Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды.
бағдарламада Инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген:
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
*мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;
3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
• Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Қоғамда әлеуметтік модельдің орнығуы мүгедектікті ауру мен еңбекке қабілетсіздік деп қабылдау стереотиптерінің жойылуына әкеліп, ұжымның үйлесімді дамуына негіз болады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік саясаттың жүйелі шаралар орындауын талап ететін ұзақ процесс.