Даму және жас ерекшелік психологиясының қысқаша тарихы
Жоспар: Даму психологиясының қайнар көзі және анықтамасы;
Тарихи және әлеуметтік алғы-шарты;
Дамудың мәдени және әлеуметтік детерминанты;
Даму психологиясының ғылыми негізі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Даму психологиясының қайнар көзі және анықтамасыДаму психологиясы адамдардың тәжірибесі мен мінез-құлқы жас кезінде қалай өзгереді, соны танып білумен шұғылданады. Даму туралы теориялардың басым көпшілігі балалық шақ кезеңіне арналғаны мен олардың түпкі мақсаты адамның бүкіл өмір сүру ғұмырындағы даму заңдылықтарын ашып-көрсету болып табылады. Осы заңдылықтарды зерттеу, оны түсіндіру, сипаттау туралы міндеттерді даму психологиясы шешеді. Даму психологиясының 2 бөлімнің қайнар көзі сусындырады. Бірінші жағынан бұл биологиялық және эволюция теориясының түсіндірмелі принциптері, 2 жағынан даму барысына әлеуметтік-мәдени ықпал ету тәсілдері болып табылады. Адам дамуын түсіндіру үшін тек адам табиғаттың (даму табиғи аренамен болып табылатындықтан) ғана ұғыну емес, сонымен бірге әр түрлі әрекет ықпалдарды балаға нақты қоғамдық институттардың әсерлерін түсіну қажет. Даму 1-ден дәрежеге биологиялық өсудің және балаға мәдени құндылықтарды меңгеру процесстері болып табылады. Осы себептен де барлық адамның дамуы туралы жаңа теориялар табиғат пен мәдениеттің өзара қатынасын қойғылары келеді. Бірақ та олар не табиғатқа не мәдениетке акцент беретіндерін байқауға болады. Даму психологиясы адамның әр түрлі жас кезіндегі психологиясының даму ерекшелігін зерттеп қарастырады. Яғни оның әлеуметтік және интеллектуалдық өсуіне көңіл бөледі. Интеллектуалдық даму генезис және ойлау мен сөйлеудің қалыптасуы қарастырылады. Зерттелулердің бұл аймағы когнитивті дамуы ретінде әйгілі және де оқуды және жазуды оқыту сияқты маңызды қабілеттері мен байланыстырылады. Бұл жерде сонымен қатар, когнитивті дамудың ақаулануы (ақыл-ой дамуының кідірісі, баланың ойлауына естімеудің, мылқаулықтың, соқырлықтың ықпалдары) қарастырылады. Әлеуметтік даму баланың қоршаған ортамен байланысын және бала отбасылық жалпы мәдени құндылықтарды қалй меңгереді, соны қарастырады. Қазіргі көптеген зерттеулер осы когнитивті даму аймағындағы мәселелер ұлы оқымысты-ғалым Ман Пиаже еңбектерінде орын алады. Дамуға әлеуметтік факторға маңызының әсері туралы көп көңіл бөлген Выготскийдің идеялары, сонымен қатар әлеуметтік қатынастардың қойылу мәселелеріне арналған Джон Боулбидің еңбектері даму психологиясы ілімінің қайнар көзідері деп саналады.
Сонымен, даму балалық шақта ғана емес, есею кезеңінде де жүреді. Еңбек әрекеттерінің басталуы мен аяқталуы, сонымен бірге қартаю процесстерінде техникалық өзгерістерді қарастыратын ілім деп айтуға болады.