Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1953 жылдары республика үшін психологтар даярлауда профессор Т.Т.Тәжібаев (1910-1964) пен профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақстанның өзінде психология ғылымынан бірнеше диссертация қорғалды.
Осы кезде ғұлама ақын М.Жұмабаев (1893-1937) «... қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Педагогика» атты кітабындағы психологиялық түйіндердің негізгі арқауы етті. 1923 жылы Орынборда В.Я.Струминскийдің (1880-1967) «Психология» атты көлемді еңбегі жарық көрді.
Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Егер де сен әскери қызметкер болғын келетін болса, сенің физикалық дайындығыңды тексереді. Мүмкін сен медицинаға қызметкері болғын келетін шығар, онда сен психомериялық тестілеуден өтуге міндеттісің. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен.