Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет12/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   191
(И. В. Стеблева. Древняя тюркоязычная 

литература. 2-том, көлемі-7 бет)

, «Орта Азия әдебиеттері» (И. С. Бра-

гинский, У. Кәрімов, А. Қаюмов, С. Дурдиев, М. Овезгелдиев. Литера-

туры Средней Азии. 4-том, көлемі – 5 бет), «Орта Азия және Қазақс-

тан әдебиеттері» 

(Х. Короглы. Введение; А. Каюмов. Узбекская литература; 

С. Каррыев. Туркменская литератра; Н. Смирнова. Казахская литература. 

5-том, көлемі – 10 бет)

, «Орта Азия және Қазақстан әдебиеттері» (Лите-

ратуры Средней Азии и Казахстана. З. Османова. Введение; И. Дюсен-

баев.Казахская литература ; А. Хайтметов. Узбекская литература; С. 

Каррыев. Туркменская литератра. 6-том, көлемі – 10 бет),  «Орта Азия 

және Қазақстан халықтарының әдебиеті» (Литературы народов Сред-

ней Азии и Казахстана. З. Османова. Введение; З. Ахметов. Казахская 

литература; С. Каррыев. Туркменская литература; А. Абдугафуров, А. 

Джалалов. Узбекская литература. 7-том, көлемі – 7 бет), «Орта Азия 

және Қазақстан әдебиеті» 



(З. Османова. Введение; Э. Каримов. Узбекская 

литература; С. Карыев. Туркменская литература; З. Ахметов, А. Дербиса-

лин, Ш. Сатбаева. Казахская литература; К. Асаналиев. Киргизская литера-

тура. 8-том, көлемі – 10 бет) 

және Х1У-ХУ11 ғасырлардағы әдебиетке 

арналған 3-томдағы түрік, өзбек әдебиеттеріне, қырғыздың «Манас», 

ортаазиялық  «Алпамыс»,  қарақалпақтың  «Қырық  қыз»  эпостарына, 

ноғайлы жырларына, Қорқыт, Көрұлы аңыздарына арналған тараулар-

ға ғана орын беріліпті. Сонда бүкіл түркі тектес халықтардың (түрік-

терден басқа) әдебиеттеріне 69-ақ бет берілген.                      

Кеңестік  империяның  соңғы  жылдарында  жазылған  «Әлем  әде-

биетінің тарихындағы» мұндай өрескел  кемшіліктерді сол кездерде 

қоғамдық, мәдени өмірдің барлық салаларында салтанат құрып тұр-

ған отаршылдық саясаттың, еуропацентризмнің салқыны демеске лаж 

жоқ. Ал есесіне тәуелсіз ел ретінде түрік әдебиетіне үшіншіден бас-

тап, әр томда жеке тарау берілгенін құптасақ та, оның жалпы түркілік 

әдебиеттен  бөлек  қарастырылуы  ойлантады.  Х111  ғасырға  дейінгі 

түркі халықтарының әдебиеті бірге қамтылған да, одан кейінгі том-

дарда түрікпен бірге  өзбек әдебиеті де бөлек қарастырылған. Оның 

үстіне Орта Азия әдебиетіне жатады деп, тәжік әдебиетін де түркілік 

топқа қосып жіберген. Ал Ресей құрамындағы татар, башқұрт, шуваш 

секілді түркі тектес халықтардың әдебиеттері де осы томдардан өзіне 

лайықты орнын алуға хақысы бар еді. Өкінішке орай, олай болмаған: 

тек кеңестік дәуірдегі Еділ және Жайық бойындағы халықтардың әде-

биетіне берілген 7, 8- томдардағы қысқа ғана  7 беттік  шолумен ғана 

шектеліпті.                 



40

Бұл жерде қазақ әдебиетіне қатысты айтпай кетуге болмайтын тағы 

бір мәселе бар. Ол – қазақ әдебиеті осы әлемдік әдебиеттің тарихы-

на арналған іргелі еңбекте өзіндік болмысымен көрініп, өзіне лайық-

ты  орнын  ала  алды  ма  деген  сауал.  Біздіңше,  ала  алған  жоқ.  Олай 

дейтініміз, бұл еңбек социалистік релизм салтанат құрып тұрған ке-

ңестік кезеңде жазылды да, әдебиеттің ұлттық болмысын ашып көрсе-

туге мүмкіндіктері шектеулі, басқа әдебиеттердің өткендегі тарихына 

деген көзқарас салқындау болды. Осындай себептермен басқаларды 

былай қойғанның өзінде, әлемдік әдебиет классиктерінің қатарында 

тұруы  тиіс  Абай,  Мағжан  сияқты  қазақтың  ұлттық  әдебиетінің  аса 

көрнекті қайраткерлері бұл  томдарда жоқ. Қазақ әдебиетінің ешбір 

елде қайталанбас өзіндік ерекшелігі саналатын жыраулық поэзияны, 

ақындық  өнерді  былай  қойғанда,  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт-азаттық 

бағыттағы тұтас бір дәуірдің әдебиеті де түсіп қалған.     

Бұлардың  барлығын  ежіктеп  айтып  жатқандағы  мақсат:  түркі  ха-

лықтарының  дербес  ортақ  әдебиет  тарихын  жасаудың  бүгінгі  әлеу-

меттік-мәдени өмір, ғылымның дамуы ұсынып отырған маңызды мә-

селе; осы салада жүргізіліп келген ғылыми ізденістер болғанымен де 

оларда түрлі себептермен орын алған қателіктерді  тез арада жойып, 

түркі халықтарының әлемдік әдеби дамуға қосқан тарихи үлесінің аса 

қомақты екендігіне көзді жеткізе түсу.                                                                  

Әдебиет  тарихының  негізгі  зерттеу  нысаны  –  өткен    дәуірлердің 

көркем  әдебиеті,  сол  әдебиетті  жасаушылар.  Әдебиет  тарихында 

белгілі бір дәуірдің ғылыми негізді әдеби көрінісі жасалуы тиіс. Ал 

әдебиеттің өткен жолдарына көз жіберсек, тарихтың терең тылсым-

дарынан мен мұндалаған не бір ұлылар үн қатады. Олардың кейбіреу-

лері Алатаудың биік шыңдарындай, алыстан мұнартып, тарихтың биік 

жоталарына,  асуларына  айналса,  енді  біреулері  арқаның  жосылып 

жатқан таусылмайтын жота-шоқыларындай,  қасына жақындамасаң, 

сырын аша бермейді. 

Біз  әдетте  әдебиеттің  өткені  жайлы  сөз  болғанда,  Абайға  дейінгі 

әдебиет,  Абайдан  кейінгі  әдебиет  деген  сияқты  межелеуді  жиі  қол-

данамыз. Жетпісінші жылдарға дейін қазақ әдебиетінің тарихы «Бұ-

қар жыраудан басталады» деп келгеніміз бар. Оның қай кез екені он 

сегізінші ғасыр делініп,  осы тіркестің соңынан  анықталып отырды. 

Мұндай жағдай әдебиет тарихтарында жиі кездеседі. Мысалы, орыс 

әдебиетін зерттеушілер оны Пушкинге дейінгі және кейінгі деп, үлкен 

екі кезеңге бөледі. 

Әдебиетті жасаушы өнер иелері болғандықтан да тарихты жазғанда, 

олардың әрқайсысының көркемдік дамуға қосқан үлесі барынша әділ 

бағалануы аса маңызды. Әдебиет тарихын жазу дегеніміз, іс жүзінде 

сол кездерде жасаған үлкенді-кішілі ақын-жазушылардың шығарма-

ларын жан-жақты қарастырып, ғылыми тұрғыдан талдап,  тарихтың 

таразысына салып таразылануы, әрқайсысының өзіне лайықты орны-

ның анықталуы да деген сөз. 




41

Белгілі бір дәуір әдебиетін тұтастай көруге әдетте шолу көмектеседі. 

Әдебиет тарихшысы ең алдымен, өзі зерттеп отырған дәуірдің әдеби, 

мәдени, әлеуметтік  панорамасын жасап алып, содан кейін барып, сол 

кездің әдебиетін шолып, оның үлкенді-кішілі өкілдерін көркемдік да-

муға қосқан үлестеріне қарай орын орнына қояды; әдебиеттің аса ірі 

өкілдерінің шығармашылық жетістіктерін жан-жақты көрсету мақса-

тымен оларға жеке шығармашылық портреттер арнайды.                                                                                        

Әдебиет  тарихын  жазғанда,    көбіне  ақын-жазушылардың  өмір-

баяндық  деректері  мен  шығармаларының  мазмұнын  таныстырумен 

шектеліп  жүргендей.  Дұрыс.  Әсіресе,  көне  дәуірлерде  жасалынған 

әдебиет жайлы деректердің аздығы, олардың бізге жеткен әдеби мұ-

раларының бүгінгі көркемдік талдауларға көне бермейтіндігі де амал-

сыздан  осылай  етуге  мәжбүр  етеді.  Десек  те  әрбір  зерттеуші  өзінің 

әдебиет жайлы жазып отырғанын әрдәйім есте ұстап отырғаны жөн.                                                                                 

Әдебиет  қайраткерлеріне  арналған  шығармашылық  портреттерде 

сол  кездің  қоғамдық-тарихи  жағдайы,  мәдени,  әдеби  өмірде  болып 

жатқан  өзгерістері    аясында  дарын  иесінің  өзіндік  шығармашылық 

қолтаңбасы,  әдеби  дамуға  қосқан  үлесі,  қоғамдық  өмірде  алатын 

орны, бағалануы сияқты сауалдарға жауаптар берілуі қажет. Ғылыми 

негізді әдебиет тарихы бұларға қоса оның шығармашылығына, көр-

кемдік танымына айтарлықтай әсер еткен өмірбаяндық оқиғаларға да 

мән беріп, қоғамның, өмірдің жазушылық болмысқа әсерін анықтай-

ды; сөйтіп, суреткердің көркемдік әлемінің табиғатын бар болмысы-

мен аша түсуді басты назарда ұстайды.                                                                                     

Әдебиет тарихын жасау – теориялық жағынан аса күрделі, көлемі 

жағынан  ауқымды  іс.  Бұл  іс  әдеби,  ғылыми  дайындығының  үстіне 

қоғамдық  ғылымдардың  жетістіктерімен  де  жан-жақты  қарулануды 

қажет  етеді.  Әдебиет  тарихын  зерттеуші  ғалым  ең  алдымен,  жақсы 

тарихшы болуы керек; тарихи зерттеулердің негізгі заңдылықтарына, 

табыстарына арқа сүйеп отырмаса, таза әдеби зерттеулердің жемісті 

болуы екіталай. Басқасын былай қойғанда, ең негізгі мәселе санала-

тын  әдебиет тарихын дәуірлерге бөлудің өзі тарихи кезеңдермен ті-

келей байланысты.                                                                                                     

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы ауыр саяси жағдай қазақ 

әдебиетінің  ұлттық  дамуын  біраз  уақытқа  тежеді.  Отызыншы  жыл-

дардағы  бесжылдықтар  науқаны  әдебиетке  де  қозғау  салды.  Отыз 

жеті мен елу үштің арасында барынша асқынған жеке адамға табы-

нушылық  салдарынан  қазақ  әдебиеті  де  орны  толмас  зардап  шекті. 

Елуінші  жылдардың  орта  шенінен  басталған  саяси  жылымық  қазақ 

әдебиетінің де дами түсуіне біршама мүмкіндіктер туғызды. Демек, 

әдебиеттің  даму  дәуірлері  көбіне  қоғамдық-саяси  даму  тарихымен  

сәйкес  келіп  отырады  екен.  Мұнан  шығатын  қорытынды  әдебиетті 

кезеңдерге бөлгенде, азаматтық тарихтың дәуірлерге бөлінуі барлық 

уақытта ескеріліп отыруы тиіс.                                                                                      

Бұл  деген  тарихтың  дәуірлерін  сол  күйінде  әдебиеттің  тарихына 

әкеліп  қондыра  салу  деген  сөз  емес.  Керісінше.  Әдебиет  қоғамдық 



42

өмірдің аясында, белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүргенімен, оның да 

өнер ретінде өзіндік даму ерекшеліктері бар. Мысалы, он тоғызыншы 

ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде 

отаршылдық саясаттың асқына түсуі халықтың жаппай наразылығын 

туғызып, ұлттық сана-сезімнің оянуына алып келді. Қоғамдық өмірдегі 

ауыртпалықтар ұлт  зиялыларын ұлт-азаттық күресті бастауға мәжбүр 

етті. Осы кезде бұрындары мүлгіп келген әдебиет те «оянып», қазақ 

әдебиетінің  «алтын  ғасыры»  туды  (Абай,  Мағжан,  т.  б.).  Демек,  бұл 

кездің  әдебиетін  тарихтың  дайын  дәуірлеу  қалыптарына  салуға  кел-

мейтіндігі  көрініп  тұр.    Мұндай  кезде  әдебиетті  дәуірлерге  бөлудің 

үшінші түрі яғни, көркемдік даму ұстанымы басшылыққа алынуы тиіс.                                                         

Тағы бір мәселе есте болғаны жөн: әдеби дәуірлердің арасында қа-

тып қалған «шегара» жоқ, ол «шегараның» өзі де жылжымалы. Әдеби 

дәуірлердің ара жігі уақытпен межеленетін болса, сол уақыттар кей-

де ондаған жылдарға дейін ары-бері жылжып тұратын жағдайлар жиі 

кездеседі. Өйткені әдебиет те – бір-бірімен тұтасып, ұласып жатқан 

жанды құбылыс. Сондықтан да бір-бірімен жалғасып жатқанды бір-

ден кесіп тастауға келе бермейтіндігі тағы бар.                                                                                        

Осы тұрғыдан келгенде, қазақ әдебиетінің «шегарада тұрған» қайсы 

бір  ірі  өкілдерін дәуірлерге  жатқызғанда,  ойланатын  кейбір  мәселе-

лер  бар.  Мысалы,  2002  жылы  шыққан  «Қазақ  әдебиетінің  қысқаша 

тарихында» (жалпы редакциясын басқарған профессор Т. Кәкішұлы) 

Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытовты ХХ ғасыр басындағы 

әдебиетке жатқызса, он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихының» 7- ші 

томында 20-30-жылдарға, яғни кеңес  әдебиетінің өкіліне жатқызып-

ты. Алғашқы еңбекте негізінен әдебиетті дәуірлеудің көркемдік-идея-

лық сыпаты басшылыққа алынса, екіншісінде тарихи-хронологияны 

ұстанғаны байқалады.                                                                             

Біздіңше, Мағжан мен Жүсіпбек – кеңес әдебиетіне дейінгі ХХ ға-

сырдың  басындағы  әдебиеттің,  яғни  ұлт-азаттық  бағытты  ұстанған 

алашорда  әдебиетінің  көрнекті  өкілдері.  Өйткені  бұлардың  шығар-

машылықтары  ғасыр  басында  ұлт-азаттық  идеяны  көтеріп  шыққан 

А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров сынды әдебиет алыпта-

рымен  үндес.  Оның  үстіне  бұларды  танытқан  атақты  шығармалары 

кеңестік кезеңде емес, сол дәуірде жазылды. Сондықтан да бұларды 

Ахмет, Мыржақыптың тобымен бірге атап, бір бағыттағы, бір сипат-

тағы шығармашылықтарын бір ыңғайда қарастырған жөн.                            

Рас, бұлар кеңес өкіметі жылдарында да өмір сүрді; шығармашы-

лықпен айналысты. Бірақ та олар бұл кезде үстемдік құрған социа-

листік  реализм  әдісін  толықтай  қабылдай  алмады.  Сол  себепті  де 

бұрынғыдай жарқын шығармалар өмірге келмеді. Біздіңше, кеңес әде-

биетінің тарихын Сәкен, Сәбиттерден бастаған жөн.                                                        

Әдебиет  тарихын  зерттеудің  әдіснамалық  негізі  –ғылыми  ізденіс-

тердің дұрыс арнада жүруінің бірден-бір кепілі. Әдебиетті зерттеу ба-

рысында туындайтын түрлі  мәселелердің қалай шешілуі түптеп кел-




43

генде, ғылыми ізденістердің жалпы бағытын айқындайтын әдіснамаға 

байланысты.                                                

Әдіснаманы екі түрлі ыңғайда түсінуге болады. Оның біріншісі – 

бүкіл  дүниетанымдық  ізденістерде  басшылыққа  алынатын  негізгі 

қағидалар,  ғылыми  бағыт.  «Әдіснама-таным  мен  өмірді  өзгертудің, 

өмірге көзқарас ұстанымдарын таным процестерінде, рухани шығар-

машылықта және тәжірибеде қолданудың әдістері жайлы философия-

лық ілім» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет