– Әдебиет бүгінгі таңда өзіндік жетекші рөлін дұрыс ат-
қарып келе ме?
– Кез келген өнер туындысы ұлттық сипатта болады. Әдебиет
те ұлттың көркеюіне қызмет етуі керек. Әрбір ұлт өзін сактауы
үшін алдымен тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне күш салады.
Мемлекет белгілі бір ұлттың мүддесін қорғау үшін құрылады. Ол
– оның өзін-өзі сақтау үшін жұмыс жасайтын саяси ұйымы. Осы
тұрғыдан келгенде, ұлттың рухани өмірінде әдебиет пен өнер же-
текшілік рөл атқаруы керек. Қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйін
бұлай деп айта алмаймыз. Ол үшін мемлекеттік тұрғыдан
көзқарасты жақсарту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |