ББК 83.3 (5 Қаз)
ISBN 978-601-7505-07-3
© Ысқақұлы Д., 2015.
© «Дәстүр», 2015.
© «Каратау КБ» ЖШС, 2015.
Ы 88
ӘДЕБИЕТ ЖАЙЛЫ ОЙЛАР
І бөлім
ӘДЕБИЕТ ЖАЙЛЫ ОЙЛАР
І бөлім
4
ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ,
ДӘУІРЛЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ә
дебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол
қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай
орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде бола-
шағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерт-
теп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақ-
тылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл
мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар
әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге
түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапы-
сыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін
қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.
Әдебиеттің тарихы – әдебиеттану ғылымының негізі болумен бірге
көлемі жағынан ауқымдысы да, сондай-ақ шешімін күтіп тұрған проб-
лемалары көбірегі де. Әдебиет тарихын жасау, оны дәуірлеу мәселесі
әдебиетті зерттей бастаған кезден күн тәртібінде келеді. Сырт қара-
ғанда, онда тұрған не бар, тарихты кезең-кезеңдерге бөліп, жаза берсе
болмай ма деуге де болатын сияқты. Сөйтіп те келдік. Десек те заман
өзгерді, заманмен бірге адам да жаңарды; қоғамдық сана өзгеріп, ғы-
лым мен мәдениет дамыды.
Осының барлығы әдебиеттің, оның ғылымының алдына жаңа мін-
деттер қойып отыр. Соның бірі – әдебиеттің тарихын жаңаша дәуір-
леу, тың деректер мен пікірлермен толықтыра түсу, бүгінгі таңдағы
қоғамтану ғылымының жетістіктерімен қаруланған, ХХ1 ғасырдың
жаңа адамының талғамын қанағағттандырып, толғандырар сұрақта-
рына жауап бере алатын толыққанды әдебиет тарихын қайта жасау.
ХХ1 ғасырдағы қоғамдық дамудың өзіндік ерекшелігі болып табы-
латын жаһандану үдерісі адамзат қоғамының алдына мүлдем жаңа
проблемалар қойып отыр. Батыста басталып, «бұл болмай қоймайтын,
өркениетке апарар жол» деп, барынша насихатталып жатқан жаһанда-
ну жолындағы мәдениеттердің, әдебиеттердің барлығын жалмап, жұ-
тып, халықтарды ұлттық рухани тамырынан айырып, мәңгүрттендіру
арқылы бір оқ шығармай, әлемді бағындыру әрекетіне көшті.
«Мәдениеттер қақтығысының», сыпайылап айтқанда, «мәдениеттер
тоғысының» негізгі соққысы ұлттық тілге, оның әдебиетіне бағытта-
лып, әлемді алқымынан алып, халықтың жанды жерінен жаралап, ру-
хын жоюда. Соның нәтижесінде Еуропаның батысындағы шағын ғана
аралды мекендейтін 60 миллион ағылшынның тілін ана тілі санайтын-
дардың саны 500 миллионнан, жалпы пайдаланушылар 1 миллиард-
5
тан асып, әлемнің 44 елінде мемлекеттік мәртебеге ие болып отыр (А.
Кәрімұлы. Тіл майданы – біз үшін Отан соғысы. «Қазақ әдебиеті»,
20-26.01.2012). Мұның барлығы басқа тілдердің, мәдениеттердің, әде-
биеттердің жойылуы есебінен болып жатқандығы белгілі.
Қазіргі тіл майданы жүріп жатқан әлемде ұлттардың алдына не
өмір, не өлім проблемасы қойылып, қамдарын жасай бастады. Міне,
осындай кездерде түбі бір түркі халықтары өздерінің жаһандануға
жұтылып кетпеуі үшін де рухани жағынан бірігуінің маңызы зор. Ал
бұл бірігудің бірден-бір жолы бағзы замандарда Алтайдың, Еуразия-
ның кең сахарасында бірге жүріп жасаған, күні бүгінге дейін өзінің
құндылықтарын жоғалтпаған, керісінше бүгінгі туысқан халықтардың
бір-бірімен тату-тәтті, түсіністікпен өмір сүруіне көмектесетін рухани
тамырларды тірілтуде, бүгінгінің кәдесіне жаратуда жатыр.
Әдебиет – руханияттың күре тамыры. Сондықтан да тегі бір, тілі бір
халықтардың ерте кездердегі әдебиетін қайта қарап, бүгінгі әдебиет-
тану ғылымы жеткен жетістіктерді пайдалана отырып, жаңаша көз-
қараспен түркі бірлігіне қызмет ететін ортақ әдебиет тарихын жасау
– кезек күттірмейтін мәселе.
Бұл – мәселенің бір жағы болса, екінші жағынан, күні бүгінге дейін
өзіне лайықты насихатталып, бағасын ала алмай келе жатқан дамыған
түркілік әдебиетті тіпті өзімізге, одан қалды әлемдік оқырманға да на-
сихаттау, таныстыру өз дәрежесінде емес. Оның ар жағында қоғамдық
даму барысында түркілік мәдениеттің әлемдік өркениетке қосқан
өзіндік үлесін анықтау деген секілді ауқымды міндеттер тағы тұр.
Әрине, бұл – айта салуға оңай болғанымен, жүзеге асыруға, жазу-
ға келгенде, күрмеуі көп, шешімін күтіп тұрған мәселелері жеткілікті
шаруа. Қазір түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен әлемнің түкпір-
түкпіріне шашырап, түрлі мәдениеттердің ықпалына ұшыраған түркі
тектес халықтардың жалпы саны 200 миллионның о жақ бұ жағында.
Олардың ішінде тілінен, рухани тамырынан көз жазып қалғандары,
болмаса соған жақын тұрғандары да бар. Міне, осындай жағдайдағы
халықтардың тарихи негізді ортақ бай әдеби мұрасын жинақтау, нақ-
тылай айтқанда, түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жазу –
теориялық жағынан да, практикалық жағынан да бірсыпыра күрделі
мәселелерді шешуді, қажыр-қайратты қажет ететін күрделі проблема.
Бүкіл түркі халықтары түгілі бір ғана ұлттың әдебиет тарихын жасау-
дың өзі қаншама қиындықтар туғызатынын қазақ әдебиетінің тарихын
жасау жолдарынан-ақ байқауға болады.
Түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасау барысында есте
боларлық бірнеше жағдайлар бар. Отаршылдықтың салдарынан түркі
халықтарының көпшілігі күні кешеге шейін өздерінің шын мәніндегі
ғылыми негізді әдебиет тарихын жасай алмай келді. Оған бір жағы-
нан, түркі халықтарын қоғамдық дамудың төменгі сатысындағылар
санайтын еуропацентризм ілімі кедергі келтірсе, екінші жағынан,
ұлттық атаулыға қарсы кеңестік отаршылдық саясат мүмкіндік бере
бермеді. Соған қарамастан, КСРО құрамына кірген түркі халықтары
6
өздерінің ұлттық әдебиетінің тарихын зерттеген ғылыми ізденістерін
бір сәтке де тоқтатқан жоқ деуге болады. Нәтижесінде социалистік
реализм принциптері негізінде жазылған әр ұлттың жеке өзіндік әде-
биет тарихтары өмірге келді.
Кеңестік кезеңде өмірге келген әдебиет тарихтарын жазу барысында
туындаған түрлі ғылыми мәселелерді әр ұлт өзінше шешті. Әдебиет
тарихтарын біреулері түркі халықтарының барлығына бірдей ортақ
ерте кездерден бастаса, кейбіреулері кейінгі кездерді місе тұтты. Әде-
биет тарихының келелі мәселелерін ғалымдар болып ойласып шешу,
үйлестіру жағы жетісе бермеді.
Ортақ әдебиеттің ортақ мәселелерін әр ұлттың өзінше шешуі түркі
халықтарының көпшілігі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті күшейе
түсті. Бұл айтылғандар негізінен, түркі халықтарының ортақ әдебиеті-
не қай дәуірлерді жатқызу, түркі халықтарының барлығына ортақ ірі
әдеби тұлғаларды бір ғана ұлттың әдебиеті аясында қарап, меншіктеу
хақында болып отыр. Түркі халықтарының әдебиет тарихын жасау-
да осы сияқты толып жатқан мәселелер баршылық. Бұларды енді бұ-
рынғыдай әр ұлт жеке-жеке шешпей, ғалымдар болып ойласа отырып,
мәмілеге келетін кез келген сияқты. Мұндай мәселелердің нақтылы
түрде дұрыс шешілуінде түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын
жасау септігін тигізбек.
Әдебиеттің негізгі екі жағы бар. Оның ең біріншісі және негізгісі
әдебиетті әдебиет қылып тұрған оның ішкі жағы, яғни өнер ретіндегі
көркемдік қасиеті болса, екіншісі – сол көркем әдебиеттің тууына,
өмір сүруіне жағдай жасайтын, тағдырын айқындайтын қоғамдық
ортаның әсері. Әдебиеттің тарихын жасағанда, негізгі мәселе осы екі
жағын да ескеріп отыру – аса маңызды. Осы бір күрделі мәселені та-
разының басын тең ұстай отырып, іс жүзінде шешу қазақ әдебиетінің
тарихын жасаушыларға да оңайға түспеген.
Болашақта жасалар түркі халықтары әдебиетінің ортақ тарихын жа-
зуға кіріспестен бұрын ұлттық әдебиет тарихтарының жасалу жолда-
рын, тәжірибелерін қорытып, оның жеткен жетістіктерін пайдалану
керек; жетпей жатқан жерлерін жеткізуді, қателіктерін жоюды, проб-
лемаларын шешуді көп болып ойластырып, ортақ ұстанымдарға келу
керек. Тарих – ұлы ұстаз. Сондықтан да тарихтың сабақтарын бүгінгі
күннің талаптарымен, ғылыми жетістіктерімен ұштастыра отырып,
жұмыс жасау алға көп міндеттер жүктейді.
Ортақ әдебиет тарихының зерттеу нысаны – алдымен, анықталып
алынуы тиіс күрделі мәселенің бірі. Түркі халықтарының әдебиеті де-
геніміз не, ұлттық әдебиет пен түркілік әдебиеттің ара жігі қалай, ор-
тақ әдебиетке қай дәуірлер жатады, ұлттық, түркілік әдебиетке қандай
әдебиетті жатқызып, негізгі өлшем ретінде тегі, жері, тілі сияқты өл-
шемдердің қайсысын аламыз деген секілді сандаған сауалдар ғылыми
тұрғыдан жауаптар күтуде. Осы сияқты бірсыпыра мәселелердің дұ-
рыс шешілуі қолға алынғалы отырған үлкен жұмыстың дұрыс бағытта
жүруінің бірден-бір кепілі болмақ.
7
Осы уақытқа дейін түркілік ортақ әдебиетті бірлесе отырып зерт-
теу мәселесі күн тәртібіне қойылмай, тек ұлттық әдебиеттің тарихын
жасау жұмыстары жүріп жатыр. Осының салдарынан түркілік ортақ
әдебиет пен ұлттық әдебиеттің бірге қарастырылуы тиіс көптеген мә-
селелері біржақты шешіліп келді. Ұлттық әдебиетті анықтауда көбіне
территориялық принциптің алға шығып отырғандығын байқаймыз.
Мысалы, ортағасырлық Әл-Фараби көп уақыттарға дейін өзбек
әдебиетінің тарихында орын алып келсе, кейін туылған жері Отырар
(Фараби) Қазақстанда болғандықтан да қазақ делініп жүр. Профессор
Ә. Дербісәлінің зерттеуінше, Отырардан шыққан Әл-Фарабилердің
ұзын саны отыздың о жақ, бұ жағында. Солардың барлығының да қа-
зақ руханиятына қатысы бар деп есептейді. Жүсіп Баласағұнға қазақ
пен қырғыз таласуда. Шу өзенінің бойындағы Баласағұн қаласында
туылған ғұламаны қырғыздар қырғыз жерінде, қазақтар қазақ жерінде
туылған деп дәлелдейді. Көрші жатқан екі халықтың Жүсіпке таласы
аяғында Баласағұн қаласының қай елде болғандығы жайлы ғылыми
пікірталастарға ұласты. Сонда бар мәселе Баласағұн қаласының қай
жерде болғандығы анықталуына байланысты шешілетін сияқты. Осы
сияқты орта ғасырларда жасаған Қ. А. Иассауи, М. Қашқари, Ә. Хо-
резми сияқты көптеген ірі қайраткерлер көбіне бір ғана ұлттың ауқы-
мында қарастырылып, олардың күллі түркі жұртына ортақ ұлы тұлға-
лар екендігіне назар онша аударылмай келеді.
Белгілі бір әдебиеттің өкілдерін анықтағанда, оның шыққан тегіне
мән береді. Мысалы, Әл-Фараби Отырарда туылғанының үстіне руы
қыпшақ екендігі көрсетілгендіктен де, ал қыпшақтардың кейіннен
қазақ ұлтының құрамына кірген негізгі ұлттардың бірі болғандықтан
да қазақ деп жүр. Ал Қадырғали Жалайыри, Мұхамед Хайдар Дулати
сияқты шыққан руын ата-тегі (фамилия) етіп алғандар да бар. Әзірше
Жалайыриға талас жоқ, Өйткені жалайыр тайпасы тек қазақтың құра-
мында. Ал Дулатиға келсек, әңгіме – басқашалау.
Өткен (2011) жылы күзде Өзбекстанның Андижан қаласында Мұ-
хамед Хайдар Дулатиға арналған халықаралық ғылыми конференция
өтті. Дұрыс. Дұрыс емесі олардың тарихқа танымал Мұхамед Хайдар
Дулати деген аты-жөнін өзгертіп, оны Мырза Хайдар жасап, өзбек
қылуы болды. Дәлелі: Дулати рудың аты, ондай фамилия болмайды,
сондықтан оны алып тастау керек; туылған жері – Ташкент. Тегіне
келсек, дулаттар қазақтың құрамына кірген, қалайша ол өзбек болады;
Дулати сол кездерде осы өңірде өмір сүрген түркі тектес халықтардың
барлығына бірдей ортақ дегенге оның туылған жері қазіргі Өзбекстан
екендігін алға тартып, пікірлерінен қайтпады. Тегіне келгенде, осын-
дай дау-дамайлардың да шығып қалатындығы да бар.
Түркі халықтарының бір кездерде қытайлармен аралас-құралас өмір
сүргендігі белгілі. Соңғы зерттеулердің барысында қытай деректері-
нен түркі тайпаларынан шыққан көптеген ақындар белгілі болды.
Мысалы, қытай тілінде жазған қаңлы Пото-Дың (232-248), қаңлы
Бұқым (1255-1300), қыпшақ Сағидолла (1272-?), дулат Хы-Тял-Тың
8
(1247-1313), қыпшақ Сарын т. б. сияқты бұрындары белгісіз болып
келген ақындар шығып жатыр. Қытай әдебиетінің классигі саналып
келген Ли Боның дулат руынан шыққандығын дәлелдеп, ақынның
қазақ әдебиетінің тарихынан өзіне лайықты орнын алуы керектігін
көтерген М. Оразбайдың пікірі кейіннен дау-дамайға ұласты. «Қытай
әдебиетінде жүрген» тағы бір түркілік ақын Кан Мен Эрдың тағдыры
да осылай болды.
Әдебиеттің негізі – тіл. Шығарма қай ұлттың тілінде жазылса, сол
ұлттың әдебиетіне жататындығы дау тудырмайды. Қай халықтың бол-
масын, ұлттық әдебиетін сол ұлттың тілінде жазылған туындылар
құрайды. Поляк Юзеф Теодор Конрад Коженевский Джозеф Конрад
деген атпен ағылшын, тағы бір поляк Гийом Альбер Владимир Алек-
сандр Аполлинарий Костровицкий француз, сондай-ақ молдаван А.
Кантемир, украин Н. Гоголь, кавказдық Булат Окуджава мен Фазиль
Искандер орыс әдебиеттерінің өкілдері ретінде танымал. Түркілік
әдебиеттің негізгі өлшемі де – осы.
Десек те бұл қалыпқа сия бермейтін жағдайлар да жиі кездеседі.
Жоғарыдағы тегіне қарай түркі әдебиетіне жатқызылып жүрген ақын-
дардың қытай, араб тілдерінде жазғаны белгілі. Әдебиет ұлттық мә-
дениеттің, рухтың көрінісі болса, басқа мәдениетке, рухқа сай тілде
жазылған көркем шығарманы авторының тегіндегі әдебиетке жатқы-
за аламыз ба? Ақын жазушы қай тілде жазса, сол ұлттың сөз өнері-
не үлес қосып, ұлттық рухына, мүддесіне қызмет ететіні белгілі.
Әлемдік әдебиетте қаламгер қай тілде жазса, сол тілдегі әдебиеттің
өкілі деп қараушылық басым. Бұл мәселені біз қалай шешуіміз ке-
рек? Отаршылдық саяаттың «жемісі» ретінде соңғы кезеңдерде орыс,
қытай тілінде жазатын қазақ қаламгерлері шыға бастады. Басқасын
былай қойғанда, орыс тілінде жазатын Олжас Сүлейменовтің өзі жат
жұрттық оқырмандарға қазақ әдебиетінің өкілі ретінде танылып жүр-
ген жоқ па? Он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» соңғы кітабында
«Қазақстандағы орыс әдебиетіне» арнайы тарау арналды.
Міне, осы тақілеттес сандаған сауалдар әдебиет тарихының тереңі-
не бойлаған сайын мен мұндалап көбейе түседі. Сондықтан да мұндай
мәселелердің әлемдік әдебиет тарихтарында қалайша шешімін тауып
жүргеніне назар аударып, ғылыми негізді бір шешімдерге келу керек.
Олай болмаса, аяғы таусылмайтын дауларға ұласып кетуі мүмкін.
Әдебиет тарихының негізгі зерттеу нысаны – белгілі бір дәуірдің
әдеби өмірі. Ал әдеби өмір (процесс) дегеніміз, белгілі бір дәуірдегі
әдебиеттің тұтастай күйіндегі тарихи өмір сүруі, дамуы күйіндегі аса
күрделі жай-күйі. Ал әдеби өмірді жекелеген қаламгерлер, олардың
шығармалары, ол шығармаларды оқырмандардың қалай қабылдағаны
жайлы пікірлер, әдеби, немесе әдебиетке қатысы бар оқиғалар құрай-
ды. Әдебиет тарихын зерттеуші бұдан талай замандар бұрын өтіп кет-
кен дәуірлерге үңіліп, әдеби өмірде болып өткен елеулі оқиғаларды,
фактілерді електен өткізіп, негізгілерін анықтау үшін әдеби өмірдің
9
даму бағытын белгілеген басты оқиғаларды, негізгі ағымдарды сол
дәуірдің саяси-әлеуметтік, мәдени аясында ашып көрсетуі тиіс.
Қазандай қайнап жататын әдеби өмірдің басты тұлғалары сол әде-
биетті жасау жолында еңбектеніп, күресіп жатқан – қаламгерлер.
Әрбір дәуірдің әдебиетін сол кезде дүниеге келген әдеби туындылар,
сөз өнерінің соңында жүрген ақын-жазушылар жасайды. Замана ағы-
мын дөп баса білген дарын иесі сол дәуір қажетсініп отырған зәру
мәселені дер кезінде шеберлікпен көтеріп, «мода» болуы мүмкін; не
керісінше, қанша дарынды болғанымен де, айтқаны асыл болса да
саяси-әлеуметтік өмірде болып жатқан түрлі жағдайлардың салда-
рынан не бір құнды шығармалар қабылданылмай, түсінілмей қалуы,
өзінің танылар таңын күтіп, ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін. Әдебиет
тарихында жиі кездесетін мұндай жағдайлар әдебиет тарихын зерт-
теушінің әрдәйім есінде боларлық жәйт.
Әдебиеттің тарихы – осы уақытқа дейін әдебиеттің әр дәуірлерін-
де өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырған ақын-жазушылардың
хронологиялық тұрғыдан жүйеге түскен шежіресі де. Шын мәніндегі
әрбір дарын иесі бұрынғы ұлттық дәстүрді жаңаша жалғастырып,
әдебиетке жаңа стиль, жаңа бағыт, жаңа форма, жаңа идеялар әкеліп,
тұтастай бір әдеби мектепке айналады. Әдеби өмірде мұндай әдеби
бағыттар бірнешеу болып, қатарынан қанаттаса дамып, не болмаса,
араларында әдебиетке көшбасшылық үшін қым-қиғаш күрестер жүріп
жатуы мүмкін. Сондықтан да әдебиет тарихшысы әдеби дәуірлерді
зерттегенде, осы мәселелерге назар аударып, әдеби ағымдардың ішін-
дегі басты даму бағыттарын айқындай түсіп, соның басы-қасында
жүрген көрнекті әдебиет қайраткерлерінің әдеби дамуға қосқан үлесін
анықтауға күш салуы тиіс.
Әдебиет тарихын зерттегенде, ылғи да назарда болуға тиіс мәселенің
бірі – әдеби жанрлар. Әдебиеттің бірден пайда бола салмағаны әлімсақ-
тан белгілі. Әдебиет дегеніміз – жанр. Әдебиет ғасырлар бойы жанрлық
тұрғыдан дамып, бүгінгі биікке жетті. Демек, әдебиеттің дамуы де-
геніміз, оның жанрлық тұрғыдан жетілуі екен. Сондықтан да әдебиеттің
тарихын зерттеуші қарастырып отырған дәуіріндегі әдеби жанрлардың
жай-күйін барлық уақытта назарда ұстап отырғаны лазым.
Әдеби жанрлар бірден пайда бола қалған жоқ. Әдебиет тарихының
ежелгі дәуірінің әдебиеті деп жүргеніміздің көпшілігі біздің бүгінгі
әдебиет туралы ұғымымызға, әдеби қалыптарға сай келе бермейді.
Сөз өнерінің ең көне үлгілері қатарында тасқа жазылған сына жазу-
лары, шежірелер, шіркеулік жазбалар, хаттар, тарихи деректер сияқты
үлгілер алынып жүр. Бұлар кейін ұзақ даму жолдарынан өтіп, бүгінгі
профессиональды әдебиет дәрежесіне жеткен. Сондықтан да әдебиет
тарихшысы белгілі бір дәуір әдебиетін зерттеу барысында оның жанр-
лық, яғни көркемдік жағынан қаншалықты деңгейде екенін анықтап
отыруы лазым.
Түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихының негізін жекелеген
ұлт әдебиеттерінің тарихы құрайды. Сондықтан да алдымен, ұлттық
10
әдебиет тарихтарын жасау мәселелері дұрыс шешілуі керек. Әрбір ұлт
әдебиет тарихының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, тәжірибелері тия-
нақталуы қажет. Осылардың негізінде түркі халықтары әдебиетінің
ортақ әдебиет тарихын жасаудың теориялық, практикалық мәселелері
айқындалып, толық шешімін табатын болады.
Сонымен, түркілік ортақ әдебиет тарихын жасаудың негізі – ұлт-
тық әдебиет тарихтары. Соның бірі қазақ әдебиетінің тарихын жасау
да ұзақ та, күрделі ауыр жолдардан өтті. Қазақ әдебиетінің тарихын
зерттеудің алғашқы кезеңдерінде ұлттық әдебиеттің бар екендігін де
дәлелдеуге тура келген. Әдебиеттің тарихы ұлттық әдебиеттің өткен
даму жолдарын, нақтылай айтқанда, сөз өнерінің қайнар бастаулары-
нан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи дамуын, дамудың жетекші
заңдылықтарын, ондағы жекелеген ақын-жазушылардың шығарма-
шылықтарын зерттейтін әдебиеттану ғылымының бір саласы дейтін
болсақ, оның алғашқы сілемдері Х1Х ғасырда Ш. Уәлихановтың ең-
бектерінде («Қазақ халық поэзиясының түрлері» атты мақаласы, Жа-
нақ, Орынбай, Шөже туралы айтқандары, т. б.) көрінсе, ХХ ғасырдың
алғашқы жарымында біртіндеп қалыптаса бастады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы алғашында өткен кездерде жасалынған
қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылықтары жайлы
әртүрлі деңгейде айтылған пікірлер түрінде өмірге келді. Түрлі мақ-
сатта көрінген В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, А. Е. Алекторов, Н.
И. Ильминский, Г. Н. Потанин, А. Янушкевич, Ә. Дибаев секілді жат
жұрттық ғалымдардың қазақ әдебиеті, оның ішінде поэзиясы хақын-
дағы құнды пікірлерінің болашақта жасалынар әдебиет тарихы үшін
маңызы айтарлықтай болды. Әдетте, әрбір ұлт өзінің ұлттық тарихын,
әдебиетін, өнерін негізінен өзі зерттейді. Ал қазақ әдебиетінің тари-
хын жасаудың алғашқы кезеңінде оған басқа ұлт өкілдерінің арала-
суының бірнеше себептері болса, соның ең негізгісі әдебиетті зерт-
тейтін ұлттық кадрларымыздың жоқтығы еді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында бұрқ-сарқ қайнап
жатқан саяси оқиғалар қазақ даласына да жетіп, ұлт-азаттық қозғалыс
өріс алды; ұлттық сана-сезім оянып, ұлттың ұлт болып өмір сүруіне
негіз болатын рухани таяныштар ізделіне бастады. Рухсыз ұлттың
басқа халықтармен терезесі тең өмір сүре алуы – неғайбыл. «Тарихын
жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт» (М. Дулатов. «Қазақ», 1915, №155).
Сондықтан да қазақтан шыққан зиялы азаматтар мамандықтары бас-
қа болғандықтарына қарамастан, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту,
қалыптастыру мақсатымен, қазақтың азаматтық тарихын, әдебиетін,
мәдениетін зерттеуді өз қолдарына алды. Осы кездерде Ә. Бөкейха-
новтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Х. Досмұхамедовтің,
С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сәдуа-
қасовтың, М. Әуезовтің, Р. Мәрсековтің, Қ. Кемеңгеровтің, Ы. Мұс-
тамбаевтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің, т. б. «Қазақ», «Ай-
қап», «Сана», «Лениншіл жас» секілді басылымдарда жарияланған
материалдарында қазақ әдебиетінің тарихын жасауға тікелей қатысты
11
алғы шарттар жасалынды. Бұларды болашақта жасалар әдебиет тари-
хының дайындық материалдары, яғни «шикізаты» деуге болады.
1917 жылғы Қазан төңкерісі әлемге жаңа заманның басталғанын
жариялады. Революция Ресей империясындағы барлық езілген ха-
лықтарға азаттық, теңдік әкеледі деген үміт ақталмай, орыс отаршыл-
дығы жаңаша формада, социалистік мазмұнда күшейе түсті. Бодан-
дықтың салдарынан саяси-экономикалық, мәдени-әдеби салаларда
кенжелеп қалған халықтарды маркстік-лениндік ілімге сүйене оты-
рып, қоғам дамуының капиталистік сатысынан өтпеген, артта қалған,
халық ретінде пісіп жетілмеген, әлі ұлт болып қалыптаспаған, ұлт-
тық тарихы, әдебиеті жоқ бұратаналар санап, біз олардың ұлт болып
ұйысуына, яғни социалистік ұлт болып шығуына көмектесеміз деген,
түптің түбінде басқа ұлттардың жойылуына, ұлтсыздандыруға апара-
тын құйтұрқы саясат күшейе түсті.
Міне, осындай ұлт тағдырына қауіп төнген кезде Ресей құрамын-
дағы түркі тектес ұлттардың зиялы азаматтары өздерінің де басқалар
сияқты ұлт екендігін дәлелдеу мақсатымен азаматтық тарихын, ұлт-
тық әдебиетін, мәдениетін іздей бастады. Қазақтың да бұрыннан келе
жатқан ұлт, дамыған ұлттық әдебиеті, мәдениеті бар халық екендігін
дәлелдеп, жазылған мақаланың бірі С. Сәдуақасовтың «Қырғыз әде-
биеті» («Трудовая Сибирь», 1919, №1) тақырыбындағы тарихи-сы-
ни очеркі болды. Орыс тілінде жазылған мақаланың негізгі мақсаты
қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті төмен деп түсінетін орыс оқыр-
мандарына өткен дәуірлерде ұлттық әдебиеттің, әсіресе ауыз әде-
биетінің дамыған, бай түрі болғандығын, оның өзгелерге ұқсамайтын
өзіндік ерекшеліктерін таныстыру болған. Смағұл қазақтың жазба
әдебиетінің тарихын Мәшһүр Жүсіптен, Абайдан бастаған. Қазақ әде-
биетінің ірі өкілдері ретінде М. Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, М.
Жұмабаевтың, С. Дөнентаевтың, Ғ. Қарашевтің, Ш. Құдайбердиевтің,
С. Торайғыровтың, А. Мәметовтің, С. Сейфуллиннің, т. б. шығармала-
рын талдап, сипаттамалар берген.
Осы кездерде бұрындары қазақ әдебиеті болды ма, болса, қай кез-
ден бастап бар деген мәселе көтерілді. Отаршылдар негізінен, қазақ-
тарда шын мәніндегі әдебиет болған жоқ деген таптық ілімге сүйенген
бағытты ұстанса, ұлтжанды қазақ зиялылары әдебиет болғандығын
дәлелдеуге кірісті. М. Жұмабаев 1923 жылы қазақта бұрындары да-
мыған әдебиет болмаған дегендерге қарсы «Өткен дәуірдегі теңіздей
тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұщқындары, тенті-
реген тамшылары ғана жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары
ұмытылған, желдей өскен жыраулармен бірге топыраққа айналған.
Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда
адасып, азғантайы ғана қалған. Талай түндерге созылған ертегілердің
басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ қалған» (М. Жұмабаев.
Шығармалары. А., 1989, 340-бет) – деп, өткен замандарда жасалынған
әдеби мұрамыздың ұмытылып бара жатқандығына жұртшылық наза-
рын аударды.
12
Ұлттық дамудың әдебиеттегі рухани тамырларын үзіп тастау мақса-
тымен жүзеге асырыла бастаған пролетарлық мәдениет бағытына қар-
сы Мағжан 1924-1926 жылдары «Алқаның» бағдарламасын дайын-
дады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ж. Тілеулин,
С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, Е. Омаров, С. Қожанұлы,
Е. Алдоңғарұлы, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақтың біртуар алашшыл
азаматтары қолдаған бағдарламада да бұрындары қазақ халқының
бай әдебиеті болғандығын дәлелдей түскен. Мағжан әдебиеттің дең-
гейі қоғамдық дамумен тікелей байланысты болуына орай феодалдық
дәуірде өмір сүрген қазақ халқының әдебиеті де төмен деген пікірдің
сыңаржақ екендігін айта келіп, «техника мәдениеті тіпті төмен болға-
нымен», «өзінше терең әдебиеті болған һәм бар» деп дәлелдеді. Дә-
лелге «кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықыл-
ды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын
жыраулар екенін» алға тартты. Осында ол қазақтың ұлы ақыны Абай-
дың поэзиясын аса жоғары бағалады.
Келтірілген мысалдардан қазақ әдебиетінің тарихына қатысты ал-
ғашқы зерттеулердің алдымен, ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойы да-
мып келе жатқан бай тарихы бар екендігін дәлелдеуден басталғанды-
ғын көреміз. Қоғамдық өмірде үстемдік құрған таптық идеологияны
әдебиет пен мәдениетке де қолданып, тұрпайылықпен жүзеге асыра
бастаған кездерде оған қарсылық ретінде айтылған осы сияқты пікір-
лердің болашақта жасалар қазақ әдебиетінің тарихы үшін саяси жа-
ғынан да, ғылыми жағынан да практикалық маңызы аса зор болды.
Саяси қудалауларға қарамастан, алашшыл азаматтар халықтың бола-
шағы үшін ұлттық әдебиет тарихын жасаудың аса қажеттілігін, оны
қай бағытта жазу керектігін батыл көрсетіп берді.
Қазақ әдебиетінің бастау бұлақтарын анықтау, тарихын кезеңдерге
бөлу жолындағы ізденістерде қазақ әдебиеттану ғылымы ұзақ жолдар-
дан өтті. Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің
өткендегі даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйе-
ге түсіруге ұмтылған еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың
«Әдебиет танытқышы» (1926) қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұ-
тастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан зерттеудің жолдарын алғаш
рет жүйелеген еңбек болды. Мұнда жалпы әдебиетті ауыз әдебиеті
және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы да іштей түрлер-
ге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын «діндар
дәуір», «ділмар дәуір», «сындар дәуір» аталған кезеңдерге бөлген.
Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, діл-
мар дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сын-
дар дәуірге Абайдан кейінгі кезді жатқызған. Мұнда әдебиеттің тари-
хын кезеңдерге бөлуге алғаш рет әрекет жасалынып, ғылыми ұстаным
ретінде хронология емес, әдебиеттің негізгі бағыты, мазмұны, сый-
паты алынғандығы көрінеді. Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың «Әдебиет
танытқышында» тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге
бөліп, оны дәуірлеудің өзіндік принциптері ұсынылды.
13
1927 жылы М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» шықты. Кітап осылай-
ша аталынғанымен де онда негізінен қазақ халқының ауыз әдебиеті
қарастырылған. Мұнда ауыз әдебиетіне анықтама беріліп, сыршыл-
дық салт өлеңдері, әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел помасы,
тарихи өлеңдер), айтыс-тақпақ, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ түрлері-
не жіктелінген. Әдебиеттің тарихын әңгімелегенде, Х1Х ғасыр әде-
биетін «зар заман» әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан
Қайғыдан бастап, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай,
Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындар-
дың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. Ұлт-азаттық күресті
жырлаған ақын-жыраулардың поэзиясын насихаттады деген айыппен
«Әдебиет тарихы» жарық көре салысымен «қамауға алынды».
Халел Досмұхамедовтің «Қазақ халық әдебиетінде» (1928, орыс
тілінде) ауыз әдебиетінің табиғаты, жазба әдебиеттен ерекшелігі,
халық өмірімен байланыстылығы кеңінен әңгімеленді. «Халық әде-
биетінің қайсы бір үлгі нұсқасының із-түзсіз жойылып кетуі мәде-
ниетіміз үшін орын толмас өкініш болмақ» деп білген Халел қазақ
ауыз әдебиетінің 46 түрін көрсетеді. Тәуелсіздік алғанға дейін фольк-
лористика ғылымында қазақ ауыз әдебиетінің он шақты-ақ түрі ғылы-
ми айналымда болып келгенін ескерер болсақ, Х. Досмұхамедов зерт-
теуінің мәні мен маңызы толығырақ түсініледі. Халелдің Махамбет,
Мұрат, Шортанбай туралы зерттеулері кейіннен қазақ әдебиетінің
тарихын жасау кездерінде кірпіш болып, қаланды десе де болғандай.
Қазақ әдебиетінің өткен кездердегі тарихын зерттеу істерінде С.
Сейфуллин айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол жиырмасыншы жылдар-
дың соңына қарай баспасөз бетінде ауыз әдебиетін, әдеби мұраны
жинауға үндеген бірнеше хат-мақала жазды. Нәтижесінде «Қазақтың
ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» (1932) өмірге келді.
Профессор Т. Кәкішевтің дәлелдеуі бойынша, С. Сейфуллин қазақ
әдебиетінің тарихына арнап бірнеше кітап жазуды жоспарлаған. Бізге
жеткені соның екеуі ғана.
Сәкен қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі дәуірін сол кездің саяси-
әлеуметтік жағдайына орай, үлкен екі кезеңге бөледі: 1). «билер дәуірі»,
2). «орыс патшасына бағынған дәуір». 1932 жылы жарық көрген «Қазақ
әдебиетінде» осының алғашқы кезеңі «билер дәуірінің» әдебиеті ғана
қамтылған. Мұнда негізінен қазақтың ауыз әдебиеті түрлерге, жанр-
ларға жіктеліп, қарастырылған. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»
хрестоматиясына Бұхар, Балқы Базар, Шортанбай, Досқожа, Сүйінбай,
Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Түбек, Орынбай, Сералы, Тоғжан,
Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт секілді ақындардың өлең, айтыстары ен-
ген. Бұлардың біразы баспа бетін алғаш рет көрсе, ал енді кейбіреулері
күні кешегі тәуелсіздік алғанға дейін «жабық» болып келді. Сөйтіп Сә-
кен Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», «Қазақ әдебиеті»
атты еңбектері ұлттық әдебиеттің тарихына тұңғыш рет хронологиялық,
хрестоматиялық жүйемен желі болып тартылып, қазығы болып қағыл-
ды.
14
ХХ ғасырдың бірінші жарымындағы қазақ әдебиетінің аса ірі өкілі,
социалистік реализм әдебиетінің ту ұстаушыларының бірі С. Мұқанов
қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу істеріне аса қомақты үлес қосты.
Жазушының әдебиет тарихына қатысты зерттеулерін іштей жіктесек,
ХУ111-Х1Х ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ш. Уәлиханов, А. Құнан-
баев, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып келеді. Сәбит
қазақ әдебиетінің тарихын ХУ111 ғасырдан бастап зерттеген. Оның
себебін осыған дейінгі ақындардың аттары жөнді сақталмағандығы-
мен, «белгілі дәуірде жасаған ақын бар, ол ақынның белгілі шығарма-
сы бар ғасыр қазақ әдебиетінің тарихында ХУ111 ғасыр» болғандығы-
мен түсіндіреді. Сонан соң бұл дәуірдің әдебиетін «қазақ халқының
тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет» деп
анықтаған.
С. Мұқановтың «ХУ111-Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы» кө-
лемді зерттеуі алдымен, «Халық мұғалімі» (1941, №6-12) журналын-
да жарияланды. Автор осы кездің әдебиетін 1) ұлт бостандығы үшін
күресудің әдебиетке әсері, 2) «Зар заман» әдебиеті, 3) ақын және ай-
тыстар, 4) шығыс әдебиетінің әсері, 5) просветительдік әдебиет деп,
жіктеп қарастыруды жоспарлаған. Кейін кітап болып шыққанда, біраз
өзгерістер байқалады. Алдымен, кітап «Қазақтың ХУ111-Х1Х ғасыр-
дағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942) аталған. Бірінші тарау
«Бостандық күресі», екіншісі «Зар заман», үшіншісі «Айтыс туралы»
болып өзгеріп, бастапқыда жоспарланған «Шығыс әдебиетінің әсері»,
«Просветительдік әдебиет» тараулары кітапта жоқ.
Кітаптың «Бостандық күресі» тарауында Бұхар жыраудың, Сырым
Датұлының, Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне, Жанқожа батыр,
Кенесары-Наурызбай туралы жырларға, «Бекет батыр» дастанына
тоқталған. Автор зар заман әдебиетін Асан қайғыдан бастап, оның
өкілдері ретінде Бұхар жырау, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай
Алтынсарыұлы, Нармамбет, Шернияз, Досқожа, Күдері, Нысанбай,
Ығылман сияқты ақындарды атап, өлеңдеріне талдаулар жасайды.
Сәбит Мұқановтың қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов-
тың, ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын
зерттеп, іргелі зерттеулер жазғаны белгілі. Бұл еңбектер қазақ әде-
биетінің тарихына қосылған сүбелі үлес болып, өзінің ғылыми құн-
дылығын күні бүгінге дейін жойған жоқ.
Қазақ әдебиетінің тарихын жасауда күні кешегі тәуелсіздік алғанға
дейін «ақтаңдақ» болып, шешімін таппай келген кезең – ХХ ғасыр-
дың басындағы қазақ әдебиеті болатын. Міне, осы бір саяси күрмеуі
күрделі тақырыпқа алғаш рет жол салып, ғылыми тұрғыдан ерлік
жасаған С. Мұқанов болды. Оның 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырда-
ғы қазақ әдебиетіне» «1 бөлім. Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі» де-
ген қосымша ат берілуі автордың кеңестік кезеңге арнап та жеке кі-
тап жазбақ болғанын аңғартады. Кітап негізгі екі бөлімнен тұрады.
«Ұлт деген не?», «Ұлтшылдық неден шығады?», «Қазақтың ұлтшыл
оқығандары», «Ұлтшылдықтың өркендеуі», «Алашорда» тараулары
15
құрайтын бірінші бөлім түгелдей ұлт, ұлтшылдық мәселелерін сол
кездің идеологиялық ауқымы аясында түсіндіруге арналған. «Ұлт-
шыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары аталған екінші бөлімде
алашорда әдебиетінің көрнекті өкілдері А. Байтұрсыновтың, М. Ду-
латовтың, О. Қарашұлының, М. Жұмабаевтың, С. Торайғыровтың, С.
Дөнентаевтың, Б. Күлеевтің, М. Әуезовтің, Ж. Аймауытовтың шығар-
машылықтары жеке-жеке қарастырылады.
Таптық күрестің барынша күшейіп тұрған отызыншы жылдардың
бас кезінде жарық көрген «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде» тап-
тық ілімнің әдеби мұра туралы ұстанымдары айқын көрінеді. Тіпті
екі бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлімі, яғни тең жарымы сол
кездің саясатында «модный» боп тұрған «ұлтшылдықтың» зиянды
екендігін «ғылыми тұрғыдан» барынша дәлелдеуге күш салып, соның
дәлелін қазақ әдебиеті арқылы көрсетуге тырысқан. Автор алашор-
дашыл жазушыларды «ұлтшылдар» деп, сынайды. Ол кездің саяси
өлшемі бойынша, ұлтшылдан өткен қаскөй адам болмайтын. Ал енді
«ұлтшылды» бүгінгі отанын шын сүйетін патриот ұғымында түсінер
болсақ, кітапта алашшыл қалам иелеріне дұрыс баға берген деп те
қарауға болады.
Сәбит алашордашыл ақын-жазушыларды идеялық жағынан халық-
қа жат деп, сынап отырғанымен де шығармаларының көркемдік жа-
ғына келгенде, аса құнарлы пікірлер айта білген. Мысалы, Мағжан
туралы «Ақындық жағына келгенде, Мағжан қазақтың күшті ақын-
дарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа
түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өне-
гесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ. Абай қазақ әдебиетіне Еу-
ропа үлгісін шет-пұшпақтап кіргізсе, Мағжан дендеп кіргізді. Мағжан
өлеңдерінде сыршылдық (лирика) басым келеді. Мағжан қазақ әде-
биетінде бейнешіл (символист) ақынның орнын алады» – деген пікірі
күні бүгінге дейін өзінің құнын жоя қойған жоқ.
М. Баталов пен М. Сильченко 1933 жылы шыққан «Очерки по ка-
захскому фольклору и казахской литературе» деген кітабында қазақ
әдебиетінің тарихын Ыбырай мен Абайдан бастады. Онда да Ыбы-
райды орыс миссионерлерінің ықпалында болды, Абай феодал ақыны
деп, сыңаржақтыққа ұрынды.
Е. Ысмайылов қазақ әдебиетін 1) қазақтың фольклоры, 2) ХУ111-
Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті, 3) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жү-
йесінде қарастыруды ұсынды (Е. Ысмайылов. Қазақ әдебиетінің тари-
хын жасау туралы. «Социалистік Қазақстан», 03.09.1938).
Соғысқа дейінгі дәуірдегі әдебиеттің тарихына, оны дәуірлеуге қа-
тысты ізденістер мектепке арналған оқулықтар жазу, хрестоматиялар
құрастыру барысында да жүріп жатты. І. Жансүгіров пен Ғ. Мүсіре-
повтің «Көркем әдебиет жинағы» (орта мектептің 6-оқу жылы үшін,
1933), М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаевтың «Х1Х ғасыр мен
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралы» (7-жыл оқу үшін,
1933), С. Сейфуллин мен Ө. Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» (5-
16
оқу жылы үшін, 1934), Е. Ысмайылов пен Т. Ақшолақовтың «Әдебиет
хрестоматиясы» (1939) секілді оқулық, оқу құралдарында әдебиеттің
тарихын дәуірлерге бөліп, ұсына бастады.
Соғысқа дейінгі дәуірде қазақ әдебиетінің тарихын игеруге қатысты
біршама жұмыстар атқарылып, енді соларды ғылыми тұрғыдан жүйе-
леу, ғылыми түрде бір ізділендіру міндеті алға шыға бастады. Әдебиет
тарихын дәуірлеудің бірнеше үлгілері ұсынылып, пікірталастар жүре
бастады.
Қажым Жұмалиев он сегізінші-он тоғызыншы ғасырлардағы қазақ
әдебиетінен диссертация қорғап (1941), қазақ әдебиетінің тарихын
Бұқар жыраудан, яғни ХУ111 ғасырдан бастауды ұсынды. Бұқарға
дейінгі қазақ әдебиетінің барлығы – ауыз әдебиеті; «ХУ111 ғасырдың
екінші жартысы, Х1Х ғасырдың бас кезінен бері қарай тарихта бірінші
рет аты мәлім, шығармалары да өзінің атымен сақталған ақын – Бұқар
жырау. Біз қазақ әдебиетінің, жазба әдебиетінің тарихының басы Бұ-
қар жырау дейміз» мазмұндағы осы концепциясын «Қазақ әдебиеті»
(1941), «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі»
(1948), «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» (2 томдық.
1 том, 1958; 2 том, 1960) сияқты іргелі еңбектерінде жалғастыра түсті.
Осы мәселеге орай, профессор Бейсенбай Кенжебаев арнайы мақала
жазып, қазақ әдебиетінің тарихын төмендегіше дәуірлеуді ұсынды:
«Бірінші – қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Яғни, ХУ111 ғасыр-
дың ақырына дейінгі әдебиет.
Екінші – Х1Х ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет.
Үшінші – Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Төртінші –ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет.
Бесінші – Кеңес әдебиеті»
Достарыңызбен бөлісу: |