Даму жоспары



бет24/24
Дата19.04.2023
өлшемі296,5 Kb.
#84068
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
КЕСТЕ ҮЛГІ

 2022 жыл
Мақсаты – жоба нәтижелерін бағалау.

1

Жобаны іске асыру командасының отырысы. Геймификация әдісінің тиімділігін талдау 

Тәжірибенің тиімділігін анықтау

Тәжірибенің тиімділігінің анықталуы

Мектеп әкімшілігі

01.11

Сауалнамалар, презентация

Тәжірибенің тиімділігін бағалау

Инновациялық даму нәтижесі

2

Геймификация әдісінің оқу іс-әрекетінің жаңа жағдайына бейімделу, қолданылуы бойынша білім алушылардан сауалнама алу. Бенчмаркинг. 



Тәжірибенің әлсіз, күшті жақтарын әділ талдау 

Зерттеу нәтижесінде әдістің енуін жетілдіру

Мектеп әкімшілігі

02.11

В.С.Лазарев «Жаңашылдық енгізу иновациялық процестің кезеңдері» оқулығы

Нәтижесін саралау, түзетулер енгізу

Инновациялық даму нәтижесі

3

Эсперименттік алаң. 
Ұжыммен жоба әрекеттері бойынша бейресми сұхбаттасу. Пікіртерім



Енгізілген инновация нәтижесінің сапасын анықтау

Енгізілген инновация нәтижесінің сапасының артуы

Мектеп әкімшілігі

03.11

Сапа көрсеткіштері, диаграммалар, презентация

Енгізілген инновация нәтижесінің сапасын бағалау

Инновациялық даму нәтижесі

4

Администрация кеңес отырысы. Инновациялық қызметтің мониторингі. 

Геймификация әдісінің жүргізілуі бойынша сандық және сапалық деңгейдегі үйлесімділікті саралау

«Геймификация» әдісін пайдалану бойынша триангуляция принципінің үйлесімділігі

Мектеп әкімшілігі

05.11

Гистограммалар, 
жетістіктер, презентация

Инновацияны басқару, түзету

Инновациялық даму нәтижесі































Өткен оқу жылына SWOT-талдау жасай отырып, нәтижесінде білім сапасының бірқалыпты болып, білім алушылардың үлгермеушілік деңгейінің төмендемегендігі байқалғандықтан «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» курсының І-кезеңі бойынша алынған білімді саралай отырып, мектептің 3 жылға арналған перспективалық жоспарын әзірлеуді мақсат етіп отырмын.


Білім беру ұйымының басшысы ретінде мектептің проблемаларын тұтас және терең талдау, айқындау, дәл тұжырымдау және оларды шешудің көптеген балама тәсілдерінің ішінен мектептің нақты жағдайына сәйкес анағұрлым орынды, тиімді тәсілдерді табу барысында көшбасшылық менеджментің теорияларымен танысып, көптеген кейстерді талдадым. Нәтижесінде білім алушылардың үлгермеушілік деңгейлерін төмендетіп, дарындылықты арттыру мақсатында перспективалық жоспарға новация ретінде «Жарқын болашақ-зияткер мектеп» жобасын енгізу модельдерін Янир-Бар-Ям америкалық жүйелі зерттеушінің еңбектерімен танысып, талдап, жобаның мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі мен табыс критерийлерін анықтадым. Жобаны іске асыру бағдарламасын дайындаудамын. Инновацияны басқару жағдайында «Педагогикалық команда» құру - инновацияларды енгізу процесінің тиімді құралы екенін Е.Александровтың еңбектерінен, К.Мэйби, С.Керд «Тиімді команда құру», Е.Максимова «Командалық жұмыс мектепті дамыту ресурсы» оқулықтарынан оқып біле отырып, біртұтас бір тәсілдер арқылы өзара әрекеттесетін педагогтар кеңістігін, жиыныны, тобын, бірлігін құрмақпын. 
7-модуль «Инновациялық және жобалық менеджмент» оқу құралын талдай отырып, мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізудің бірнеше инновациялық әдіс-тәсілдерін зерттей келе, оқуды ойын тәсілдерімен өткізу әдісі «Геймификация» оқыту әдісін енгізбекпін. Тәжірибелі ұстаздардың әдістемелік, коммуникабельдік тәсілдерін, дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесін тарату үшін жас мамандарды олардың сабақтарына, коучингтарына қатысуды ұйымдастырмақпын. Педагогтардың белсенді инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдерінде тиімді пайдалана білуін ұйымдастыру мақсатында «Геймификация әдісін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында әдістемелік алаң, коучингтар өткізе отырып, педагогтардың инновациялық қызмет әлеуетін арттырамын. Соның нәтижесінде шығармашыл команда ұстаздары өз сабақтарында «Геймификация» оқыту әдісін қолдана бастайды. Әдістің дарынды оқушылармен тиімді жұмыс істеу құзіреттіліктерінің артуына қаншалықты тиімді болатынын зерттеу сабақтары арқылы анықтаймыз. 
Жобаға «Геймификация» әдісін енгізу үшін әдістің тиімділігінің теориялық білімін мектеп ұжымына, білім алушыларға бейресми сұхбаттар, пікіртерімдер, әдістемелік алаңдар өткіземін. Бұл жобаның мықты, әлсіз тұстарын мониторнгтеу арқылы көзге көрінбейтін дарынды балалардың ішкі, сыртқы уәждері, сенім, қамқорлық, назарларын, айтарлықтай көзге көрінетін сапа, жұмыстың нәтижелілігі, ұйымның дамуын көреміз. Геймификацияны енгізу арқылы оқытудың көмегімен теориялық білімдерді қалыптастыруға, алынған білімді тәжірибеде қолдануға көмектесеміз.
«Жарқын болашақ –зияткер мектеп» жобасына «Геймификация» оқуды ойын тәсілдерімен жүзеге асыруды жоспарлау әдісі арқылы жоспар бойынша жүзеге асырсақ, дарынды балалармен жұмыс жанданып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктері артады. Нақты құрылым нәтижесінде оқушылар ақпаратты жақсы игереді, білім алу үшін қолайлы ахуал қалыптасып, салауатты бәсекелестік ахуал қалыптасады. Дарынды балаларды дамытуда сабақ барысында мұғалімдер әр түрлі геймификация сервистерін қолдану арқылы балалардың ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін дамытып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге ынталандырады. Геймификация оқыту әдісін енгізудің тағы бір ерекше мүмкіндігі сыныпта дарынды балалардың санының артуына командалық жұмыстың тиімділігі анықталады. Командалық жұмыс арқылы туындаған проблемаларды анықтау, шешу, өзгеріс енгізу, қателерді түзеу, қайта жүзеге асыру, шешім қабылдау жақсы іске асырылады. Жобаны мониторнгтеу арқылы инновациялық мененджментті оқу үрдісіне енгізу бағалау үшін баға жетпеу құрал бола біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет