– Әдебиеттің дамуы неге байланысты?
– Әдебиет кейде күшейіп, кейде төмендеп отырады. XX ғасыр-
дың басында қазақ ұлтында ояну болды. Дүркіреп әдебиет те да-
мыды. Сол ғасырда Абай, Мағжандар шықты. Әдебиеттің дамуын
қоғамның дамуымен салыстыруға болмайды. Ол ұлттың оянуына,
өсуіне байланысты.
Көркемдік түрғыдан еуропалық әдебиеттен кем емеспіз. Тек сұ-
раныс жоқ. Қоғам қажетсінбей отыр. Ұлттық жазушыларымызды
кеудеден басып отыр. Көбісі күн көру мәселесімен айналысып жүр.
Ауылдың жағдайы өзгеріп барады. Француздарда "Ұлылар ауыл-
да туылып, Парижде өледі" деген сөз бар. Ұлттық ерекшелігіміздің
сипаты өзгеріп бара жатыр. Ұлттық сөз өнеріміздің дамуына, ұлы
шығармалардың шығуына әсерін тигізу керек. Ауылға жағдай жа-
сау керек. Ауыл – қазақтың мәдени ошағы. Бүгінде қалада өскен,
ұлттық рухты бойына сіңірмеген, оны дарытпағандар ұлы туын-
дыны өмірге әкеле алмайды. Ауылда өскен М.Әуезовтен бастау
алатын жазушыларымыз қазак әдебиетін ары қарай жалғастырды.
Әдебиетке мол мандай тер төгіп жүрген замандастарым сол кісі-
лерден сусындағандар. Біздің барлық әдеби қаймақтарымыз ауыл-
дан қанат қаққандар. Сондықтан тағы да айтамын, барлық саланы
ұлттық идеологияға бағындыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |