Даму психологиясы



бет36/43
Дата02.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#71367
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Бақылау сұрақтары

1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.


2. Қартаю және психологиялық жас.


Әдебиеттер [3, 4, 5, 6, 7, 8]
Терминдік сөздер


Даму психологиясы – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
Психология – (грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
Рефлекс – (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).
Динамикалық стереотип – (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.
Инстинкт – (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Интеллект – (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.
Эволюция – (латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.
Детерминизм – (латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.
Фрустрация – (латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет