Кеңестік кезеңдегі даму және жас ерекшелік психологиясының негізгі теориялық бағыттары.
Жоспар: 1.Революцияға дейінгі кезеңдегі даму психологиясы
2.20 жылдардағы Кеңестік даму психологиясының дамуы
3. Даму психологиясындағы Л.С. Выгодский мен С.Л. Рубинштейннің концепциялары
Дәрістің қысқаша мазмұны: Революцияға дейінгі кезеңдегі даму психологиясы. Балалар психологиясының дербес ғылым ретінде пайда болуынан бұрын баланың психикасын тану, оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен дүние жүзілік мәдениеттің ең көрнекті өкілдері айналысқан. Ресейде бұлар: В.Н. Татищев (1686-1750), Н.И. Новиков (1744-1818), А.Н. Радищев (1749-1802). Өз еңбектерінде олар бала психологиясының ерекшеліктері мен ересектер психологиясынан айырмашылықтарын көрсетті.
Ұлы орыс революционері, демократ және гуманист ХVІІІ ғасырда А.Н. Радищев “адам қоршаған ортаны түйсік арқыл таниды” деген пікір айтады.
К.Д.Ушинский (1824-1871) кіші мектеп оқушысының психологиясын зерттеуде біршама көрнекті еңбектер жазған. Оның пікірінше, психологиялық ғылым тәрбие мақсаттарын анықтауға, әдістерді өңдеу мен оқыту – тәрбие нәтижелерін бағалауға, педагогикалық тәжірибені талдауға қажет болады. Ғалымның “Адам тәрбие пәні ретінде” атты негізгі еңбегі адамды психологиялық зерттеу мәселелеріне арналған.
К.Д. Ушинский өзінің еңбектерінде оқу іс-әрекетіндегі ес, зейін, сөйлеу, ойлау, сезім және т.б. психологиялық процестердің маңызын көрсетті.
Оқушының дамуында ерекше мәнді туған тілді саналы меңгеруге бөлді. Ғалымның пікірінше баланың сөйлеуінің даму деңгейін, оның айтатын сөздер санына емес, ал сол сөздерді саналы қолдануына қарай бағалау қажет деген. Бұдан шығатыны, баланың сөйлеуін, оның ойлауын қалыптастырмай жатып, дамыту мүмкін емес деген қорытындыға келген.
К.Д. Ушинский өз замандастарына қарағанда, тек психологиялық-педагогикалық қортындылар жасап қоймай, адамның тұтас психологиялық концепциясын жасады.
2) 20ж-ғы Кеңестегі даму психологиясының дамуы.
Бұл кезеңдегі даму психологиясының нақты зерттеулерін ашу және бала тұлғасының дамуын зерттеудегі бағытталған объективті әдістерді шығаруда негізгі рөлді П.Ф. Лесгасрт, А.Ф. Лазурский, А.П. Начаев, Н.Н. Рыбников, Н.А. Сикорский сияқты ғылымдар атқарған.
Даму психологиясының сәтті дамуына психологтардың съездері әсер етті. Психо-неврология бойынша өткізілген І Бүкіл-ресейлік съезде дүниежүзілік психологияда тұңғыш рет марксистік негіздегі психологияны қайта құру мәселелері қарастырылды.
20-30 жылдардың басында даму психологиясында биологизаторлық және социогенетикалық бағыттар көрсетілді.
Даму психологиясының проблемаларына марксизм-ленинизм тұрғысынан қарауға алғашқы қадам жасаған П.П. Блонский (1884-1941) болатын. Ол өзінің еңбектерінде “Психологиялық очерктер”, “Ес және ойлау”, “Оқушының ойлауының дамуы” психологиялық құбылыстарға түсінік беруге тоқталмай, ал оларға педагогикалық қорытынды беруге тырысты. П.П. Блонский еңбекке ерекше мән беріп, оқу еңбегін бөліп көрсетеді.
П.П. Блонский еңбектерінің бағалылығы оның зерттеудің арнайы әдістемесін қолдану кезіндегі мұғалім үшін психологиялық процестердің ерекшеліктері мен оқыту процесінде балалардың шығармашылық қабілеттері мен ақыл-ой белсенділіктерін дамытудың қажетін көрсетуде жатыр.
20 жылдары Ленинградта атақты психиатр және невралог В.М. Бектерев (1857-1927) өзінің оқушысы Н.М. Щеловановпен бірлесе миды зерттеу Институтында адам мен жануар онтогенезін салыстырмалы талдау клиникасын ұйымдастырады.
3) Даму психологиясындағы Л.С. Выготский мен С.Л. Рубинштейннің концепциялары:
30 жылдардың басында Кеңес психологиясының теориялық негіздерін қалыптастыруда маңызды жетістіктер орын алды. Олардың қатарына ең алдымен Л.С. Выгодский (1896-1934) мен А.Р. Лурия (1902-1977), А.Н. Леонтьев (1903-1979) қатысуымен жасалған психиканың мәдени-тарихи даму теориясы жатады. Бұл теория шетел зерттеулерінің тамырында жатқан биологизаторлық бағыттарға қарсы тұрды.
Л.С. Выгодский баланың тууылуы оның биологиялық тіршілігінің аяғы болып, жаңа - әлеуметтік типке ауысуы болып табылады.Бірақ, баланың тіршілік ету жарты басқа адамдардың іс-әрекеті болып табылады: баланы күту, тамақтандыру, тәрбиелеу. Яғни нәтижесінде баланың басқа адаммен қарым-қатынас жасау қажеттілігі өседі.
Выгодский психиканың қалыптасуына қоршаған ортаның негіздер әсерін түзуге тырысты.
Л.С. Выгодский оқыту мен дамуды өзара қатынасын қайта қарастырды. Бұл орайда ол келесі түсінікке жүгінді: баланың психикалық өмірінің күрделі формалары қарым-қатынас процесіндеқалыптасады. Яғни, қарым-қатынас өзінің системделген формасы – оқытуда дамуды қалыптастырады және жаңа психикалық құрылымдарды құрайды, жоғарғы психикалық функцияларды дамытады. Демек, оқыту психиканың қалыптасуында жетекші рөл атқарады, ал оның формалары тек қана даму процесінде өзгеріп отырады.
Даму психологиясының келесі көрнекті өкілі С.Л. Рубинштейн (1889-1960) “Жалпы психология негіздері” атты кітабында ғылым психиканың қалыптасуы проблемаларында жан-жақты тоқталады. Психика дамуының негізгі заңы: бала тәрбие мен оқыту процесі негізінде ғана дамиды және пісіп-жетіледі.
Кеңес психологы С.Л. Рубинштейн тұңғыш болып сана мен іс-әрекеттің біртұтастық проблемасына назар аударды.
Балалардың дамуының қозғаушы күші мен олардың жасерекшеліктерін анықтайтын себептерін А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде кеңінен зерттеді.