– Жастарды әдебиетке тартуда әдебиетшілер тарапынан не
жетіспейді?
– Оқыту жүйесінің өзі өзгеріп кетті. Оқу орындарында көркем
шығарма жазуға мән берілмейді. Емтихан толығымен тестілеуге
көшірілді. Мектеп бітірерде тестілеуден өткенде көркем шығарма-
ның мазмұнынан бұрын "иә", "жоқ" деген сияқты жауабын білсе
жеткілікті болып жатыр. Тест жастардың оқуға, әдебиетке деген
құштарлығын оятудан бұрын, жойып жіберуге айналды. Әде-
биетші мамандығында жүрген студенттердің ішінде "Абай жолын"
оқымағандары да кездеседі. Филология факультетіне түсетіндер-
ге қазақ әдебиетінен шығарма жаздырту керек. Яғни, жастарды
әдебиетшілікке баулуды мектеп табалдырығынан бастаған жөн.
Керкем әдебиет оқылмауының тағы бір себебі – компьютер мен
телевизор.
Достарыңызбен бөлісу: |