Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет129/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(Мұртаза Бұлұтай. Дін және әдебиет. А., 2006, 55-бет) – деп жаза-

ды. Демек, дін халықтың рухани қазынасы саналатын ұлттық мәде-

ниеттің ажырамас, бөлінбес, құрамдас бір бөлігіне айналған.

Қазіргі қазақ қоғамындағы діннің алатын орны өткір талқылануда. 

Біреулер еліміздің 70 пайыз халқы ұстанатын ислам дінінен, және сла-

вян халықтарының христианынан басқаларды жабу керек десе, енді 

біреулер  барлық  діндерге  тең  құқылы  жағдай  жасауды  талап  етеді. 

Ежелгі кездерде түркілер ұстанған тәңірлік дінге көшейік деген пікір-

лер де бар. Ислам дінінің ішіндегі түрлі ағымдар арасындағы күрес 

те  күшейе  түсуде.  Қазір  Қазақстанда  ислам  мен  христианнан  басқа 

ондаған діндер мен діни ағымдар жұмыс істейді; олардың жұмыс жа-

сауына барлық жағдайлар жасалынған; Астана іс жүзінде әлемдік діни 

орталыққа  айналып  келе  жатыр.  Ішкі  саясатта  ынтымақтастық  пен 

дінаралық татулықты да ылғи назарда ұстау өз жемісін беріп келеді. 

Елімізде  ұлтаралық,  дінаралық  қарым-қатынастардың  түсіністікпен 

дами түсуі – ішкі саясатымыздың басты табысы. Осылай бола беруі 

керек те. 

Дін бізге қажет пе, қажет болса несімен? Діннің қажет екендігі – дә-

лелдеуді керек етпейтін аксиома. Дін бізге не береді? Алдымен, адам-

дардың хайуан болып кетпей, адамша өмір сүруіне сендіреді. Діннің 

негізгі өзегі – бір жаратушының бар екендігіне сену, бұ дүниенің және 

о дүниенің бар екендігіне сену, бұ дүниеде адал, ізгі өмір сүргендердің 

о дүниеде жұмаққа, ал адамгершілік нормаларын бұзып қылмысқа бар-

ғандардың тозаққа баратындығына сену. Дін адамдардың арасындағы 

түрлі  қарым-қатынастарда  адамгершілік  қалыптардың  сақталынып, 

тыныш, бақытты өмір сүруіне көмектеседі. Адамның бойында жақсы 

өмір сүруге деген құштарлығын арттырып, ертеңіне деген оптимистік 

сенімін  ұялатады.  Тіршіліктегі  азын-аулақ  табысына  мейманасы  та-

сығандарды тәубесіне түсіріп, адамдардың адам болып қалуына кө-

мектеседі;  адамнан  қорықпағандар  құдайдан  қорқады;  ал  құдайдан 

қорықпағандар  адамдық  қалыптан  шығып  кеткен  хайуандар,  оларға 

біздің қоғамда орын жоқ. Міне, дін бізге ең алдымен, адамның адам 

болып қалуы үшін, адамзат қоғамының бұзылып кетпей, болашақта да 

қалыпты өмір сүруі үшін қажет.

Дін қоғамдық өмірде адамдарды бір мақсатқа біріктіріп, бір-біріне 

бағынышты, сыйластық жағдайда ұжымдаса ғұмыр кешуін қамтама-

сыз етеді. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде толыққанды өмір сүру 

хұқын қорғаумен бірге, оны сол қоғамға қызмет етіп, нығая түсуіне 




310

үлес қосуға үндейді; ұлттық рухани құндылықтармен бірге діни құн-

дылықтарды  да  адам  бойына  сіңіреді.  Ұлттық  мәдени  руханият  бір 

ұлттың  ауқымымен  шектелетін  болса,  діни  құндылықтарда  шегара 

болмайды; ол бүкіл адамзат баласына ортақ құндылықтармен астасып 

жатқандықтан белгілі бір ұлттық мәдениеттің жалпыадамзаттық ру-

хани байлықтармен байи түсуіне жағдайлар жасайды; бір жаратушы 

алдында  адамдардың  барлығын,  халықтар  мен  ұлттарды  тең  санап, 

олардың бір-бірімен тату-тәтті, ынтымақтастықта өмір сүруіне негіз 

жасайды. Ислам діні бойынша, тіліне, тегіне, нәсіліне, қызметіне қа-

рамастан, адамдардың барлығы да бірдей; бәрі де өмір сүруге, еңбек 

етіп, өз жағдайын жақсарта түсуге, білім-ғылым үйреніп, рухани са-

на-сезімін  жетілдіре  беруге  хұқылы.  Күштінің  әлсізге  зорлығы,  әді-

летсіздік, адамды қорлау – дінге жат қылықтар.

Діннің күштілік жағы – оның ізгілік сыпатында. Мына аласапыран 

дүниеде адамның азып кетпей, адам болып қалуының негіздері дін-

де жатыр. Дін жаныңды жалғандықтан, арамдықтан тазартып, өзіңді 

кіріптарлықтан  құтқарып,  азат  азамат  етеді.  Дін  ұсынатын  адамдар 

адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  қағидалары  адамзат  қоғамы 

адамгершілік  нормаларының  негізін  құрайды.  Қандай  қоғам,  ұлт 

болмасын,  өзінің  рухани  қарым-қатынастарда  діни  құндылықтарды 

ескермей,  тұра  алмайды;  қажет  десеңіз,  оған  тоқтау  сала  алмайды. 

Тіпті,  дінге  ашық  қарсы  шыққан  коммунистік  идеологияның  өзі  де 

адамгершілік нормаларының негізгі қағидаларын діннен алды. Мыса-

лы, “адам адамға дос, бауыр”, “оқы, оқы және оқы”, т.б. деген сияқты 

ұстанымдар ислам дінінікі екендігі көрініп тұр. Демек, адамдар ара-

сындағы қарым-қатынастардың оның бойындағы ізгілік қасиеттерге 

негізделуі діннің өміршеңдігінің басты сыпаты болып табылады. 

Діннің қоғам өміріндегі осындай аса маңызды орнына байланысты 

қазір ешкім бұрынғыдай “дін-апиын”, оның бізге керегі жоқ демейді. 

Керісінше, рухани таянышты діннен көбірек іздейтін болды. Осыдан 

бір-екі  жыл  бұрын  Қытайда  үлкен  қоғамдық  пікір  туғызған  бір  ма-

қала жарияланды. Оның авторы Қытайға кеңінен танымал қаламгер, 

ғалым  У.  Руозың  нарықтық  қарым-қатынастарға  қойып  кеткен  Қы-

тайда рухани құндылықтарға қауіп төне бастады; бұрын қытайлықтар 

рухани таяныш ретінде мәдени-әдеби құндылықтарға сүйеніп келген 

еді, енді мына замандағы түрлі өзгерістерге байланысты ұлттық тая-

нышымыз болып келген әдебиетіміз әлсірей бастады, мұның барлығы 

да бізде мықты діннің жоқтығынан; қазір адамдар ештеңеден қорық-

пайтын  болды.  Жаратушыға  табынудың  орнына  албасты-ақшаға  та-

бынатын  болды;  қытайларды  адам,  ұлт  ретінде  сақтап  қалатын  дін, 

оның ізгілікті уағыздайтын адамгершілік қағидалары деп жар салды. 

Біртұтас  күшті  діні  жоқ  Қытайда  мұндай  пікірдің  айтылуының  өзі 

тосын  оқиға-тұғын.  Қарсы  шыққандар  да,  қолдағандар  да  табылды. 

Дінсіз елде діннің жоқтығынан болып жатқан келеңсіз құбылыстарды 

байқап, адам өміріндегі дін алатын орынның аса маңызды екендігіне 

назар аударудың өзі көп нәрсені аңғартады.



311

Демек, дін адамдардың адамша өмір сүруі үшін аса қажетті маңызды 

факторлардың бірі екендігінде дау жоқ. Ұлттық рухани негіздері жоқ 

Америка  сияқты  елдер  негізінен  діни  құндылықтарға  сүйеніп  отыр. 

Солай десек те діни қарым-қатынастарда аса сақ болуды қажет ететін 

тұстары да баршылық. Дін адам өмірінің барлық жағын қамтиды. Тірі 

түгіл өлгенге дін керек. Өмірде (осыдан біраз уақыттар бұрын) бол-

ған мына бір жағдай еске түсіп отыр. Соғыстан қайтқан бір ағамыз 

орыстың бір қызын қолтықтай қайтады ғой, баяғы. Екеуі он шақты 

ұл-қыз өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырады. Бәрін оқытып, ба-

лаларын жетілдіріп, бақытты ғұмыр кешеді. Орыс әйелінің қазақтың 

арасына  сіңісіп  кеткендігі  соншалық,  қазақтың  тілін,  әдет-ғұрпын 

олардан артық білмесе, кем білмейтін болады. Қалың қазақ отырған ел 

оның орыс екенін ұмытып та кеткендей-тұғын. Тегі орыс, бірақ жаны 

да, тұрмыс-тіршілігі де қазақ болып кеткен әйел әбден қартайып, ба-

ла-шағалаларының  алдында  қайтыс  болады.  Пәленің  барлығы  сон-

да шығады. Кемпірдің шалы, балалары оны  мұсылманша жөнелтіп, 

мұсылман  зиратына  қойғысы  келеді.  Ал  жаназаға  келген  кемпірдің 

орыс  інілері  оған  көнбей,  ол  христианин,  сондықтан  да  оны  хрис-

тианин дінінің рәсімдерімен христиандар зиратына жерлеуіміз керек 

дейді. Екі жақтың келісе алмауы бірнеше күнге созылады. Ақырында 

екі  жақ  бір  тоқтамға  келіп,  өлікті  мұсылман  мен  христиан  зиратта-

ры аралығына жеке жерлепті. Екі жастың үйленер кезде діни жағына 

көңіл бөлмеуі, екі діндегі адам бірігіп шаңырақ көтергенде бір дінде 

болу қажеттігіне мән бермеуі осындай келеңсіз жағдайларға апарып 

соқтырған. Мұны шешудің бір ғана жолы бар, ол – әйелінің күйеуінің 

дініне кіруі. Орыстың қызы қазаққа тұрмысқа шығарда ресми түрде 

мұсылман дініне кіріп, мұсылманша есім алғанда мұндай мәселенің 

бірі де туындамас еді.

Тағы да бір жағдай. Жуырда Мәскеуде жүрген мұсылман текті бір 

жерлесіміз қайтыс болды. Өлерінде христианның кресін құшақтап жа-

тыпты. Бұл дегенің – оның өзге тілге кіргендігінің белгісі. Сонымен 

қыршын кеткен жас талантты туған еліне, Алматыға әкеліп жерледі. 

Жерлегенде қалай жерледі дейсіз ғой. Тегі мұсылман болған соң, және 

де ата-анасының, туған-туыстарының ырқымен ислам діні жолымен 

және марқұмның соңғы тілегі ретінде христиан рәсімімен жерленген. 

Екі дінде бірдей болу мүмкін емес. Бұрын-соңды болмаған осы оқиға 

туралы шетелдік баспасөз (“Комсомольская правда”, 16.01.07) сенса-

ция ретінде үлкен әріптермен жазды. Қоғамдық, ұлттық өмірімізден 

орын алып отырған мұндай жағдайлар кімді болмасын ойлантпай қой-

майды.

Қазақстанда дәстүрлі ислам дінімен бірге басқа діндерге де толық 



жағдай  жасалынған.  Тіпті  өз  елінде  рұхсат  етілмеген  діндер  бізге 

келіп тіркеліп, ресми түрде өмір сүріп жатыр. Қазақстанға тұрақтап, 

жайғасқан  жат  діндердің  алды  жерге  таласып,  жергілікті  халықпен 

соттаса бастады. Барлық діндерге ерекше жағдай жасап отырғанымыз 

ертедегі  Хазар  мемлекетінің  тағдырын  еске  салады.  Еділ  бойында 



312

өмір сүрген Хазар мемлекетінде дінге барынша еркіндік беріледі. Нә-

тижесінде елде діндер көбейіп, халық басқа діндерге ауыса бастайды. 

Діни текетірестерден әбден әлсіреген бір кездегі қуатты Хазар мемле-

кетін орыстар 946 жылы сегіз-ақ күнде быт-шытын шығарып, басып 

алады. 


Дін алмас қылыш сияқты, дұрыс қолдана білсе, адамға қызмет етеді; 

байқамай қалса өзіңді жарақаттайды. Дәстүрлі бір діни аймақта бас-

қа дін өкілдерінің шамадан тыс көбейе түсуі қауіпті. Мұның аяғы бір 

ұлттың  ішінде  діни  түсініспеушіліктерге  апарып  соқтыруы  мүмкін. 

Қазір  әлемде  ұлтаралық  қақтығыстардан  гөрі  дінаралық  текетірес-

тердің  көбірек  өріс  алып  бара  жатқаны  ойландырады.  Дінаралық 

түсініспеушіліктер  негізінен  діннің  жамандығынан,  жарамсыздығы-

нан емес, күнделікті өмірде, саясатта оны дұрыс пайдалана алмай жі-

берілген қателіктерден.

Әдетте, ұлттық құндылықтар мен діни құндылықтар бір-біріне жат 

емес,  керісінше  көп  мәселеде  бір-бірімен  үйлесіп,  бірі-бірін  толық-

тырып  жатады.  Мысалы,  қазақтың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерінің 

көпшілігінің діни сипаты бар. Мысалы: ата, тілек, неке қию, сүндет, 

өлік жөнелту. Бұл жерде діннің қазақтың ұлттық тұрмыс-тіршілігіне 

сіңісіп кеткендігі соншалық, оған діни өң беріп тұрғандығы және де 

керісінше  діни  жоралғылардың  ұлттық  сипат  алғандығы  көрінеді. 

Бірін-бірі толықтырып, халықтың ұлттың өміріне жақындай түскен. 

Сондай-ақ,  қазіргі  қазақ  қолданып  жүрген  ислам  мен  нағыз  ислам 

дінінің  арасындағы  айырмашылықтар  бар.  Бұлардың  барлығын  да 

дінді  бұзушылық  деп  емес,  керісінше  ұлттық  дәстүрлер  мен  діннің 

өмірге  жақындап,  заманға  бейімделе  түсуі  деп  ұққан  жөн.  Демек, 

ислам  дінінің  халқымыздың  өркениет  жолымен  дами  түсуіне,  ұлт-

тық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің жаңа мазмұнмен толыға түсуіне 

тигізген игілікті әсері ұланғайыр болғандығы – тарихи шындық, алда-

ғы уақыттарда да солай бола бермек.

Ұлттың басты белгісі – тілі. Алғашында адамдардың бір-бірімен қа-

тынас құралы ретінде пайда болған тіл дами келе ұлттың аса маңызды 

көрсеткішіне айналды. Тіліне қарап, ол елдің қаншалықты дәрежеде 

екенін байқауға болады. Тілі еркін ел – тәуелсіз ел. Тіл шұбарлығы – 

әлі де бодандықтың батпағынан шыға алмай жатқандығының белгісі. 

Тіл – ұлт өмірінің аса маңызды бөлігі. Тіл дегеніміз – ұлт, ұлт дегеніміз 

– тіл. Тілсіз мылқау ұлт болмайды; тілі құрыса, артынан ұлты да жо-

йылады. Өмір дегеніміз, күрес дейтін болсақ, тіл майданындағы қа-

русыз майданда қаншама тілдер жеңіліс тауып, онымен бірге ұлты да 

тарих сахнасын тастап шығып жатыр. Ұлттың болашағы оның тілінің 

тағдырына  тікелей  байланысты  десек,  әрбір  ұлт  алдымен  тілін,  сол 

тілдегі рухани құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтай білуі ке-

рек. Тіл тағдыры – ұлттың ұлт болып өмір сүруінің, ұлт болашағының 

мәселесі. Сондықтан да ұлт зиялылары осы мәселеге назарды ұдайы 

аударып отырған.




313

Қазағым,  елім-жерім,  ұлтым  деп  зарлап  өткен,  сол  жолда  құрбан 

болған алашшыл азаматтардың барлығы да “алдымен тіл, тіл” деп өт-

кен. Солардың бірі Мағжан: “Тіл әрбір адамға қандай қымбат болса, 

әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт болып жа-

сай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші 

шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын 

көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті...

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі ай-

надай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе 

желсіз  түндей  тымық,  біресе  құйындай  екпінді  тарихы,  сар  далада 

үдере көшкен тұрмысы, аспайтын, саспайтын, сабырлы мінезі – бәрі 

көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік 

тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды тіл жоқ” 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет