Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Жалпы, сын – өте қиын сала. Бұған дейін де «сын жоқ» деген



Pdf көрінісі
бет150/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   191
– Жалпы, сын – өте қиын сала. Бұған дейін де «сын жоқ» деген 

niкip болған. Әлі де сынның жоқтығы айтылып жүр. Мұның бір-

неше ce6e6i бар. Сынның болмауы қоғамдық жағдайларға, әлеу-

меттік  сұраныстарға  байланысты.  Ең  бастысы  –  ол  қоғамдық 

билікке,  идеологияға  қатысты.  Сыншы  болу  үшін  қоғам  қай-

раткері, идеология қызметкері болу қажет. Сондықтан бұл күр-

делі міндеттен шығу кез келген адамның қолынан келе бермейді. 

Белинскийдің  айтқанындай,  «сыншы  дарыны  –  сирек  дарын». 

Сынның нашарлауы көркем әдебиеттегі тоқырауға да байланыс-

ты. Бұл – «әдебиет жоқ» деген сөз емес, тек социализм кезіндегідей 

көркем әдебиетке сұраныс аз. Ал ақын-жазушылардың қоғамда-

гы дәрежесі тіптi төмендеп кетті.

Оның ceбeбi неде?

–  Сынды  идеологиялық  тұрғыдан  қажетсінбеу.  Коғамдық  өрке-

ниеттің  дамуы  материалдық  және  рухани  игіліктерге  байланысты. 

Біздің қоғамымыздың 6ip кeмшiлiгi – негізінен, материалдық, игілік-

терге  бет  бұрып,  соны  басты  нысана  етіп  алған  да,  рухани  игілікті 

екінші орынға қойғаны. Қазір әдебиет пен мәдениетке деген қамқор-

лык өз деңгейінде деп айта алмаймын.

Қaзip сын баспасөз, радио-теледидарда ғана көрініс береді. Мыса-

лы, жақсы жазылған шығармага баспасөз теріс пікір білдрсе, оған құ-

зырлы орындар міндетті түрде жауап береді. Осыдан niкірталас туын-

дайды. Баспасөз – қоғамдағы пікірдің айнасы. Өкінішке қарай, қазіргі 

басылымдар саясатқа, экономикаға  кө6ipeк мән 6epin кетті.

Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан Жазушылар Одағында «Сын сек-

циясы» жұмыс істеген. Кейін мұның 6әpi ұмыт қалды. Жаңа шыққан 

шығармаларды бұрынғы кездегідей талқыға салу жоқ. Осындай жағ-

дайда әдебиеттің ілгерілeyi де қиын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет