Геймификация оқыту әдісін енгізу нәтижесінде ойын арқылы білім алушылардың жағымды жеке қасиеттері, сыртқы әлеммен қарым-қатынасы, шығармашылық әлеуетінің дамуы
Оқушының өзін-өзі талдау мақсатында «Модульдік оқыту технологиясы» жүйесін енгізу нәтижесінде оқушылардың өз мүмкіндіктерін тексеруге, қабілетін тануға жетелейді, әр оқушының алдына оның әрі қарай жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді
Оқушылардың дарындылық құзіреттілік деңгейі 2-11 сынып контингентінің 40% - на дейін арттыру.
дарындылық құзіреттілік деңгейін арттырудың элективті білім беру, жаһандық құзіреттілік бағдарламаларын жасау;
«Жарқын болашақ-зияткер мектеп» жобасына бағытталған білім беру ортасын құру.
4.Инновациялық жоба негізделген ғылыми теориялар мен құралдардың сипаттамасы. Әр тармақшаға инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жүзеге асыра білсек,
«Зияткер педагог» күнделікті тәжірибесінде Quizizz, Kahoot, Quzle, Padlet, Plikers интерактивті білім беру қосымшаларын қолданатын мұғалімдер үлесі артады; Оқытудың ақпараттық әдістерін сабақта тиімді пайдалана білетін педагогтар саны артады;
«Зияткер мектеп» авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысатын педагогтар саны артады; Педагогтардың тәжірибесін тарату, өз білімін көтеру жұмыстары жанданады; Мектептегі кәсіби қоғамдастықтың жұмысын жандандыру арқылы «Тең - теңіне», «Көлденеңінен және тігінен қамқоршылық» қағидаттары жүзеге асады;
Біз өз білім алушыларымыздың дайындық деңгейін қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратындай деңгейге жеткіземіз. Яғни, «Дарын» сайтына тіркеле отырып, талантты балалармен жұмысты жандандырсақ, оқушы үнін тыңдап, қажеттілігі анықтасақ олардың дарындылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастырамыз. Оқушының жеке қасиеттерін қалыптастыру арқылы олардың жетістіктерін арттырамыз. Жетістігін арттырсақ мектебіміздің басқа мектептермен бәсекеге қабілеттілігі артады. Бәсекеге қабілеттілік тетіктерінің бірі білім беру ұйымының мәдени коммуникация саласындағы инновациялық қызметі болып табылады.