Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет132/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   191
(«Егемен Қазақстан», 7.04.09).

Ойланарлық мәселе. Қоғамдық дамудың даңғыл жолы деп, барынша 

насихатталған, ғылыми тұрғыдан дәлелденілген нарықтық экономика 

өзінің көшбасшылары Америка мен Батыс елдерін тек экономикалық 

жағынан ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық жақтарынан да дағда-

рысқа ұшыратты. Бүкіл адамзат баласының арманы өркениетті қоғам 

орнату болса, сол өркениетке апарар бірден бір жол саналып келген 

американдық жол Батыспен бірге бүкіл әлемді де алапат апаттың ау-

зына алып келді. 

Бұл жолдың аса қауіпті екенін өткен ғасырдың басында – ақ алашы-

ның амандығы үшін бел буып шыққан алашшыл арыстарымыз айтуда-

йын-ақ айтқан екен. Мағжан «Орал тауы» атты өлеңінде



«Ұзын Орал. Күн мен түн шекарасы,

Бір жағы күн, бір жағы түн баласы.

Арғы жағы көк көзді жын ұясы,

Бергі жағы түріктің сары даласы...»

«Пайғамбар» атты өлеңінде

 

«Күн батысты қараңғылық қаптаған,

Күні батып жаңа таңы атпаған.

Түнеріп жүр түннен туған перілер,

Тәңірісін табанына таптаған...

Күн батысты қараңғылық қаптаған,

Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған.

Білген емес иман деген не нәрсе,

«Қарын» деген сөзді ғана жаттаған»

«Күншығыс» өлеңінде

 

«Күнбатысты шаң басқан,

Шаң емес қара қан басқан.

Тарсыл-күрсіл, қанды атыс.

Көп білем деп бөлуге,

Көп күлем деп өлуге

Жақын қалды күнбатыс» –  деп, жырлағанда,Батыстық даму жолы-

ның жақсылыққа апармайтынын, халықты қайғыға, қанға бөктіретінін 




327

көрегендікпен айтып отыр. Белгілі бір топтардың баюына ғана қыз-

мет ететін капитализмнің апатты жол екенін осыдан жүз жылдай бұ-

рын жырға қосқан Мағжанды ұлы демей не дейміз. Ал Батыс болса, 

қателігін  енді  түсініп  жатыр.  Мағжан  Батысты  «Тәңірісін  табанына 

таптаған», «Түн баласы тәңірісін өлтіріп, Табынатын басқа тәңір тап-

паған», «Білген емес иман деген не нәрсе, «Қарын» деген сөзді ғана 

жаттаған», «Тәңірінің сүйікті ұлы Айсаның, тітіркенбей ұрттап қанын 

ішкен ол», «Аллаға емес, әзәілге табынған, інжілді өртеп, табанға сап 

құранды,  әділдікті  күткен  ессіз  қарыннан»,  «Табынатын  құр  денеге 

жануар, Болған емес жұмысы оның жанменен» деп айыптайды. Ба-

йыптап  оқыған  адамға  осы  жолдарда  терең  ойлар  жатыр.  Батыстық 

жолдың бүкіл адамзаттың даму жолы бола алмайтындығының негізгі 

себептерін барынша бейнелі түрде ашып көрсеткен. Өр кеуде Батыс 

Мағжан айтқан осы бір терең көрегендік ойлардың дұрыстығын жүз 

жыл өткен соң барып мойындауға мәжбүр болып жатыр. 

Сонымен,  адамзат  баласының  бар  арманы  бақытты  қоғамда  өмір 

сүруге саяды. Ал ондай қоғам қандай болмақ? Қазақ халқының қия-

лы Асан қайғыны желмаясына мінгізіп, «Жерұйықты» іздетті. Батыс 

капитализм мен социализинің теориясына сүйеніп, адамдар бақытты 

өмір сүруге тиіс не бір қоғамдық құрылыстың үлгілерін жасады. Ең 

соңғы ұсынған нарықтық – экономикалық қарым-қатынастарға негіз-

делген капиталистік «ашық қоғам» бүкіл адамзат қауымын жар жаға-

сына апарып қойды., Ары қарай жол жоқ – апат. Осы жолмен келе жат-

қан Қазақстан да қазір осы дағдарыстың тауқыметін басынан кешіріп, 

одан шығудың жолдарын қарастырып жатыр.

Бақытты қоғамды ата-бабаларымыз «Жерұйық» деп келген болса, 

қазір біз «өркениетті қоғам» атап жүрміз. Өркениетті қоғам дегеніміз 

– адам баласының бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жаса-

лынған қоғам. Қоғамдық дамудың еуропалық үлгісі адамдарды бақыт-

ты өмір сүруге жеткізетін материалдық байлық дегенге негізделді де 

бүкіл әлеуметтік қарым-қатынастар осыған сай құрылды. «Өмір де-

геніміз – күрес», мықты болсаң, жеңіп шық та бай бол, сонда барып 

бақытты боласың деген ыңғаймен өмір сүру небір келеңсіз құбылыс-

тарды туғызды. Ақыр соңында капиталистік қоғам тек қана байлыққа 

бас ұратын, бүкіл әлемнің бар байлығын басып алуды мақсат тұтқан 

жыртқыш қоғамға айналды. Сөйтіп, адамдардың арасындағы түрлі қа-

рым –қатынастардың барысында ғасырлар бойы қалыптасқан адами 

ізгі қасиеттердің барлығы дерлік аяққа тапталды. Нәтижесінде адам-

зат  қоғамы  экономикалық  қана  емес,  гуманитарлық  та  дағдарысқа 

ұшырады. Қазіргі таңдағы қоғамдық дамудың американдық үлгісінің 

дағдарысқа ұшырауының басты бір себебін осы тұрғыдан ұққан жөн. 

Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін басты екі нәрсе қажет. 

Оның бірі – материалдық қажеттілік, яғни тірі жан ретінде тіршілік 

жасауын қамтамасыз етіп отыратын тамақ, киім-кешек, үй- жай, олар-

ды өндіретін өндіріс. Екіншісі рухани азық, яғни адамдардың хайуан 

болып  кетпей,  адам  болып  қалуы  үшін,  бір-бірімен қарым-қатынас-



328

тарда түсіністікке, үйлесімділікке бастап отыратын ізгі адами қасиет-

тер . Мұның біріншісін тән азығы,  екіншісін жан азығы деп жүрміз. 

Осы екеуі бір-бірімен үйлесіп, сәйкес дамып отыруы керек. Осы шарт 

орындалмай біреуі қалып қойса, қоғамда түрлі кереғарлықтар туын-

дап,  соңы  сорақылықтарға  соқтыруы  мүмкін.  Қазіргі  кезде  әлемде 

басталған  дағдарыстың  тек  қана  материалдық  байлықты  ойлап,  дү-

ниеқуушылықтан, рухани құныдылқтардың аяқ асты болғандығынан 

бастау алғандығын байқау қиын емес. Адамзат баласының ғасырлар 

бойы тірнектеп жинаған рухани асыл қазыналарының орнына Батыс 

ұсынған «жаппай мәдениет», «ашық қоғам», «адам құқықтары» сияқ-

тылар қоғамға емес, ат төбеліндей жекелеген топтарға ғана, адамзат 

қауымдастығын біріктіруге емес, бұзуға қызмет етті. 

Адамзат қоғамының дұрыс жолда жүруі оның экономикалық және 

рухани  жақтарының  бірге,  бір-бірімен  үйлесе,  бір-бірін  толықтыра 

отырып  қатар  дамуынан  көрінеді.  Сонда  ғана  барып  өркениетті  қо-

ғам орната аламыз. Бұл турасында қазіргі көзі тірі түрік ойшылы Фет-

хуллах Гүлен «Шынайы өркениет – ғылым мен адамдықтың әрқашан 

жоғары деңгейінде орын алатын құбылыс. Сондықтан әр нәрсені тек 

ғылым  тұрғысынан  қарастырған  батыс  өркениеті  сал  болып  қалды, 

ғылым жолына тура түсе алмай, тұйықталып қалған Шығыс өркениеті 

қазіргі жағдайда жартылай тағылықтың шағында. Болашақтың өрке-

ниеті Батыстың ғылыми жетістіктерінің және Шығыстық сенім мен 

көркем мінездің бауырында гүл жарып шешек атады» – деп жазады.  

Гүленнің  «Өркениет  –  байлық,  жалған  сыпайылық,  тән  құмарын 

қанағаттандыру және нәпсінің азғындыққа салынуы емес. Ол – көңіл 

байлығы, рух нәзіктігі, терең парасаттылық пен өзгелерге деген құр-

меттен тұрады...

Өнегелілік игілікке сүйенбеген, ақыл мен ар- ұждан бұлағынан су-

сындамаған өркениет – адамзаттың бақыты емес, найсап нәпсінің же-

тегіне ерген ат төбеліндей топқа ғана қызмет ететін өтпелі салтанатты 

шеруі. Оның жылан терісіндей жылтыраған сыртқы көрінісіне көңілі 

жібіген жандардың жағдайы неткен өкінішті». – дегендерінде қазіргі 

кездегі адамзаттық қоғамның жалпыға ортақ моделі ретінде ұсыны-

лып отырған «ашық қоғамның» бет- бейнесі анық көрінеді.

Сонымен өркениет қазіргі Батыс идеологтары жар салып жүрген-

дей, тек қана материалдық байлықпен өлшенбейді. Адам баласының 

бақытты өмір сүруі үшін материалдық байлық қана жеткіліксіз, өзін 

пендешіліктен  жоғары  азамат  ретінде  сезінуге  жағдайлар  жасайтын 

рухани байлық та өте-мөте қажет. Сондықтан да өркениеттің басты 

көрсеткіші алтын-күміске малынған мыңғырған байлық, немесе сән-

салтанатқа оранған сәнді сарайлар емес, ұлттық негізде тәрбиеленіп, 

жан-жақты білім алып, рухани жағынан жетілген парасат – пайымы 

мол адамдар, солардың арасындағы ізгілікке толы қарым-қатынастар. 

Демек, қандай да бір қоғам болмасын, оның басты сипаты жан-жақ-

ты  жетілген  адамдарымен,  олардың  арасындағы  гуманистік,  адам-




329

гершілік ұстанымдарға негізделген әлеуметтік, экономикалық қарым-

қатынастардың орын алуынан көрінеді. 

Ұлы Абай «Адамұғлы екі нәрсе бірлән: бірі – тән, бірі – жан», «жас 

бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, 

ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Бұлар болмаса, тән жанға 

қонақ үй бола алмайды, тән өзі өспейді; қуат таппайды... Мұның бәрі – 

жан құмары: білсем екен, көрсем екен, үйренсем  екен деген»; «Ішпек, 

жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, 

мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өл-

шеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады»; «Жан қуаты деп туған 

қуат – бек көп нәрсе», – депті. Данышпан Абайдың бұл сөздері терең 

ойларға жетелейді.

Ұлттық  «Педагогиканы»  жазған  М.Жұмабаев  Абайдың  пікірлерін 

ары қарай жалғастырып: «Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен 

тұрғандықтан, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан адамзат үшін аса 

қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен 

«Адам» деген атты осы ғана береді» деп жазыпты. Яғни, адам «тән» 

мен  «жаннан»  тұрады.  Адам  тірі  жан  иесі  ретінде  өмір  сүруі  үшін 

оның ішіп жеуі, киінуі, баспаналы болуы, т.б. қажет. Бұлар – тәннің 

тіршілігі  жасалуын  қажет  ететін  материалдық  қажеттіліктер.  Сезім 

мүшелері арқылы сезілетін материалдық құндылықтар – өмір сүру-

дың бірінші шарты. Ал адамның адамзат қоғамында басқалармен үй-

лесімді өмір сүруін қамтамасыз ететін – жан. Жанды қоректендіретін 

– рух, рухани азық. Тәнді нәпсі, жанды рух билейді. Абайдың «адам 

өмірге келгенде, ішсем, жесем деп келеді» дегеніндей, алдымен тән 

қажеттілігі басым болады да жан ер жету үстінде тәрбие арқылы бірте-

бірте қалыптасады. Жан адамды хайуаннан айыратын екінші сигнал 

системасының  пайда  болуымен  тікелей  байланысты.  Адам-осы  тән 

мен жанның бірлігі. Адамды осы тәннің нәпсісі билеп кетсе ол дүние 

қуушылыққа, басқа да түрлі азғындық қылықтарға бастайды, адамды 

«бұзатын нәпсінің таласы» (Шәкәрім); ал рухани жағынан жетілген 

жан билесе ізгілік, адамгершілік салтанат құрады. Ал осы екеуін де 

басқаратын – ақыл. Ақыл – тән мен жанның азықтарын қажетіне қа-

рай реттеп отыратын таразы. Адамда нәпсі мен рухтың қайсысы күшті 

болса, ақыл көбіне соған қызмет етеді. 

Рух – адам денесіндегі ерекше бір қуат көзі. Рухы күшті, рухани жа-

ғынан жетілген, рухтанған адам –  мықты; ол алған бағытына сенімді, 

одан  қайтпайды,  жеңбей  қоймайды.  Рух  жүрекке  тікелей  әсер  етіп, 

оны ізгі істерге бастайды. Сондықтан да адам бір істі қолға аларда, ой-

ланғанда, әрдайым жүрек не дейді, соны тыңдап барып кірісуі керек.

Сонымен рухтың ұясы – адамның жүрегі. Адамның бойындағы бар 

жақсы қасиеттер де, жамандық та жүректе жатады. Қолмен жасалған 

жақсылық  та,  қатыгездік  те  жүректен  шығады.  Жан  –  жүректе  қан-

дай рух жайғасқан- әр адамның қоғамдағы орны, іс әрекеті сияқты бар 

нәрсе  осыған  байланысты.  Сондықтан  да  адам  жанын  білімдарлық, 

кішіпейілділік,  имандылық,  мейірімділік,  қайырымдылық  ізеттілік, 



330

қонақжайлылық сияқты адамзат баласының заманалар бойы тірнектеп 

жүріп жасаған  рухани құндылықтарымен  суғару барлық уақытта да 

күн тәртібінен түспейді. Бұлай болмаса, адамзат қоғамы өркендемек 

түгілі, бір-бірімен қырқысып, бір-бірін қырып, құрдымға бет алады. 

Демек, адамзат қоғамының дамуы оның тіршілік иесі ретінде өмір 

сүруін қамтамасыз ететін материалдық байлықты жасаумен шектел-

мейді,  соған  сәйкес  рухани  жағынан  жан-жақты  жетілген  «толық 

адамды» (Абай) жасайтын рухани құндылықтарды да жетілдіріп, ба-

йытып отыруы, сол жинақталған рухани байлықтың негізінде адам-

дардың арсындағы гуманисттік бағыттағы экономикалық, әлеуметтік 

қарым-қатынастарды  қалыптастыру  да  қатар  жүріп  отыруы  керек. 

Бұл- материалдық қор жинау, рухани құндылықтарды жетілдіру, адам-

дардың арасындағы түрлі қарым-қатынастарды гуманистік, демокра-

тиялық негізде орнықтыру деген сөз. Осы үш бірлік бұзылса, адамзат 

қоғамының қалыпты өмір сүруі де бұзылады. 

Қоғам  дамуын  қамтамасыз  ететін  осы  үш  міндетті  жүзеге  асыруда 

адам факторы – аса маңызды. Өйткені, адам –қоғам дамуының басты 

қозғаушы күші. Материалдық байлықты да, рухани құндылықты да, қо-

ғамды да жасайтын – адам. Адам қандай болса, қоғам да сондай. Осы 

жерде  ұлы  Абайдың  «Қашан  бала  ғылым,  білімді,  махаббат  пен  көк-

серлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» дегені еске түседі. Бұл 

жерде Абай «толық адамды» айтып, атын үлкен әріппен жазып отыр. Ал 

Абайдың «толық адамы» – рухани жағынан бай, білімді, өз қамынан ел 

мүддесін жоғары қоятын, пендешіліктен  ада, парасатты азамат. 

Демек, рухани жағынан жетілмей өркениетті қоғам орнату мүмкін 

емес, елес қана. Ал руханиятқа келсек, ол – адамзаттың адам ретінде 

өмір сүруін, бір-бірімен қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін аса 

күрделі сала. Руханият – адам өмірінің барлық жақтарын қамтып, өмір 

сүру амалдарын, оның мәні мен маңызын, мақсатын айқындап отыра-

тын ұлы күш. Рух – адамның жан дүиесінің асыл қасиеті. Рухты адам 

– күшті адам, рухсыздың ереңі – бұлыңғыр. Ұлт та сол сияқты, сол 

ұлтты құрайтын адамдардың рухына қарай ерекшеленеді. Рухы күшті 

ұлт  күшті  де,  рухсыз  халықтың  болашағы  жоқ.  Ұлттық  сана-сезімі 

жетілмеген ұлттар күшті халықтардың шылауында кетіп, өзінің ұлт-

тық болмысын жоғалтады. Бұл жайында Мұстафа Шоқай тамаша ай-

тыпты: «Ұлттық рухсыз ұлттың тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих 

ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың 

нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында 

өсіп дамиды, жеміс береді». 

Құдайға  шүкір,  өткен  ғасырдың  соңына  қарай  әлем  картасында 

Қазақстан атты мемлекет пайда болып, тарих сахнасына шықты. Үш 

ғасырдай отарлаудан рухы әбден әлсіреп, рухани аурудан, саяси соқ-

қылардан есін жия алмаған қалжыраған күйі қазақ халқы бұл кезде әб-

ден күшейіп алған Батыстық идеологиялық шырмауына тағы да ілініп 

қалды.



331

Отарлау бұрын қарулы күшпен жүргізілсе, қазір идеология арқылы 

жүзеге асып жатыр. Экономикалық негізгі мықты Батыстық идеоло-

гия басқа халықтардың ұлттық рухын улап, тамырына балта шауып, 

ұлт ретінде жойып, бағындыруды мақсат етуде. Өйткені экономикасы 

қанша мықты болғанымен де рухы әлсіз болса ол мемлекет те әлсіз. 

Ұлтты ұлт қылып ұйытатын ұлттық рухты әлсірету,сол халықты іштей 

ірітіп ыдырату арқылы бөлшекте де билей бер дейтін, сананы жаулап 

алу арқылы бағындыру, бодан қылу саясатына жол ашылады. 

Бізде қазір сырты жарқ – жұрқ жылтыр, іші бұлдыр Батысқа елік-

теушілік басым. Бөтенге еліктеушілік түптің түбінде ұлттық болмыс-

тың әлсіреуіне апарып соқтырады. Ұлтсызданудың алғашқы белгілері 

өз тілін, тарихын, мәдениетін білмеушілік, яғни маргиналдық құбы-

лыстар – ұлттық болмыстан, ұлттық мінезден айрылудың басы. Осы-

ның барлығы жинала келе ұлттық сана-сезімнің кемуіне апарады да 

оның ар жағында жатқан ұлтсыздану, ұлттың жойылу жолы бастала-

ды. Бөтенге көзсіз еліктеушілік, рухтың кеміп, ұлттық өмір салтынан 

ажырау түптің түбінде ұлттық болмыстың жойылуына әкелсе, ұлтсыз-

данған ұрпақтың болашағы жоқ. 

Сонымен  ұлт  дегеніміз  –  адамзаттың  ғасырлар  бойғы  даму  бары-

сында белгілі бір рухани құндылықтар негізінде қалыптасқан адам-

дардың  белгілі  бір  тобы,  халық.  Демек,  ұлттың  мәні,  мәйегі  оның 

рухани негізінде. Рухани негізсіз ұлт болмайды. Ал ұлттың рухын же-

келеген адамдардың рухы құрайды. Халық адамдардың ұлттық сана- 

сезімімен күшті. Қоғамда адамдардың пенделік қасиеттері басым жат-

са, ол – әлі ұлттық сана – сезімінің жетілмеуінің салдары. Пендешілік 

жайлаған халық та, мемлекет те әлсіз. Ал сол пендешілік қасиеттер 

азаматтыққа ұласып, ұлттық рухы халыққа қызмет етсе, сол ұлт, сол 

мемлекет мықты. Сондықтан да қай мемлекетте болмасын, жекелеген 

адамдардың,  топтардың  мүддесінен  гөрі  ұлттың  мүддесі,  халықтың 

қамы жоғары тұруы керек. Өркениетті мемлекетте ішкі, сыртқы саясат 

барлық уақытта да оны құрайтын ұлттың болашағын қамтамасыз етуге 

бағытталады. Бұл ретте ұлттың ұлылық қасиеті оның ұлттық болмы-

сында, яғни рухани қазынасында екендігі, оны көздің қарашығындай 

сақтау әрбір азаматтың ұлт алдындағы ұлы парызы екендігі әрдайым 

есте болғаны жөн. Сонда ғана сол ұлттың ұлттығын қамтамасыз етіп 

отыратын мемлекет өркендейді, өзінің әрбір мүшесінің жан – жақты 

өсіп жетілуіне барлық жағдайлар жасалынады.

Осы төңіректе бізде де шешімін күтіп тұрған бірсыпыра мәселелер 

баршылық. Бұлар – отаршылдықтан әбден қалжырап шыққан ұлттық 

рухымыздың тәуелсіздкке қолымыз жеткенімен де әлемді жаулап жұ-

тып жатқан жаһандану атты жалмауызға тағы да душар болып, есін 

жия алмай жатқандығынан, соны тез арада шешуден туындайтын мә-

селелер. Сонымен еліміздің ертеңін, болашақ ұрпақтың қамын ойла-

сақ, ең алдымен, тез арада басты ұлттық проблема ретінде руханият 

мәселесі дұрыс жолға қойылуы керек.




332

Ұлт қамын жеген Мұстафа Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық 

тіл» екендігін айтты. Ұлы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың 

жаны, жан – дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыр сияқты. 

Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» – 

деп жазады. С.Аманжолов «Тіл әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, 

бүгінгі  жалғасқан  ғұмырының  ертеңге  апарар  мүддесін  бейнелеуші, 

яғни бар тарихының куәгері, дерек көзі» – деп біледі. Тілдің ұлт өмірін-

дегі аса маңызды рөлі жайлы қаншама пікірлер айтылды десеңші. Со-

лардың барлығындағы негізгі ойды ары-қарай тарата түссек, тіл ұлттық 

рухани  азықты  адам  бойына  таратар,  сөйтіп  жүрегіне  жан  берер  қан 

тамыры іспеттес. Тамырмен  қандай қан жүрсе, жүрек те солай соға-

ды: қан таза болса, жүрек те жақсы жұмыс істейді, қан бұзылса, жүрек 

те әлсірейді. Демек, ұлттық рух тілден басталып сол арқылы жүрекке, 

адам жанына әсер етіп, қозағушы күшке ие болады. Сондықтан да ұлт-

тық атаулының бар мәселесі осы тілден басталады. Тіл мәселесі дұрыс 

қойылған жерде ұлттық мәселе де негізінен дұрыс шешіледі.

Тәуелсіздік  алғанымызға  18  жылдай  уақыт  өткеніне  қарамастан 

бізде  әлі  де    тіл  мәселесі  ойдағыдай  деп  айта  алмаймыз.  Рас  оның 

обьективті,  субьективті  себептері  болды.  Ең  бастысы  Қазақстанның 

демографиялық  жағдайы  тілден  басталатын  ұлттық  саясатты  батыл 

жүргізуге  мүмкіндіктер  бермеді.  Қазақстандағы  қазақтардың  үлесі 

1989 жылы 40 %, 1999 жылы 52%, 2009 жылы 67% болғандығы көп 

нәрсені аңғартса керек. 

Қазақстанның  демографиялық  жағдайы  кезінде  ұлт  қамын  жеген 

қазақ зиялыларын көп ойлантқан. Бұл турасында Ахмет Байтұрсынов 

«Қазақ деген қашаннан ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға 

шейін  тұтас  тұрған  халық  едік.  Арамызға  әр  түрлі  жұрт  кіріскенде, 

солармен  қатар,  атымыз  жоғалмай,  қазақ  ұлты  болып  тұра  аламыз 

ба?  Осы-бізді  төсекте  дөңбекшітіп,  ұйқымызды  бөлетін  нәрсе.  Бас-

қа жұртпен араласқанда, өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз 

тілінде жоғалған сөзі (әдебиеті) бар жұрттар ғана тұрады. Өз тілімен 

сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құ-

рымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп бола-

тын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоға-

лады. Өз ұлтынан басқа жұртты қосамын дегендер әдейі сол жұрттың 

тілін ыдыратуға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды 

тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақтану қа-

мын қатар ойлау керек. Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне қарағанда, 

һәм  мұнан  былай  ісіміздің  беті  осы  болса,  қазақ  тілі  азып  жоғалуы 

ықтимал» – деп, өткен ғасырдың басында – ақ (1913) «Қазақ» газетінің 

бетінде  «менмін»  деген  бар  қазаққа  жар  салыпты.  Өзін  «қазақпын» 

деп санайтын әрбір намысты азаматқа бағытталған осы бір сөздердің 

айтылғанына бір ғасырдай уақыт өтсе де бүгінгі күнге дейін өз маңы-

зын жоя қойған жоқ.. Керісінше, аз ұлттардың жолын кеспек жаһанда-

ну жағдайында зәрулігі арта түсуде. 




333

Тілдің адам, ұлт өміріндегі аса маңыздылығы жайлы есітер құлақ,ұ-

ғар  жан  болса,  небір  пікірлер  айтылыпты.  Атақты  философ  И.Кант 

«Халық  өз  тілінен  айырылған  кезде,  ұлттық  мінезінен  де  айырыла-

ды» десе, Б.Долан «Туған тіліңді қорғау – туған отаныңды қорғаудан 

да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әй-

теуір азат етеріне сенесің. Ал тілің жауланса – бітті» – депті. Орыстың 

атақты педагог жазушысы К.Ушинский «Халық арасындағы тіл өлсе, 

халық та өледі» десе тағы бір орыс жазушысы К.Паустовский «Ана 

тілін ұмытқан адам отанға аса қауіпті»-деген. Аз ұлттың өкілі Расул 

Ғамзатовтың тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлемін дегенін ойлы 

адам түсінеді. Атақты қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов «Тіл жоқ 

жерде ұлт жоқ» деп, жар салды.

Қазақтың бұрынғы өткен зиялыларының ішінде қазақ тілінің болаша-

ғына алаңдап, пікір білдірмегендері кем де – кем. Олардың кейбірін тіл-

ге тиек еттік те. Солардың ішінен алашшыл Х.Досмұхамедовтің мына 

бір пікірін тағы да еске сала кеткіміз келеді. «Өз тілін білмей тұрып, жат 

елдің тіліне еліктеу- зор қате». Өткен ғасырдың бас кезінде айтылған 

осы бір сөз ХХІ ғасырдың бүгінгі ұрпағына да қарай айтылғандай.

Мұстафа Шоқайдың «Қазақпын деп мақтануды ар көретін, қазақтың 

тілінде сөйлеуді масқаралық қөретін салт қайдан шығып отыр? Бала-

лардың көбі не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бірдеме 

болып өсіп жатқанын неге көрмейсіңдер»-дегені ұлт зиялыларына қа-

рай айтылған намысты сөз сияқты. Ұлтжанды азаматтың ар-намысына 

тиетін осындай масқара жағдайға шыдай алмаған Бауыржан Момышұ-

лы майданда жүріп, 1944 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Ко-

митетінің  хатшысы  М.Әбдіхалықовқа  хат  жазыпты.  Онда  мынадай 

жолдар  бар:  «Қазақстанда  қазақ  тілі  заңның  әділдігі  бойынша  мем-

лекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарып отырғызылып, 

бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып, 

тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын 

ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы жөн». Ха-

лық қаһарманы Бауыржан батыр бұл сөздерін бұдан алпыс жыл бұрын 

айтса да, билік басында жүргендер әлі күнге дейін құлақ салмай келеді. 

Кезінде И.В.Сталиннің «бір ғана совет халқы, бір ғана мемлекеттік 

тіл –орыс тілі болуы керек», Н.С.Хрущевтің «орыс тілін неғұрлым тез 

үйренсек, соғұрлым коммунизмге тез жетеміз» деп даурыққан дәуірдің 

келмеске кеткенін ұғынатын кез келді. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақтың 

қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі», «Ана тілін білмеу қа-

зақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс», «Қазақ қазақпен қазақша сөйле-

суі керек», «Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап», «Қазақ 

елі барда қазақ тілі де болады, өседі, өркендейді» деген сияқты қазақ 

тіліне жанашырлық танытқан, қамқор болған пікірлерін ылғи да айтып 

келеді. Соған қарамастан, бізде дәл осы мәселеде шешімін күтіп, қор-

даланып тұрған мәселелер баршылық. Сонда сөз басқа, іс басқа болға-

ны ма қалай? Ойлануға тура келеді. Ынтымақ, бірліктің басы «тілде, 

пікірде, істе бір болу» (Ы.Ғаспарлы) екендігін ұмытпайық. 



334

Тілдің толыққанды өмір сүруі адамдар арасындағы қарым-қатынас 

құралы ретіндегі көптеген қызметтерімен бірге оны ғылыми тұрғы-

дан дұрыс танып, заңдылықтарын қамтамасыз етіп отыруға да бай-

ланысты. Тіл үйренуге, қолдануға неғұрлым оңай болса, тіл бұзушы-

лықтардан заңмен қорғалып отырса, соғұрлым өміршең болады. Осы 

тұрғыдан келгенде, қазақ тіл білімінде орыс графикасы негізінде жа-

салынған алфавиттен бастап, көптеген тілдік мәселелер өз шешімін 

күтіп тұр. Басқа тілдердің үздіксіз шабуылына ұшыраған қазақ тілін 

үндестік заңына негізделген түркі тілдеріне ортақ, табиғатына сай ал-

фавит жасау арқылы қазақ тілінің болмысын бұрмалаған түрлі әсер-

лерден құтылып, өзінің ұлттық болмысын сақтап қалумен бірге туыс-

қан түркі тектес халықтармен де жақындаса түсер едік. 

Әрбір саналы адам өзінің ертеңгі күнін ойлайтыны сияқты ұлт та 

болашағы  үшін  бүгіннен  қам  жасайды.  Ол  өзін  басқа  жұрттардан 

қорғап, сақтап қалу, қалыпты тұрмыс-тіршілігін, жан-жақты дамуын 

жүйелі түрде қамтамасыз етіп отыруы үшін саяси ұйымын – мемле-

кеттігін құрады. Мемлекет – өзін құрған ұлттың қызметшісі, қорғаны. 

Ұлттық  мемлекет  саясатының  өзегі  –  ұлттық  идеология.Мемлекетті 

сол ұлттың ортасынан сұрыпталып шығып, азаматтық істерімен ха-

лық  құрметіне  бөленген  озық  ойлы  азаматтары  басқарады.  Мемле-

кеттік саясаттың басты бағыты сол мемлекетті құрып отырған ұлттың 

мүддесіне қызмет ету болса, Батыстың кемшілігі сол – мемлекет ұлт-

қа, халыққа емес, жекелеген топтарға қызмет етті. 

М.Шоқайдың  «Өзінің  ішкі  бірлігін  нығайта  алған  халықтар  ғана 

тәуелсіздігіне қол жеткізе алады. Және оны қорғап қала алады» де-

ген сөзі  біз үшін барлық уақытта да есте болуы керек.Сондықтан да 

Отанын  қорғайтын,  оған  адал  қызмет  ететін  ұлт  патриоттарын  тәр-

биелеу аса маңызды мәнге ие. Ал патриотизмнің іргетасы –  ұлтын, 

Отанын сүю, бір сөзбен айтқанда, ұлтшылдық. Бұл жердегі ұлтшыл-

дық бұрынғы әдет бойынша, кейде басқашалау ұғынылуы да мүмкін.

Отаршылдық  саясат  бізге  үш  жүз  жыл  бойы  ұлтыңды  сүйме,  басқа 

жұрттардың  кедей-кепшігін  сүй,  ұлтшылдықтан  жаман  нәрсе  жоқ 

деп,құлағымызға  құйып  келді  Нәтижесінде  «ұлтым»  дегеннің  бәрін 

жек  көріп,елді  бұзатын  «халық  жауы»  санап,  оған  қарсы  күресіп 

келдік.  Енді  тәуелсіздік  алған  халқымыздың  бойында  ұлтшылдық 

қасиеттер жетіспеуде..Ғ.Мұстафин айтпақшы, бұрын ұлтшылдықпен 

күресіп  келсек,  енді  ұлтсыздықпен  күресіп  жатырмыз.Өйткені,  ұлт-

шылдық –  тәуелсіздіктің негізгі тіреуі.Ұлтшылдық дегеніміз – әрбір 

азаматтың өз ұлтын, өз халқын барынша сүйіп, өз ұлтының рухани 

құндылықтарымен  өмір  сүру,  Отанына  адал  қызмет  етіп,  оны  жан-

тәнімен қорғай білу.  Ұлт, мемлекет патриоттық рухта тәрбиеленген 

адамдарымен  күшті  «Кім  өз  ұлтын  құрметтемесе  және  оны  мақтан 

тұтпаса, ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас». «Ұлттық 

мқтаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң» ( Б. Момышұ-

лы). Ұлтын сыйлау, оған адал қызмет ету,ұлт асылдарын мақтан көру – 




335

әрбір саналы адамның қоғам алдындағы азаматтық парызы. Өз ұлтын 

сыйламау, оны мақтаныш тұтпау – сыпайылап айтқанда, сатқындық. 

Адамдар  алдымен,  қан  арқылы  бірігеді.  Бір-бірімен  ағайын-туыс, 

құда-жегжат,  нағашы-жиен,  бөле  болып  кете  беретін  қазақтың  бір-

біріне жаты жоқ, керісінше, бәрі туыс. Бір-бірімен жөн сұраса, әңгіме-

лесе келгенде, әйтеуір, бір жағынан ілік тауып, жалғасып жататын қа-

зақтың жақындығын көргенде, әлемде мұндай бауырмал,туысқаншыл 

халық жоқ шығар деп ойлайсыз. Солай десек те,адамдар алдымен қан 

жағынан туысса,жан жағынан оларды рух біріктіреді. Күллі қазақтың 

басын қосып, жұмған жұдырықтай құлшындырып, ұлттық ұлы істер-

ге бастайтын – оның ұлттық рухы. Батыс қоғамының басты кемшілігі 

сол, олар үш ғасыр бойы кезінде прогресшіл сыпатта болған капита-

листік қарым-қатынастарды жетілдіре түсу барысында материалдық 

игіліктерді  өндіруде  тамаша  технологияларға  қол  жеткізгенімен  де 

бір жақты кетіп, өзінің рухын жоғалтып алды. Қазір қоғамдық-эконо-

микалық дағдарысқа ұшыраған Батысты бұл тығырықтан алып шы-

ғатындай күшті рухы жоқ.Біз де сондай кейіпке түсер ме дік, қайтер 

едік,тәуелсіздікке қолымыз жетпегенде. Құдайға шүкір,үш ғасырдай 

отаршылдықтың  озбырлығын  көргенімен  ұлттық  рухымыздың  сағы 

сынбай,  сақталынып  қалыпты.Енді  әбден  әлсіреген  рухымызға  ба-

рынша жан беріп,оған барынша жол ашып, оны ту ғып көтеріп,ұлы 

жеңістерге жол бастау бүгінгі, болашақ ұрпақтардың ұлт алдындағы 

асыл парызы болмақ.   Ұлттық мемлекеттің болашағы өкімет жүргізіп 

отырған ұлттық идеология саясатынан анық көрінеді. Ұлттық идеоло-

гия дегеніміз – қоғамдық өмірдің барлық мәселелерінің ұлттық мүдде 

тұрғысынан шешім табуы.Мемлекет ұлттық саясатты неғұрлым батыл 

жүргізсе, сол ұлттың мерейі де соғұрлым өсе түседі.Ал ұлттың,мем-

лекеттің мықты болмағы ұлттық идеялармен суғарылған,пенделігінен 

гөрі азаматтығы басым адамдарының көпшілік болуына тікелей бай-

ланысты.Ұлттық мемлекетте ұлттық рухани құндылықтардың салта-

нат құруы – заңдылық. 

Ұлт бар жерде ұлтшылдық бар. Ұлтшылдық дегеніміз – тек менің 

ұлтым жақсы деп, өзгелерді өңештен итеру емес, керісінше, басқалар-

ды да құрметтей отырып, өз ұлтын барынша сүю, оған қызмет ету. М. 

Шоқай айтпақшы, ұлтшылдық идея – «халқымыздың жаны мен жү-

регі. Ұлтымыз өмір сүрсе, ол да бірге өмір сүреді». Қоғамдық даму ба-

рысында ұлтшылдық мәселесін мемлекеттің ұлттық құрамына, дәуір 

тынысына орай жүргізіп отырудың маңызы зор. Бұл үшін мемлекеттің 

әр кезеңнің өзінің талаптарына сай саясатының қысқа, ұзақ мерзімдік 

мақсаттарын  айқындап  отыратын,  ұлттық  дамудың  компасы,  баро-

метрі іспеттес жалпыұлттық идеологияны жасау – бүгінгі күннің аса 

зәру талабы. Ұлттық идеологияда халықтың рухани құндылықтарын 

сақтауға,дамытуға  айрықша  көңіл  бөлініп,  оны  қоғамдық  дамудың 

қозғаушы күшіне айналдыру үшін алға нақтылы міндеттер қойылады.     

  Рухани  құндылықтар  –  адамзат  баласының  ой  еңбегінің  жемісі. 

Ал ойлау тіл арқылы жүзеге асса, тіл дегеніміз – ұлт. Тіл тұтастығы 



336

–    ұлт  тұтастығының  бірден-бір  кепілі.  Адам  қай  тілдде  өмір  сүрсе, 

сол ұлттың, рухтың мәдениетімен  сусындап, қалыптасады. Сондық-

тан да әрбір адамның қай тілде сөйлеп білім алуының, азамат болып 

жетілуінің маңызы зор. Қазақ тілінде тәрбиеленген баланың рухы, іс-

әрекеті қазақша, басқа тілдерде оқып, жетілгендерінің жайы өзгеше-

леу болады. Бұл жайлы Ж.Аймауытовтың «Ұлтын шын сүйіп аянбай 

қызмет қылған азаматы көп жұрт – күшті, өнерлі, білімді, жұрт болып, 

басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін қызмет қылмай, бас қамын ой-

лап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, 

Германия,  Жапония,  Англия,  Түркиялар...олардың  баласы  жасынан 

«ұлтым» деп өседі. Балаға бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жа-

қындатып тәрбиелеу керек, орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері 

бола алмайды» – дегенінің дұрыс екендігіне бүгінгі күн көз жетіп отыр.

Бұл жерде Жүсіпбек тілдің адамның қоғамдық өміріндегі шешуші 

ролін  айтып  отыр.  Шындығында  да  тіл  –  адамның  рухани  өмірінің 

бастауы, негізі. Адам қай тілде тәрбиеленсе, білім алса, сол ұлттың ру-

хани құндылықтарымен қоректенеді де бұл оның басқа рухани , яғни 

басқа ұлттық топырақта қалыптасуына жол ашады. Басқа тілде тәр-

биелену  оның  бүкіл  адамдық  болмысына  өзгерістер  әкеледі.Ең  бас-

тысы ұлттық сана-сезімі басқа рухқа көшеді. Оның өмірге деген көз-

қарасы, өмір сүру мақсаты, өмір сүру салты өзгеріп, бұрынғы ұлттық 

топырағынан алшақтай түседі. Оның адамшылық қасиеттерінде, мі-

нез-құлқында түбірлі өзгерістер туғызып, қоршаған ұлттық қоғамдық 

ортамен арада қайшылықтарға соқтырып,мұның аяғы адам тағдыры-

на әсер етуі мүмкін. Соңғы зерттеулер тілдік ортаның өзгеруі адам-

ның ішкі жан-дүниесіне ғана емес,сыртқы физиономиялық пішініне, 

жалпы физиологиясына да әсер ететіндігін анықтады. Адам өз тілінде 

жоқ дыбыстарды айту барысында ауыз, тыныс қуыстарындағы бұл-

шық еттердің бұрыннан қалыптасқан жүйесі қайта құрылып, жаңаша 

орналасып, жетіле бастауы барысында бет-пішінде, бүкіл организмде 

өзгерістер болады екен. 

Адамзат баласын алға жетектейтін – тәрбие. Тәрбиелі адамның қо-

ғам өмірінде биіктерге шыға алатындығы қамтамасыз етілген  ел ғана 

дұрыс жолда дами алады. Сондықтан да әрбір адам баласын дұрыс 

тәрбиелеуге ұмтылады. Платонның «ұл тәрбиелей отырып, жер иесін 

тәрбиелейміз, қыз тәрбиелеу арқылы ұлтты тәрбиелейміз»-дегенінде 

үлкен ойлар жатыр. 

Рух  тәрбиемен  келеді.  Сондықтан  да  «ең  үлкен  саясат  –  тәрбие» 

(Конфуций). Әл-Фараби «Адамға білімнен бұрын тәрбие берілуі ке-

рек...Адам баласына тәрбие бермей тұрып, білім мен ғылым берсең, 

ол  жүрген  ортасына  апат  әкеледі»  –  депті.Тәрбиелі  ғалым  –  ғалым 

да, тәрбиесіз ғалым – залым.Яғни, ұлттық рухта тәрбиеленген ғалым 

халқына адал қызмет етеді, оның ғылыми жаңалықтары ел  игілігіне 

айналады, ал басқаша өскен ғалым өзінің бар дарынын, білімін қара-

қан басының қамын жасауға жұмсайды, керек десеңіз оның ұлы жа-

ңалықтарының өзі оның жеке өзіне, одан қалды жекелеген топтарға, 



337

таптарға ғана қызмет жасап, қарапайым халыққа қайғы-қасірет әкелуі 

де мүмкін. Осы орайда Мағжан «адам баласын тәрбие қылу дегенде, 

әрине, адам баласының, әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу ке-

рек» дегенді қадап айтыпты. Сонда тәрбие дегеніміз жанды, сол жан-

ды соқтыратын жүректі рухани құндылықтармен азықтандыру болып 

шығады. М.Жұмабаев тәрбиенің мақсатын «адамды һәм сол адамның 

ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу» – деп анықтап-

ты. Ары қарай «Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, 

адамзат дүниесінің әрбір ұлты бақытты болса, адамзат дүниесі бақыт-

ты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала 

қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару»- деп, ой-

ларын тереңдете түскен.

Сонымен тәрбие дегеніміз – ұлттың рухани құндылықтарымен уы-

зында жарыған, жан-жақты жетілген болашақтың құрылысшыларын 

дайындау. Белгілі бір тілде жасалынған ұлттық құндылықтар жалпы 

адамзаттық  құндылықтарға  ұласып,  бірін-бірі  толықтырып  жатады. 

Бұдан  тіл  мен  руханияттың  тығыз  байланыстылығы,  бірінсіз  –  бірі 

жоқтығы  көрінеді.  Өйткені,  тіл-адам,  тіл-ұлт,  тіл-халық.,  тіл-айна. 

Адамның  кім  екендігі  сөйлеген  сөзінен,  ұлттың,  халықтың,  қандай-

лығы сол тілде жазылған әдебиетінен, тарихынан, шырқалған әнінен, 

өмір салтынан  көрінеді. Сондықтан да, әрбір адамды ұлттық тіл, ұлт-

тық топырақ, ұлттық дәстүр аясында тәрбиелеу аса маңызды. Өз тілін 

білмей, ұлтының тәрбиесін көрмей өскен адамдар туған халқының ру-

хани қасиеттерінен жұрдай, жат болады да дүбәра, бейшара қалыпқа 

түседі. Рухани қазына   негізінен ұлттық топырақта жататындықтан 

да оған қол жеткізу үшін тәрбие де сол ұлттық тілде жүргізілуі қажет. 

Өйткені ұлттың бар қадір-қасиеті, ұлылығы да, сұлулығы да сол тілін-

де жатыр. Бір сөзбен айтқанда, тіл – ұлттың айнасы. Ұлтты білгісі, та-

нығысы келгендер оның тілінде жасалынған рухани құндылықтармен 

танысу, сезіну, бойына сіңіру арқылы ғана қолы жетеді. 

Тәрбие  отбасынан  басталады.  «Әкеге  қарап  ұл  өсер,  анаға  қарап 

қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді дана 

халқымыз.  «Іңгәләп»  дүние  есігін  ашқан  сәбидің  өмір  сүруі,  тануы 

ананың аялы алақанында басталады. Ана баласының өсіп жетілуіне 

ақ сүтімен бірге ұлттық рухтың уызын да емізеді. Бесік жырын ана 

тілінде естімеген баланың ұлттық тәрбие алып, рухани жағынан то-

лық жетілуі екіталай. Қазіргі кезде кейбір ауқатты отбасыларында ба-

лаларды  бағу  ісімен  күтушілердің  айналысатындығы  да  ойлантады. 

Сонда ата-анасының тәрбиесін, әке-шешесінің мейірімін,  отбасының 

жылуын  көрмеген,  жақсы  қасиеттерін  бойына  сіңірмеген,  шаңырақ 

шаттығын сезінбеген баладан қандай азамат шықпақшы? Бала үйде 

де, балабақшада да, мектепте де тек ата-баба дәстүрінде тәрбиеленіп, 

ұлттық уызға жастайынан қанығуы керек. 

Мектеп білім ошағы ғана емес, «сонымен бірге, ақыл мен иманды-

лық тәрбиесінің ұясы. Бұдан басқаға ол қызмет ете алмайды, етпеуі 

тиіс» (Ы.Ғаспарлы). Білім беру ұлттық жүйеде жүзеге асып, онда ұлт-



338

тық сипат, рухани мазмұн болуы шарт. «Ұлттық мектеп – кез-келген 

халықтың ұлттық мәдениетінің қайнар көзі. Мәселен, тілдің, әдебиет 

пен баспасөздің, өнердің көптеген түрлерінің тіпті ақыр аяғында ұлт 

болып саналуының негізі» (С.Мұқанов). 

Ертеңін  ойлаған  ел  барлық  уақытта  алдымен  мектебіне  көңіл  бө-

леді. әрбір ұлттың, мемлекеттің болашағы, оның білім беру, тәрбиелеу 

жұмысының бүгінгі жай-күйіне тікелей байланысты. Өйткені, тегінде, 

«адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттері-

мен озады» (Абай). Сондықтан да болашақ ұрпақты жан-жақты білім-

дар, ұлтының рухани қазынасынан барынша суғарылған азамат етіп 

тәрбиелеу аса маңызды. Ұлттық тәрбие алған азамат қана ұлтына адал 

қызмет ете алатындығы әрдайым есте болғаны жөн.

Адам баласы өзінің өмір сүруіне қажетті білімдердің 70%-ын 12-13 

жасқа дейін алып, ойлау жүйесі, өмірге деген көзқарасы қалыптаса бас-

тайды екен. Осыған байланысты көптеген елдерде мектептегі, әсіресе 

бастауыш сыныптардағы сабақтар тек ана тілінде ұлттық дәстүр түрін-

де өтіледі. Баланың белгілі бір ұлт өкілі ретінде сана-сезімі қалыпта-

сатын, өмірге ұлт көзімен қарай бастайтын мектепте оқу тәрбие жұ-

мыстары бізде де ана тілінде жүргені лазым. Шетелге оқуға жіберіліп 

жатқан жастардың ана тілін білуі міндетті болуы қажет. Балабақшадан, 

бастауыш сыныптан бастап орысша, ағылшынша оқып жатқан бала-

лардың ертеңгі тағдыры кім-кімді болса да ойландыруы керек. 

Осы  жерде  ойланарлық  тағы  бір  нәрсе  бар.  Осы  күнге  дейін  біз-

дегі  білім  беру,  тәрбие  жұмыстары  еуропалық  педагогика  негізінде 

жүргізіліп келеді. Арғы тегі христиандыққа барып тірелетін, қоғамнан 

бұрын жеке бастың қамын, руханияттан гөрі материалдық байлықты 

көбірек күйттейтін, нақтылы пайданы көбірек көздейтін батыстық ілім 

– білімнен, тәрбиеден жеке бастан гөрі қоғамдық, мыңғырған малдан 

гөрі  рухани  құндылықтарды,  адамгершілік  қасиеттерді  жоғары  қо-

йып, «малым арымның садағасы» дейтін ұлттық дәстүрлер, иманды-

лық  бағытына  толық  көшкеніміз  жөн.  Ол  үшін  ұлттық  рухы  басым 

білім  беру  жүйесі  құрылып,  оқылатын  пәндердің  барлығына  дерлік 

ұлттық мазмұн берілуі керек. Білім – ғылымның жетістіктерімен қатар 

жас  ұрпақтың  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыратын,  қазақтың  төл 

мәдениетімен,  рухани  қазынасымен  таныстырып,  дәріптейтін  қазақ 

әдебиеті, қазақ тарихы, қазақ мәдениеті сияқты пәндер барлық маман-

дықтар бойынша оқытылуы қажет. Тәрбие жұмыстары ұлттық педаго-

гика, ұлттық психология, ұлттық салт-дәстүрлер негізінде жүргізілуі 

тиіс. Білім берудегі, тәрбиедегі басты мақсат- қазақ тілінің, рухының 

саулығы, ділінің бұзылмауы, дін бірлігі, ел бірлігі, қазақ жерінің тұ-

тастығы. Қалтасы қалың емес, халқының тілін, дінін, ділін, салт-дәс-

түрін жетік білетін, рухани құндылықтарын игерген, сол негізде өмір 

сүретін толық адамды үлгі тұтып, насихаттау болмақ. Бұған ата-баба 

дәстүрімен  жүріп, басқа халықтардың озық үлгілерінен үйрене оты-

рып қол жеткізуге болады. Сондықтан да білім беру, тәрбие істерін за-

манына қарай құбылып отыратын саясаттың құрбаны етуге болмайды.



339

Ұлттық тәрбиенің, руханияттың қайнар көздері- тіл, тарих, әдебиет, 

әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер.  Өз  ұлтының  тілін,  әдебиетін,  тарихын, 

әдет-ғұрыптарын  жетік  білген  адам  ғана  өз  ұлтын  шын  сүйіп,  оған 

адал қызмет ете алады. Ұлтының өсіп-жетілу тарихынан, әдебиеті мен 

мәдениетінен толық хабардар, рухани құндылықтарын бойына сіңір-

ген, жан-жақты білімдар адам ғана азаматтық биік деңгейден көрініп, 

парасат иесі атанады.

Рухани құндылықтарды игеру барысында қалыптасатын ұлттық са-

на-сезімнің  басты  бір  бастауы  –  көркем  әдебиет.  Сұрыпталған  сұлу 

сөздерден жасалынған ұлттық сөз өнері сол халық өмірі бедерленген 

болмысының айнасы іспеттес. Өнер ұлттық болса, әдебиет те ұлттық 

сипатта. Ұлтты білу, тану алдымен оның әдебиетінен басталады. Өйт-

кені әдебиетінен сол халықтың бар ұлттық болмысы жарқырап, сәуле-

леніп көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, әдебиет-ұлттың рухани қазына-

сы. Өз ұлтының әдебиетінде суреттелген ұлттық тұрмыс-тіршілікпен 

таныспаған, халықтық идеялармен сусындамаған, рухани құндылық-

тарын бойына сіңірмеген, көл-көсір көркемдік сұлулықты сезініп, эс-

тетикалық ләззат алмаған оқырманды шын мәнінде, мәдениетті адам 

деу қиын. Сондықтан да әдебиеттің адам өміріндегі айрықша рөліне 

барлық  уақыттарда  да  жете  көңіл  бөлініп  келді.  Көркем  әдебиеттің 

эстетикалық, танымдық, тәрбиелеушілік қызметтері адамның рухани 

жағынан жетілуіне барынша пайдаланылды. Белгілі бір халықтың мә-

дени дамуының көрсеткішіне айналып, әлемдік руханияттың асыл қа-

зынасына қосылған шығармаларда көрініс тапқан биік идеалдар, асыл 

армандар  қанша  ұрпақтарға  қуат  беріп,  тәрбиелеп  келеді  десеңізші. 

Рухани  құндылықтармен  құндақталған  әдебиетті  адамзат  өмірінен 

алып тастаңыз, бүгінгі қоғамды көзге елестету қиын. Адамды адам, 

бір-біріне бауыр, туыс, жақын ғып тұрған барлық жақсы қасиеттері 

жойылып, тек қана өзінің қарақан басының қамымен жүрген, азамат-

тығынан  гөрі  пендешілігі  басым,  қойын-қонышынан  сыңғырлаған 

алтын-күміс тиынның сыңғыры естілетін, сыңғырлаған суық қарудың 

ұшы көрінетін түсі сұсты адам, қоғам көзге елестейді. Мұндай қоғам 

әрине, адамға керек емес. Сондықтан да бізге әдебиет керек.

Жаңа жаһандану ғасыры әдебиеттің алдына да үлкен мәселелерді 

шешуді ұсынып отыр. Қазір өмірдің мәні дүние, мансап қуу деп түсі-

нетін  жастар  көркем  әдебиет  түгілі,  адамгершілік  туралы  айтқанда-

раңыздың  өзіне  шекесінен  қарайтын  болып  бара  жатыр.  Өмірдің 

жалт-жұлт еткен қызықтары оған ұзақ – сонар кітаптарды оқуға уа-

қыт  қалдырмауда.  Өзіне  керегін  теледидардан,  интернеттен  алуда. 

Алдыңғы ұрпақтардың көркем шығармаларды жарыса оқып, рухани 

қажеттіліктерін, білімін жетілдіре түсуге ұмтылу дәстүрін кейінгілер 

жалғастыра алмауда. 

Бұлар кездейсоқ құбылыстар емес. Мұның басты себептері  нарық-

тық экономикаға негізделген қоғамдық даму талаптары болса, екінші 

жағынан, билік тарапынан руханиятқа деген салқын көзқарас.  Руха-

ни  құндылықтарды  аяқ-асты  еткен  нарықтық  қарым-қатынастардың 



340

қоғамдық  дамуды  жарға  апарып  соқтырған  салдарларын  саралай 

отырып, көркем әдебиеттің адамзат баласының рухани өміріндегі аса 

маңызды  рөлін  естен  шығармай,  оның  әлеумет  өміріндегі  өзіне  ла-

йықты орнын алу үшін бірсыпыра мәселелерді ұлттық, мемлекеттік 

тұрғыдан тез арада шешу- бүгінгі күннің аса зәру мәселелерінің бірі. 

Өйткені адамзат баласын тек қана ізгілікке, адамгершілікке, сұлулық-

қа, сұлулықтан эстетикалық ләззат алып рахаттануға, адам баласының 

азаматтықтың биігінен көрінуге, мазмұнды да мәнді әдемі өмір сүру-

ге, сөйтіп өзін адам ретінде сезініп, бақытты өмір сүруге тәрбиелейтін 

әдебиетсіз  мына өмір бос.

Сонымен,  біздің  негізі  айтпағымыз  –  адам  «тән»  мен  «жаннан» 

тұратындықтан  да  оның,  адамзат  қоғамының  өркендеуі  осы  екі  жа-

ғының да материалдық және рухани құндылықтарға сүйене отырып, 

үйлесе дамуы барысында жүзеге асатындығы. Бұл шарт орындалмаса, 

қоғамның әлеуметтік өмірінде күтпеген қайшылықтар, кереғар құбы-

лыстар пайда болып, адамзат өркениетін апатқа апарып соқтырады. 

Бұған  нарықтық  экономикаға  негізделген  қоғамдық  дамудың  дағда-

рысқа ұшырауы – айқын мысал. 

Қоғамдық прогресс оның материалдық негізі мен адамдардың үй-

лесімді өмір сүруін қамтамасыз ететін рухани құныдылықтарды да қа-

тар дамыту барысында ғана жүзеге асатындығына көз жетті. Елімізді 

«ханталапайға»  алып  келген,  рухани  аштыққа  ұшыратқан  жаһанда-

ну заманының бұл келеңсіздіктерінен тек рухани күштің арқасында 

шыға  аламыз.  Сондықтан  да  рухани  құндылықтарымызды  қалпына 

келтіріп,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  әрбір  адамның  рухани 

жағынан  жан-жақты  жетілуін  қамтамасыз  ету  сияқты  аса  маңызды 

мәселелерді жүзеге асыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басым 

бағыттарының негізі болатын уақыт жетті. Бізге басқа жол жоқ.   Сон-

да ғана барып Қазақстан әлемдік өркениеттен өзіне лайықты құрметті 

орнын ала алады. 

Біз Еуразияның қақ ортасындағы сайын далада ет жеп, қымыз ішіп, 

сайран салған, сөйтіп өзгеше бір көшпелілер мәдениетін жасаған сақ-

тардың,Алтайдан Анадолыға дейінгі, Сырдан Сібірге дейінгі ұлан – ға-

йыр өңірде қайқы қылышымен ат үстінде атой салып, ат ойнатқан, дала 

төсін  дүбірлетіп,әлемді  өзіне  қаратқан  көк  түріктердің  ұрпағы  едік. 

Қазір кімбіз? Кім боп барамыз? Қайда бара жатырмыз? Ойланайық...

Біздіңше,біз өркениетті қоғамды тіл бірлігі, дін бірлігі, діл бірлігі 

арқылы ұлттық тұтастыққа қол жеткізу барысында ғана құра аламыз. 

Алға асығып жүріп,әркімге бір еліктеп, соңынан еріп жүріп,ата-баба-

ларымыз ғасырлар бойы тірнектеп жүріп жинаған рухани асыл қазы-

наларымыздан  айрылып  қалмайық.Өркениетке  ішкі  жан  –  дүниеміз 

ұлттық рухани құндылықтарымызбен суғарылған қазақы қалпымыз-

бен жете алатындығымыз есте болсын.

                                      



341

РУХАНИЯТ – ҚОҒАМДЫҚ

 ДАМУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

А

дамдар бақытты өмір сүретін бақытты қоғам орнату – адам-



зат  баласының  ежелден  келе  жатқан  көкейтесті  арманы. 

Ол  қоғам  қандай  болу  керек?  Адамзат  баласының  қиялы  небір 

қоғамдық  құрылымдардың  үлгілерін  жасады.  Асан  қайғылар 

желмаясымен  желіп  жүріп  «Жерұйықты»  іздеді.  Әл-Фараби  қа-

йырымды  қаланы  суреттеді.  Еуропада  «әлеуметтік  утопия»  елес 

берді. Адамды бақытты ететін байлық, яғни капитал деп білетін, 

бүкіл  әлеуметтік,  экономикалық,  рухани  қарым-қатынастар  ма-

териалдық байлыққа негізделген капитализм өмірге келді. Қоғам 

мүшелерінің бай-кедейге жіктелуі, материалдық игіліктерді өнді-

рудің  адамдардың  бірін-бірі  қанауына  негізделіп,  оны  бөлудегі 

әділетсіздіктерден бар байлықтың аз ғана топтың қолына шоғыр-

лануы салдарынан байлар мен кедей жіктелуі, материалдық игілік-

терді  өндірудің  адамдардың  бірін-бірі  қанауына  негізделіп,  оны 

бөлудегі әділетсіздіктерден бар байлықтың аз ғана топтың қолына 

шоғырлануы салдарынан байлар мен кедейлердің арасында ылғи 

да бітпес қарама-қайшылықтардың туындап, ақыр соңында әлеу-

меттік сілкіністерге алып келе беруі қоғамдық үлгінің бұл түріне 

наразылық туғыза бастады. Енді материалдық байлықты қоғам мү-

шелеріне теңдей етіп бөліп, халықтың негізгі бөлігін құрайтын ең-

бекші таптың мүддесін қорғайтын социализм елестен шындыққа 

айналды. Әлеуметтік теңдікті ту етіп көтерген бұл ілім таптық кү-

рес принципіне сүйеніп, қоғамның негізгі қозғаушы күші жұмыс-

шы табы деп танып, бұл тап қоғамдық дамуда билікті өз қолына 

алып, жер жүзінде социализм, одан кейін коммунизм орнататынын 

жария етті. Бұқара халық қолдаудың нәтежиесінде әлемнің үштен 

біріне жуығы социалистік даму жолына бет бұрды. Соған қарамас-

тан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында социалистік жүйе 

ешкім тиіспей-ақ, ешкіммен соғыспай-ақ өзінен-өзі күйреп түсті. 

Отарлау, таптық күрес саясатының барысында бодандыққа түскен 

көптеген  халықтар  социал-империализмнің  бұғауынан  шығып, 

еркіндік алды. 

Ғасырлар  бойы  тәуелсіздіктің  таңы  атып,  күні  шықпай  келген 

қазақ елінің де айы оңынан туып, егеменді ел атанды.  Қоғамның 

дамуы үшін, ең алдымен, еркіндік керек деп, Ш.Уәлиханов айтқа-

нындай, өз билігіміз өзімізге тиіп, қоғамдық-экономикалық рухани 

дамудың даңғыл жолдары кеңінен ашылды. Керегесі мықты, ша-

ңырағы биік, түтіні түзу ел болу қамына кірістік. Азаттықтың ақ 

таңы арайлап атқан он бес жылдың ішінде біз бұрын қолға алмақ 




342

түгілі,  түсімізге  де  кірмеген  қыруар  жетістіктерге  қол  жеткіздік. 

Ең  бастысы  – егеменді ел ретінде әлемге танылып, еркін даму жо-

лына түстік. Қай жолмен жүреміз, қалай жүреміз, қайда барамыз 

–  бәрі  өз  қолымызға  тиіп,  қыруар  жұмыстар  атқардық.  Мұндай 

мүмкіндіктердің ғасырларда бір-ақ болатын Алла-тағаланың бізге 

деген сыйы екендігін түсінген халқымыз тәуелсіздіктің биік тұғы-

рынан көріне білді. Осы уақыттар ішіндегі біздің қол жеткізген ең 

басты жетістігіміз – ел тыныштығы. Біз сияқты тәуелсіздік алған 

өзге елдер іштей іріп, іргесі сөгіліп, билікке таласып, өзді-өзі қыр-

қысып жатқанда Қазақстанда тыныштық сақталынып, халқымыз 

бірліктің, елдіктің асқан үлгісін көрсетті. Солай десек те, бүгінгі 

қазақ  қоғамында  өз  шешімін  күтіп  тұрған  мәселелер  де  қыруар. 

Экономикалық  дамудағы  жетістіктеріміз  ауыз  толтырып  айтар-

лықтай болғанымен де қоғамның әлеуметтік рухани салаларында 

ойланарлық мәселелер баршылық. 

Жалпы, қоғамдық даму бір ғана емес, барлық салада (экономи-

калық, әлеуметтік, рухани) қатар жүргенде барып тұрақты болып, 

күткен  нәтежиелерге  қол  жеткізеді.  Ал  енді  осылардың  бір  ғана 

жағына назар аударып, қалғандарын қолға алуды кейінге қалдыра 

берсек, онда белгілі бір уақытқа дейін біршама жетістіктерге қол 

жеткізгенімізбен де бір кездерде дамыған сала мен артта қалған са-

лалар арасында қайшылықтар туындап, даму тоқырауға ұшырауы 

мүмкін.  Осындай  сәйкессіздіктерден  туындаған  қиындықтарды, 

проблемаларды уақтылы шешіп отыру – қоғамдық дамудың негізгі 

талабы.


Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткішіне айналып отырған эко-

номикалық жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы әлеуметтік-ру-

хани жағдайлар керек. Саяси тұрақтылық жоқ елде экономикалық 

даму жоқ. Мысалы, Қырғызстан, Ауғанстан сияқты елдерде саяси 

тұрақтылық болмауының басты себебі – ішкі бірліктің жоқтығы-

нан.  Ұлт ретінде, ел ретінде ішкі ынтымағы жоқ жерде ешуақытта 

тыныштық болмайды, ал тыныштығы жоқ ел кері қарай кетпесе, 

алға қарай дамуы мүмкін емес. Сондықтан да, қоғамдық дамудың 

басты шарты, негізгі кепіл – елде саяси тұрақтылықтың болуы. 

Саяси тұрақтылық көп нәрсеге байланысты. Ең алдымен, әрбір 

қоғам мүшесінің, әрбір ұлт өкілінің еркін өмір сүріп, еңбек етуі-

не  барлық  жағдай  жасалынуы,  қоғамдағы  барлық  мәселелер  бір 

адамның емес, көптің, жалпы қоғамның, елдің мүддесі тұрғысы-

нан шешілуі керек. Материалдық игіліктерді бөлу әділетті түрде 

жүріп, онда жеке адам мен мемлекеттік мүдде барынша ескеріліп 

отыруы қажет. Әрбір адам адал еңбек ету арқылы өзінің де, мемле-

кеттің де жағдайы жақсара түсетінін өз көзімен көруі керек. Бұған 

әрбір  қоғам  мүшесінің  материалдық  игіліктерді  әділ  бөлуге,  ха-

лықтық билікті күшейте түсуге тікелей қатысы болғанда ғана қол 

жеткізуге болады. 




343

Мұның бәрі айтуға оңай болғанымен де іс жүзінде жүзеге асыру 

аса қиын. Ел ішінің тыныштығын әр халық әртүрлі жолдармен сақ-

тап келген. Өткен замандарда негізінен жеке адамның билігі басым 

болып келді десек, соның негізінде де демократия жатқандығын 

көреміз.  Қазақтарда  әр  ауылдың,  әр  рудың  сайланып  қойылған 

билері болған. Үш жүздің атақты үш биі – Төле би, Қазыбек би, 

Әйтеке би – нағыз халықтық демократияның жарқын көрінісі. Үш 

жүздің өкілдері жиылып, қазақтың ханын сайлаған. Демек, қазақ 

халқы  тумысынан  демократияшыл  халық  болғандығына  көзіміз 

жетеді. Біздің тарихымызда халық билігінің жеке адам билігі ар-

қылы жүзеге асуының небір тамаша үлгілері баршылық. 

XX ғасыр қазақ қоғамына да үлкен әлеуметтік өзгерістер әкелді. 

Бұрынғы  қазақтың  өзіне  ғана  тән  дала  демократиясы  да  көп  өз-

герістерге ұшырады. Туыстық, жүзге негізделген демократия енді 

жалпыхалықтық,  жалпымемлекеттік  мүдделерді  көздеген  демок-

ратияға  айналуда.  Ұлттық  демократиялық  үрдістердің  жалпыа-

дамзаттық  демократияға  ұласу  процесі  қиын  жолдардан  өтуде. 

Жалпы  демократия  тек  осылай  болуы  керек  деген  қатып  қалған 

қалып (стандарт) жоқ. Демократия дегеніміз – ел билігіне халық-

тың тікелей қатысуы.  Ол әр елдің ұлттық, даму ерекшеліктеріне 

орай түрліше көрініс табады; яғни, формасы әртүрлі болғанымен 

де  негізгі  мазмұны  бір  (халық  билігі).  Қазір  әлемдік  өркениетте 

демократия  қоғамдық  дамудың  бірден-бір  жолы,  саяси  тұрақты-

лықтың бірден-бір кепілі ретінде мойындалған. Демократия әлем 

халықтарының мемлекет болып өмір сүруінің тұтас бір саяси жү-

йесіне айналып отыр. Қазақстан да осы бір әлем мойындаған де-

мократиялық даңғыл даму жолына түсіп, еңсесін көтере бастады.

Сонымен, қоғам дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір жол де-

мократия  болса,  демократиялық  жүйе  орнауының  бірден-бір 

кепілі  – тыныштық, яғни ресми түрде айтсақ, саяси тұрақтылық. 

Тыныштық  зорлық-зомбылық,  озбырлық  жоқ,  әлеуметтік  мәсе-

лелердің  барлығы  дерлік  көпшіліктің  мүддесі  тұрғысынан  әділ 

шешіліп отыратын жерде орнайды. Ал, көпшілік дегеніміз – сол 

жерде тұратын халық белгілі бір ұлт. Әрбір адам белгілі бір ұлт 

өкіліне жатып, сол ұлттың тілінде сөйлейді. Демек, тіл болмай ұлт 

болмайды, ұлт болып ұйымай,қоғамдық даму да жоқ. Мемлекеттік 

құрылыстағы,  қоғамдық  дамудағы  ең  басты  мәселе  –  ұлт  мәсе-

лесінің, яғни тіл мәселесінің дұрыс шешілуі. 

Тіл  мәселесі  шешілмей,  ол  мемлекетте  тыныштық  болмайды. 

Тіл  өзіне  лайықты  орнында  болмаса,  ол  елде  саяси  тұрақтылық 

жоқ, даму да жоқ. Бұдан шығатын қорытынды – тіл мәселесі әрбір 

мемлекеттің ең алдымен шешер мәселесінің мәселесі. 

Әрбір адамның өмір сүру үшін күресетіндігі сияқты әрбір ұлт 

та  өзін  өзі  сақтап  қалуы,  өркендеуі  үшін  мемлекеттігін  құрады. 

Мемлекет дегеніміз – белгілі бір ұлттың өмір сүру, даму формасы. 

Мемлекет ұлтқа қызмет етеді, мүддесін қорғайды. Ал ұлттың ең 



344

асыл  байлығы  –  оның  тілі.  Сондықтан  да  сол  мемлекетті  құрып 

отырған ұлттың тілін қызғыштай қорғау – мемлекеттік саясаттың 

түп қазығы саналады. Мемлекет ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз 

етуге тиіс болса, бұл іс алдымен, ұлттық тілді сақтаудан басталуға 

тиіс. Өйткені, тіл тұғырға шықпай, тәуелсіздік жоқ; болса да жар-

тылай тәуелсіздік, кез келген уақытта қолдан сусып шығып кетуі 

мүмкін тұрақсыз тәуелсіздік. Тілінен айырылған ұлт ретінде өмір 

сүруін тоқтатады. Өзін өзі қорғай алмаған қаншама тіл, қаншама 

ұлт жойылып кеткендігі тарихтан белгілі. Сондықтан да тіл үшін 

күресті ұлт үшін күрес, халықтың, мемлекеттің болашағы үшін кү-

ресд еп ұққан жөн. 

Адамзат қоғамын тұтас бір организм деп қарасақ, тіл оның со-

ғып тұрған жүрегі іспеттес. Жүрек соқпай қалғанда жанды дене 

өлетіні сияқты, тіл тоқтаса ұлт та ұлт ретінде жоғалады. Көктем-

дегі жер беті түрлі өсімдіктермен құлпырған көкоорай шалғыны-

мен, алқызыл гүлдерімен көрікті болса, адамзат қоғамы да түрлі 

тілдерде сөйлеген сөзімен, сйраған әнімен, киген ұлттық киімімен, 

мінез-құлқымен  әдет-ғұрпымен,  салт-санасымен,  мәдениетімен 

қызықты. Әрбір ұлт – өзінше бір әлем. Көруге, білуге деген құмар-

лық адам басласының бойындағы басты қасиеттердің бірі болса, 

басқа ұлттардың өмірімен танысуға ұмытушылық олардың жақсы 

жақтарынан үйренушілік халықаралық қатынастардың басты ба-

ғытын айқындайды. Демек, басқа мемлекеттермен достық қарым-

қатынастарда  өмір  сүру  барлық  халықтардың  ұлттық  мүддесіне 

сәйкес келеді. 

Тіл – руханият негізі. Әрбір ұлт ғасырлар бойғы даму барысын-

да негізінен рухани байлық жинайды. Әрбір ұлт сол ұлттың, оның 

әрбір мүшесінің болашақта бақытты өмір сүруі үшін аса қажетті 

ойға түйгендерін, сыннан өткен тәжірибелрін, білім-ғылымды ана 

тілінде жащып, келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырып отырады. Тіл 

арқылы белгілі бір ұлт өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынастар-

да басшылыққа алып отырар адамгершілік нормалары, өмір салты, 

рухани құндылықтары , өмір жолы көркем өнер, ілім-білім, шежі-

ре-тарих арқылы кейінгі ұрпақтарға жетіп, ұлттық дәстүр жалға-

сын табады.

Адамзат қоғамында рухани жағынан жан-жақты жетілген адм-

ғана жақсы, бақытты өмір сүре алады. Ең алдымен, әрбір азамат 

осы мен кіммін, не үшін өмір сүріп жүрмін, өмірдегі мақсат не, 

қолымнан  не  келеді  деген  сияқты  сан  сауалдарға  жауап  іздейді. 

Бұған дұрыс жауапты туған халқының өткен тарихымен, әдебиеті-

мен,  мәдениетімен,  ұлттық  болмысымен  жан-жақты  таныс  адам 

ғана тауып, заманына сай өмір сүре алады. 

Ұлттық руханияттың барлық құндылықтарын бойына барынша 

сіңірген, қазіргі заманның проблемаларынан жан-жақты хабардар, 

білімдар,  сөзімен  де,  ісімен  де  ұлтына  адал  қызмет  етіп  жүрген 

абзал азаматтар – зиялылар. Азамат қандай болуы керек дегенде 



345

халық үлгі алатындай адамгершілігі жоғары, барлық уақыттарда 

да өзінікінен халық мүддесін жоғары қоятын адамдар зиялы сана-

лады. Зиялылар – сол ұлттың нағыз патриоттары, ұлттық басына 

төніп келе жатқан қара бұлтты алдымен көріп, дабыл қағатындар, 

ешбір қауіп-қатерден, қиындықтардан қорықпай, шындықты қас-

қиып тұрып айтатын нағыз хас батырлар. 

Зиялылар  –  ұлттың  ақыл-ойы,  ар-ожданы,  ар-намысы,  сана-

сезімі, көкірек көзі, ұлттық болмыстың бар қасиетін бойына сақта-

ған ұлттың эталоны. Зиялысы қалыптаспаған, немесе жоқ, немесе 

бұзылған ұлттың  болашағы жоқ. Өйткені, ұлтты алға сүйрейтін – 

оның ең жетілген алдыңғы қатарлы  тобы зиялылар. Сондықтан да 

ертеңін ойлайтын елде барлық уақыттарда да зиялылармен сана-

сып, олардың пікірлеріне назар аударып отырады; оларға қамқор-

лық, қолдау көрсетіп, ұлт үшін жасап жатқан жұмыстарына жағ-

дайлар жасайды. Нәтежиесінде зиялылар ұлттық ойдың, қоғамдық 

ой-пікірдің  негізгі  қозғаушысы  күшіне,  орталығына  айналады. 

Барлық уақыттарда да зиялылар ұлттың өркендеуіне көшбасшы-

лық роль атқарып отырған. 

Қазіргі қазақ қоғамында бүгінгі к.ні зиялылар бар ма, жоқ пад 

еген  сауал  төңірегінде  пікіралысулар  жүріп  жатыр.  Мәселенің 

осылайша қойылуының өзі – ойландырарлық. Ұлттық зиялы бол-

маса, ұлттың да болашағы жоқ. Жоқ, бізде зиялы бар, бірақ бодан-

дық кезінде әбден әлсіреген, қысымға ұшыраған зиялы. Олардың 

біразы – мәңгүрттенген, көзқаманға айналған маргиналар. Солай 

десек те, бірлі-жарымды С.Зиманов, Р.Бердібай, М.Мырзахметов, 

т.б. сияқты ұлтжанды азаматтардың үні қалың халықтың көкейі-

нен шығып жатыр. Олардың дауысын биліктің сөзін сөйлеп, жақ-

сысын асырып, жаманын жасырған жағымпаздардың жамыраған 

даусы басып кетіп, естіртпей жатқаны да шындық. 

Өркениетті елдерде нарықтық қарым-қатынастардың барысын-

да  ұлттың  озық  ойлы  азаматтары  суырылып  шығып,  қоғамдық 

даму  көшін  бастайды.  Қолына  материалдық  игіліктердің  едәуір 

бөлігі  жинақталған  ұлттық  сана-сезімі  жоғары  элита  өзінің  бар 

мүмкіндігін  (ақыл-ой,  білім,  іскерлік,  байлық)  ұлтының  гүлдене 

беру жолына жұмсайды. Ең бастысы, ел тізгінін қолына ұстаған 

ұлт  жанды  азаматтар  ел  билігін  де,  өз  байлығын  да  қоғамның, 

әсіресе  рухани  саланың  өркендей  түсуіне  барынша  пайдаланып, 

қамқорлық жасап отырады. Өкінішке орай, біздегі жағдай да осы-

лай деп айтуға ауыз бара бермейді. Билік басында жүрген кейбір 

ұлықтарымыз, ұлтқа қызмет етпек түгілі, ана тілін білмейді. Ана 

сүті тәнді жетілдіреді, ана тілі жанды жетілдіреді. Жаны жетілме-

ген адамның  ұлтына адал қызмет етеді дегенге сену қиын. Қазақ 

тілінің қоғамымыздағы өзіне лайықты заңды орнын алудың өзін 

қақпақылға салып отырғандар да осылар – ұлттық мүддеден гөрі 

өзінің жеке басының мүддесін жоғары қойып жүргендер. Бұлар-

дың көпшілігі осы күнге дейін қазақ тіліне қарсы астыртын әре-



346

кет етіп келсе, енді кейбіреулерінің ашық күреске шыға бастауы 

адамды сескентеді. Мұны ұлт іліне түскен жарықшақ деп түсініп, 

уақытылы шара қолданбаса, аяғы ауыр зардаптарға апарып соқты-

руы мүмкін. 

Өмірді танып  білудің негізгі екі жолы бар: бірі – өнер, екіншісі 

–білім-ғылым. Ғылым табиғаттың заңдарын танып-білуде жинақ-

талған  білімдерді  меңгеру  жолымен  жүрсе,  өнер  негізінен  адам 

баласының арманынан, қиялынан туындап, көркем бейнелеп көр-

сетуді  мақсат  тұтады.  Ғылым  жалпыадамзаттық  сыпатта  болса, 

өнердің ұлттық өрнегі басым. Сөз өнері әдебиетте  ұлттық катего-

рияға жатады. Көркем әдебиетті сол күйінде экспорттауға, немесе 

импорттауға  болмайды.  Оны  басқа  тілге  аударуға  болады,  бірақ 

онда  ол  ұлттық  бояуынан,  көркемдік  қасиеттерінен  айырылып, 

құр қаңқасы ғана қалады. Демек, көркем әдебиеттен сусындағысы 

келген адам өз ұлтының тілінде ләззат ала алады; туған халқының 

ұлттық өмірімен танысып, білім көкжиегі кеңи түседі. 

Әдебиет  –  өмір  айнасы.  Халық  өмірінің  сан  алуан  жақтары 

әдебиетте  көркем  көрініс  табады.  Әрбір  саналы  азамат,  ертеңін 

ойлаған ел өмір айнасы – әдебиет арқылы өзін өзі танып, біледі; 

бүгінгісін бажайлап, болашағын бағамдап, болашаққа бой түзейді; 

өзінің де, ұлтының да ешкімнен кем, осал емес, керек десеңіз, мақ-

тан тұтар ұлылығы басым екендігіне көзі жетіп, ерекше бір сезімге 

бөленеді; рухы көтеріліп, қуатты күш пайда болады. Рухы күшті-

лер ғана ұлтын, отанын шын сүйе алады. Отаншыл, рухы күшті 

адам өжет; ол ешқашан жасымайды; алға қойған мақсатына жет-

пей  қоймайды.  Адам  бойындағы  күрескерлік,  оптимистік,  отан-

шылдық қасиеттер оның жеке өмірін нұрландырып, халқына адал 

қызмет  етуге  жігерлендіреді.  Рухы  күшті  адам  –  жаңімпаз;  оны 

жеңу мүмкін емес. Рухы күштілердің алдында алынбайтын қамал, 

өткізбейтін асу жоқ.

Әрине, адамға ең алдымен, тіршілік ету үшін тән азығы керек. 

Қарны аш адамның күндіз-түні ойлайтыны тамақ асырау екендігі 

белгілі. Материалдық қаражат адамның адам болып қалыптасуын

өмір  сүруін  қамтамасыз  етеді.  Солай  бола  тұра  тән  азығы  адам-

ға қаншалықты қажет болса, рухани азық та соншалықты керек. 

«Малым  –  жанымның  садағасы,  жаным  –  арымның  садағасы»  – 

деп  білген  халқымыз  адамгершілік  арды,  яғни  рухани  байлықты 

бәрінен  де  жоғары  қойған.  Жоқшылықпен  күресіп,  ептеп  болса 

да материалдық жағдайды жақсартуға болар. Ал, рух жүдеулігін 

жеңу  –  қиынның  қиыны.  Өйткені,  адамның  күнделікті  тұрмыс-

тіршілігі  тікелей  ақшаға  байлаулы.  Десек  те,  ақшадан  биік  тұру 

керек.  Басқаның  бәрін  ұмытып,  тек  мал  табудың  жолына  түскен 

адам  өзінің  байлықтың  құлы  болып  кеткенін  білмей  де  қалады. 

Дүниенің қызығына батқан адам одан ары баии беруі, немесе бай-

лығын  сақтап  қалуы  үшін  кей  кездерде  адамгершілік  қалыптан 

шығып, небір құйтырқы әрекеттер жасауы мүмкін. Баю үшін бас-



347

қа, ақылға сүйенбей, түрлі қулық-сұмдықтарға бару адам баласын 

аздырады. Арам ақшаның көбеюі қоғамның әлеуметтік, экономи-

калық қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді; ең қауіптісі – адамдар-

ды рухани жағынан аздырып, ел ішіне іріткі туғызып, жік түсіреді; 

қоғамды ыдыратып, тыныштықты бұзады.

Рухы күшті адамның мықты болатыны сияқты, мемлекет те ұлт-

тық рухани құндылықтарға сүйенгенде ғана мықты. Рухани негізі 

жоқ кез келген әлеуметтік, экономикалық өзгерістер күткендегідей 

нәтиже бермейді. Ертеңін ойлаған ел алдымен, рухани мәселелерді 

шешіп, басқа істерге содан кейін барып кіріседі. Халықтың бола-

шаққа деген сенімін арттырып, намысын жану үшін оның ұлылы-

ғын  тілі,  әдебиеті,  мәдениеті,  тарихы  арқылы  дәлелдеп,  көрсету 

өте маңызды. Бір кездері Еуразияның кең даласында атой салып, 

ат ойнатқан көк түріктердің бір ұрпағы қазақтардың қазіргі өрке-

ниет көшіндегі басқа да халықтардан бір мысқал да кем емес, мық-

ты халық екендігімізге көз жеткізу – бүгінгі идеологиялық жұмыс-

тардың басты мазмұны.

Адам – рухани құбылыс. Ал, адам ұлт  өмірінде тіл, ерекше орын 

алады, әсіресе, ұлт тілі дамуының, ұлттық ойлаудың, ұлттық са-

наның жетілген жоғары сатысы болып табылатын көркем әдебиет 

аса маңызға ие. Әрине, ұлт өміріндегі барлығы да тек тіл мәселесін 

шешумен ғана бітеді десек, қателескеніміз. Тіл – ең бастысы ғана. 

Сонымен бірге, қоғамдық дамудың жан-жақты, толыққанды жүруі 

тұтас бір ұлттық жүйені қамтитыны белгілі. Бұған ана тілімен қоса 

халықтық өнер түрлері (әдебиет, ән-күй, ою-өрнек, қолөнері, т.б.), 

спорт ойындары (асық ойнау, алтыбақан, көкпар, бәйге, т.б.), тама-

ғы (ірімшік, қымыз, ет, т.б.), тұрмыс салты (аңшылық, бақташы-

лық, киіз үй, бесік, т.б.), әдет-ғұрыптары, салт-санасы, ата салты  

(7 ата), т.б.  жатады.

Енді осылардың барлығы сайып келгенде, ұлттық тәрбиеге келіп 

тіреледі. Ұлттық тәрбие – ұлт өміріндегі шешуші фактор. Өйткені, 

тәрбие жұмыстарын дұрыс жолға қойған ұлттың ғана ертеңі жар-

қын. Ұлттық тәрбие көрмей, өзге елдің ықпалында кеткен белгілі 

бір  ұлт  өкілі  ретінде  өзін-өзі  жоғалтып,  басқаларға  кірігіп,  сіңіп 

кетеді. М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», А.Байтұр-

сыновтың ұлттың болашағы мектебіне тікелей байланысты деуі де 

осы себептерден туындаған.

Әсіресе, жас кездегі тәрбие таза ұлттық дәстүр негізінде болуы 

керек. Алматының апорты тек Алатаудың жағдайында ғана жақсы 

өнім беретіні сияқты, әрбір жас өзінің ұлттық топырағында тәр-

биеленгенде ғана жан-жақты тез жетіліп, рухани кемелдікке жете 

алады. Соңғы кездегі зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, адам-

ның бойындағы ұлттық болмыс ерекшеліктері тұқым қуалаушы-

лық арқылы ұрпақтан-ұрпаққа туа бітті беріліп отырады екен. Жас 

баланы басқа тілде тәрбиелегеннен ана тілінде тәрбиелеу жемісті 

жол  екенін  ғалымдар  айтып  жүр.  Өйткені,  әр  тілдің  өзіндік  ой-



348

лау жүйесі, ерекшеліктері болатындықтан да жасты тәрбиелеу өз 

тілінде жүргенде оның рухани жағынан тез жетілетіндігін  өмірдің 

өзі көрсетуде. Сондықтан да ғалымдар баланың тез жетілуі үшін 

оның ойлау жүйесі қалыптасқанша, яғни он үш жасқа келіп, бас-

тауыш кластарды бітіргенше оның ана тілінде тәрбиеленіп, оқуын 

аса қажет деп біледі. Ойлау жүйесі ана тілінде қалыптасып, жас-

тайынан  ұлттық құнарлы топырақтан нәр алған жас қана рухани 

жағынан  жан-жақты  жетіле  алады.  Жастайынан  жанына  ұлттық 

рухтың ұрығы сіңбей, басқалардың жат ықпалына түскендер руха-

ни жағынан әйтеуір бір тұсынан кемшін соғып, ақсап жатады. Сон-

дықтан да жас ұрпақтың қазақ мектептерінде тәрбиеленіп, рухани 

құндылықтардың  ұлттық  топырағынан  мейірі  қана  құнарланып  

шығуының ұлттық мемлекетіміздің ертеңі үшін маңызы аса зор. 

Ұлт  мектептерін  бітіргендердің  әсіресе  ой  еңбегін  қажет  ететін 

салаларда басқаларға  қарағанда айтарлықтай жетістіктерге жетіп 

жүргені  де – өмір шындығы. Мысалы, Қазақстанда ғылым сала-

сында жемісті еңбектеніп жүргендердің басым көпшілігі ауылдан 

шыққан қаракөздер болса,  оның ішінде математика саласындағы 

ғылым докторларының тоқсан проценттен астамы қазақ мектебін 

бітіріп шыққандар.

Жас  өскіннің  ойлау  жүйесі  ұлттық  негізде  қалыптасып  тәрбие 

алған соң мәңгүрттену  қаупі сейіледі. Біз бұл жерде бала тек қа-

зақша білім алсын дегеннен аулақпыз. Біздің айтып отырғанымыз 

– баланың әсіресе жас кезінде қазақ тілінде білім алмауының аса 

қауіпті, тіпті ұлт өкілінің, тұтастай ұлттың рухани тамырына бал-

та шабумен бірдей екендігіне назар аудару. Баланың ұлттық ойлау 

жүйесі қалыптасып, ата тәрбиесі бойына сіңген соң барып, басқа 

тілдерді оқып үйренсе, оның алдында жаңа көкжиектер ашылып, 

ол жетілген үстіне жетіле түседі. Ұлттық құндылықтардан нәр ал-

ған  жас  әлемдік  өркениетке,  білім  теңізіне  құлаш  ұрып,  бойлай 

алады.


Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның болаша-

ғы – қазақ тілінде» деп мәлімдеді. Қазіргі негізгі майдан мәдениет 

айдыныда  жүріп  жатқан  жаһандану  заманында  тіл  мәселесі  күн 

тәртібіне өткір қойылуда. Ғасырлар бойы қысымшылық көріп кел-

ген қазақ түгілі Еуропадағы Франция, Германия сияқты алпауыт 

елдердің  өзі  тіл  тағдырына  алаңдаушылық  білдіріп,  оны  көзінің 

қарашығындай қорғауға көшті. Біздегі жағдайды бұлармен мүлдем 

салыстыруға келмейді. Оның объективті де, субъективті де себеп-

тері болған шығар. Құдайға шүкір, егеменді ел болып, артқа он бес 

жылды тастап та үлгердік. Қоғамдық дамуда бірсыпыра табыстар-

ға жеткен қазіргі уақытта ұлттық тіл саясатын барынша пәрменді 

жүргізетін  кез  келді.  Енді  қимылдамасақ,  енді  кешігетін  болсақ, 

ұлтымыз орны толмас олқылықтарға ұрынады; Қазақстанның қо-

ғамдық дамуында әлеуметтік қайшылықтар туындауы мүмкін.




349

Сонымен, тіл, руханият, ұлт, мемлекет ұғымдары – бір-бірімен 

тығыз байланысты категориялар. Белгілі бір тілде сөйлейтін халық 

өз мүддесін пәрменді түрде қорғап, ұлт ретінде өзін сақтап қалуы 

үшін өзінің мемлекеттігін құрады. Қазақстан – негізінен қазақ ұл-

тының  мемлекеті.  Онда  ең  алдымен,  қазақ  ұлтының  мүддесі  ал-

дыңғы орынға шығып қорғалуы тиіс. Сонымен бірге басқа ұлттар-

дың да қалыпты өмір сүруіне жағдай жасалуы керек.

Ұлттың  мемлекетте  тіл  мәселесінің  шешілуі,  тіл  саясаты  –  ең 

басты  проблема.  Сол  мемлекетті  құрайтын  негізгі  ұлттың  тілі  – 

мемлекеттік тіл ретінде қоғамның барлық ішкі мәселелерін бір жү-

йеге келтіретін, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрал. 

Үкімет ұлттың дамуын саяси, экономикалық жағынан қамтамасыз 

етуді руханиятқа (оның ішінде тіл саясаты) негіздей жүргізуі қа-

жет. Руханият – бүкіл қоғамдық, экономикалық дамудың ірге тасы; 

ұлт жасампаздығының қайнар көзі.

Ортақ мемлекеттік тіл бүкіл Қазақстан халықтарының бір-бірі-

мен түсінісетін, сөйтіп, нағыз рухани бірлікке, тұтастыққа жеткі-

зетін тіл болу керек. Сонда ғана осы тілдің арқасында халықтар 

арасындағы түсіністік, ынтымақ арта түсіп, ортақ мақсат жолында-

ғы бірлік нығая түседі. Мемлекеттікті құрап отырған қазақ халқы-

ның тілі балабақшадан, орта, жоғары мектептен бастап, қоғамдық 

өмірдің  барлық  саласында  қолданылып,  Қазақстан  әлемдік  аре-

наға өз тілімен, өз мәдениетімен, өз ұлттық болмысымен шығуы 

тиіс. Сонда ғана бізді басқалар қазақ ретінде танып, есептесетін, 

құрметтейтін болады. Ал, ана тілін білмейтін мәңгүрттерді, көзқа-

мандарды өзгелер түгілі қазақтың өзі сыйламайтындығы, рухани 

жарымжан, міскін көретіндігі тағы да анық.

Тоқсан  ауыз  сөзімізді  Ататүріктің  мына  бір  сөздерімен  түйін-

дегіміз  келеді:  «Халықтардың  ұлылығы  экономикалық  және  әс-

кери  күштерімен  емес,  өнерімен  және  мәдени,  әдеби  құндылық-

тарымен бағаланады. Осы құндылықтарға ие болмаған халықтар 

экономикалық және саяси күштері басым болса да тарих көшіне 

ілесе алмай, уақыт өте келе өзінен өзі жойылып кете береді. Мәде-

ниетін, тілін, тарихын сақтаған ел ғана ірі мемлекетке айнала ала-

ды. Бұл үлкен мемлекеттер де тозып, құлауы мүмкін, бірақ мәңгіге 

жер  бетінен  жойылып  кетпейді.  Құлаған,  тозған  мемлекеттердің 

орнына басқа, жаңа сипатты мемлекеттер құрылады. Әлем сахна-

сында мәңгі қалудың негізін құрайтын да, оны жасайтын да осы 

құндылықтар болып табылады».   Иә, қоғамдық дамудың негізгі 

қайнар  көзі  –  руханият.  Ал  руханияттың  негізі  ұлттық  тіл,  ұлт-

тық әдебиет, ұлттық мәдениет, ұлттық сана-сезім, ұлттық ғылым 

екенін ұмытпайық, ағайын. 

ҚОР



350

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘДЕНИ, 

ӘДЕБИ ДАМУДЫҢ КЕЙБІР 

МӘСЕЛЕЛЕРІ

                

А

дамзат баласының жер  бетінде адам болып, бақытты ғұмыр  



кешуі үшін екі нәрсе керек. Ол – тән азығы мен жан азығы. 

Тән азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қаматамасыз етеді. 

Тән азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін   азық 

–  түлік,  киім  –  кешек,  баспана,  көлік  сияқты  адамның  күнделікті 

тіршілігін қамтамасыз ететіндер жатады.Бұлар адам көзбен көріп, құ-

лақпен естіп, дәмін татып дегендей, сезім мүшелерімізбен сезіне ала-

тын  материалдық дүниелер.

Ал сезім мүшелерімен емес, ішкі жанымызбен, түйсігімізбен сезі-

нетін рухани дүние – жан азығы. Басқаша айтсақ, жан азығы – рухани 

құндылықтар.Рухани құндылықтардың аясы тым кең. Оған адамның 

адамдық  санасын  анықтайтын  әдептілік,  имандылық,  мейірімділік, 

қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық,әділеттілік сияқты қасиет-

терінен бастап,сол ұлттың ұлттық тілінде, ұлттық тұрмыс -тіршілігін-

де  әдет  ғұрпы,  салт  дәстүр  ретінде  жасалынған,  сол  халықтың  қо-

ғамдық  тұрмыс-тіршілік  етуіне  қажетті  пайдалы      нәрселердің  бәрі 

жатады.Демек, рухани қазынаның негізін білім, ғылым, өнер, әдебиет, 

мәдениет, әдет- ғұрып, салт-дәстүр, экономика т.б. құрайды.

Сонда адам тән мен жаннан тұрады.Бірінен бірін айыруға болмайды.

Өйткені, бірінсіз бірі жоқ. Тән-жанның ұясы.Өз кезегінде  жан тәннің 

дұрыс тіршілік жасауын, яғни адам болып өмір сүруін, күшті болуын 

қамтамасыз  етеді.Бұл  турасында  Ж.Аймаутов  «Адамда  екі  түрлі 

«жан» бар: біреуі жан, біреуі тән. «Жан» көрінбейтін «мен»,көрінбесе 

де көрінетін «менді»(«тәнді») қозғап, жүргізіп тұратын тетігі, «тән» 

–  «жанның»  қабы» (Ж. Аймауытов.  Бес томдық шығармалар жи-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет