1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.
2. Қартаю және психологиялық жас.
Әдебиеттер [3, 4, 5, 6, 7, 8]
Терминдік сөздер
Даму психологиясы – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
Психология – (грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
Рефлекс– (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).
Динамикалық стереотип– (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.
Инстинкт– (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Интеллект – (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.
Эволюция– (латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.
Детерминизм – (латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.
Фрустрация – (латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.