Оқу мақсаты: 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты южеттік желілерін, эпилог, прологтерді анықтау
8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
1-тапсырма Шығарма сюжетіндегі мына үзінді шығарманың қай бөлігінде кездесті? Онда қандай салт-дәстүр туралы айтылады? Қазіргі кезде осы салт-дәстүр бар ма?
Қорқыт: «Мен сенің аспанмен таласқан қара тауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан мөлдір суыңнан өтсем деп келдім, мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, тәңірдің жолы деп, мен сенің айдан ақ, күннен сұлу қарындасың Бану Шешекті Бәмсі Байраққа алып кетсем деп келдім» 2-тапсырма «Қорқыттың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында өз көзқарасыңды білдіріп, Қорқыт нақылдарының көркемдік құндылығын талдап, эссе жазыңыз. Сөз саны – 120-150