Медициналық модельдің ерекшелігі - мүмкіндігі шектеулі адамдарды өзіне жауап бере алмайды, еңбектене алмайды, компетентті емес деп қарастырды.
Медициналық модель жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жүргізілетін жұмыс патерналистік мінезді (қоғамның шектеу қоюы, қамқорлық жасау ұстанымы және адамды өмір сүру үшін емдеу, еңбекпен емдеу, арнайы қызмет көрсету).
Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы оқу мекемелері, арнайы өндіріс орындары және санаторийлер оларды қоғамнан шектетіп, құқықтарының іске асырылуына кері әсер етеді. Мүгедек балаларға арналған арнайы оқу мекемелері медициналық модельді бейнелейді – әр балаға үйінде білім алуға мүмкіндік жоқ.
А.Е.Думбаева мен Т.В.Попованың ойынша, медициналық модельдің негізгі үш түрі бар: классикалық медициналық, реабилитациялық және экономикалық.
А) Мүгедектіктің классикалық медициналық моделі (немесе «әкімшілік моделі») адамдар арасындағы физикалық және психикалық айырмашылықтарды патологиялық ауытқушылықтар мен кемістіктер терминдері арқылы қарастырады.
Мүгедектіктің классикалық медициналық моделінен функционалдық шектеуліктің анықтамасы шығарылады – тұлғаның дені сау адамдармен қатар бірқатар қызметтерді орындай алмауы:
- өзін-өзі күте алмауы;
- қарым-қатынасқа түсудегі, білім алудағы, қозғалудағы, өзін-өзі қадағалаудағы шектеулер;
- экономикалық тәуелділік саясаттың субъекті емес, объекті болуы тиіс.
Медициналық модельдің идеологиясы қазіргі күнге дейін заң шығаруға, әлеуметтік саясатқа және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әсер етеді.
Б) Мүгедектіктің реабилитациялық моделі.
Бұл модельдің мақсаты – мүгедекті қоғамға бейімдеу, енгізу, бірақ мүгедектің қызығушылықтарын ескере отырып қоғамды өзгерту және оның әлеуметтік статусын жоғарылату қарастырылмайды. Көптеген зерттеушілер мүгедектіктің медициналық моделі жайлы айтқанда осы екі модельдің аралас мінезді екендігін ескертеді.
В) Мүгедектіктің экономикалық моделі қоғамның түрлі деңгейдегі мүшелері арасында табысты реттеп бөлуді қарастырады. Мұнда әдіснамалық негіз ретінде мүгедектіктің медициналық анақтамасы алынады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар физикалық жетілмеген немесе психикалық ауыру деп саналғандықтан, олар дені сау адамдарға қарағанда «аз мөлшерді жүктемені» орындайды немесе мүлдем жұмыс істемейді. Сонымен бұл «жетілмеген» тұлғалар экономикалық шығын әкеледі. Олар өздерін қамту үшін қажетті мөлшерде ресурстар өңдемейді, сондықтан қоғам үшін пайдасыз, тек ауыртпалық болып табылады. Егер мүгедек еңбектену көрсеткіштеріне сәйкес бола алса, бірақ денсаулығында тұрақты бұзылыстары бар болса, юристтердің пікірі бойынша оның «мүгедектігін» алып тастауға болады.