3. «Хан Бураның) баласы Бамсы-Бейрек туралы жыр»,
4. «Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқындалуы туралы»,
5. «Бұқа Қожаның ұлы Домбауыл (Домрул) туралы жыр»,
6. «Қаңлы Қожа ұлы Хан-Тұралы (Төрәлі) туралы жыр»,
8. Бисаттың Дөпе Гөзді қалай өлтіргені туралы жыр»,
9. «Бегіл ұлы Әмірен туралы жыр»,
10. «Үйсін Қожа ұлы Секрек туралы жыр»,
құтқаруы туралы жыр»,
шығуы, Бейректің өлімі туралы жыр».
254
луі, негізгі идеялары тұрғысынан көптеген ұқсастықтарды
көреміз.
«Қорқыт ата кітабы» – түркі халықтарының болашақ үшін
қалай күрескендігін, елін, жерін қорғаған ерлердің ерлігін
кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жырлаған, көрінгенге жем болмай,
қайтсе бақытты өмір сүруге болады деген сауалдарға бірша-
ма жауаптар берген, қоғамдық өмірдің аса маңызды өңірлері
жайлы философиялық ойлар түйген кең тынысты эпикалық
туынды. «Қорқыт ата кітабында» көтерілген мәселелер,
онда айтылған ойлар, ұсынылған ережелер күні бүгінге
дейін маңызын жоя қойған жоқ. Мысалы: «Ақ сақалы жарас-
қан шал көрікті, инабатты болса, әйел көрікті, сыйлас бол-
са, ағайын көрікті, үлкен шаңырақтың қасында отау көрікті,
жібек шатырдың жібі көрікті, өнегелі болса, бала көрікті»,
«Мықты, жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне алмас», «Қонақ
келмеген үйдің құлағаны артық», «Көп қорқытады, терең
батырады», «Шіріген мақтадан мата шықпайды, нағыз жау-
дан дос шықпайды», «Қиып түсер қылышты мұқалтқанша,
шаппаған жақсы», «Өтірік сөз өрге баспас», «Қара таудың
басындай байлық жиса да, бұйырғаннан артық ешкім еш-
теңе жей алмайды», «Атасының атын шығармаған жігерсіз
ұлдың туғанынан тумағаны игі, жалған сөздің болғанынан
болмағаны игі», «Өтірік сөз өрге баспас», «Ескі киімнің биті
ащы, жетім баланың тілі ащы», «Қанша тасып тулағанмен
өзен суы теңізді толтыра алмайды, қанша қалың жауғанмен
қар көктемнен қалмайды», «Ажал жетпей, өлмек жоқ, өлген
қайтып тірілмес, шыққан жан кері оралмас», т. б.
Өмірдің мәнін осылайша терең толғаған, бұралаңы көп бұ
дүниеде адамдардың тура жолда жүріп, бақытты өмір сүруі-
не көмектесетін осы сияқты қанатты сөз тіркестері кітапта
молынан кездеседі. Мұндай терең ойлы сөздер түркі халық-
тарының түркілік болмысын, өмірдің даму заңдылықтарына
сай өмір сүруін анықтаумен бірге, одан қалды адамзат бала-
сының жер бетінде бейбіт қатар бақытты ғұмыр кешуге үн-
деуімен де аса құнды.
Қорыта айтқанда, Қорқыт – түркі әлемінен шыққан ұлы
ойшылдардың бірі. Қорқыттың артында қалған рухани мұ-
расы, сонымен бірге оның атына қатысты түрлі аңыз-әңгіме-
лер тек түркі халықтарының ғана емес, күллі адамзат бала-
сының болашағына қызмет ететін рухани асыл қазына.