. Шешім табылған кезде əрбір оқушы оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретеді.
Дамыта оқыту технологиясы-жеке тұлғаны өз бетімен дамыту құралы.Ол баланың білім алуға əрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Онда мұғалім жай ғана мұғалім емес, танымдық іс əрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы, бала интеллектісінің көзін ашуға, шығармашылығын дамытуға, баланы ойлауға үйрететін ерекше күш болып табылады. Мұндай сабақтарды, яғни, баланы ойлауға үйрететін сабақтарды біз дамыта оқыту сабақтары дейміз.
Дамыта оқыту сабақтары арқылы біз оқушының
Сезімін, түйсігін;
Ынтасын, қабылдауын;
Зейінін, есте сақтау қабілетін;
Ой, логика, қиял, болжамын;
Ерік-жігерін;
Оқу іс-əрекетін, дағдысын
Өз бетінше ізденісін, т.б. жеке сапалық қабілеттерін дамыта аламыз.