Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет14/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(А. Быков. К вопросу о системе 

методологии методов в диалектической логике. Кітапта: «Диалектика и ло-

гика научного мышления». М., 1966, 322-бет) 

– деп жазады.                                                                                                          

Әдебиеттану ғылымының да ұзақ жылдар бойғы дамуы барысында 

қалыптасқан, ғылыми жағынан жетіліп, сыннан өткен өзіндік әдісна-

масы бар. Әдеби зерттеулердің әдіснамасы дегеніміз, әдебиеттанудың, 

қоғамдық    ғылымдардың  жетістіктеріне  сүйене  отырып,  әдебиетті 

зерттегенде қолданылатын әдістер мен ғылыми ізденістердің негізгі 

бағдарын белгілеп, басшылыққа алып отыратын негізгі ұстанымдар-

дың жиынтығы.   Әдебиеттің өткен дәуірлеріне үңіліп, тарихтың те-

реңіне сүңгіп, ерте кездерде жасалынған әдеби мұраларды ғылыми ай-

налымға салғанда, зерттеудің дұрыс жолда жүруін қамтамасыз ететін, 

шамшырақтай  жарқырап,  алды  көрсетіп  отыратын  –  осы  әдіснама. 

Әдіснамалық тұғыры мықты болмаса, ғылыми жұмыстың жемісті бо-

луы күмәнді.                                                                         

Табиғат  пен  қоғамның  ортақ  заңдылықтарын  ашуға  көмектесетін 

жалпыға ортақ философиялық әдіснама бар да,  жекелеген ғылым са-

лаларының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ғана қолданылатын 

ұстанымдар мен тәсілдердің жиынтығынан тұратын әдіснама тағы бар 

екен. Бұлардың арақатынасын жалпының жекеге, немесе жекенің жал-

пыға қарым-қатынасы түрінде де түсінуге болады.                              

Әдебиетті  зерттеу  барысында  басшылыққа  алынып  отыратын 

негізгі  қағидаларды,  идеяларды  ұстанымдар  (принциптер)  дейміз. 

Әдеби  зерттеу  ұстанымдары  ғылыми  ізденістердің  жүрер  бағытын, 

таным  процесінде  қолданылар  әдіс-амалдарды  алдын-ала  анықтап, 

оның нәтижелі болуын алдын-ала қамтамасыз етіп отырады.                         

Зерттеу ұстанымдары да көркем әдебиеттің, оның ғылымының да-

муымен бірге өсіп, жетіліп отырған. Әдебиеттану ғылымының тари-

хи  кезеңдерінде  әртүрлі  зерттеу  ұстанымдарын  басшылыққа  алған 

түлі  ғылыми  мектептердің  болғандығы  белгілі.  Қазіргі  қолданылып 

жүрген әдебиетті зерттеу ұстанымдары ұзақ уақыттар бойғы ғылыми 

ізденістердің барысында сұрыпталып, сыннан өтіп, қалыптасқан, ор-

ныққан қағидалар.                                          

Зерттеу  ұстанымы  ғылыми  ізденістің  алдына  қойған  негізгі  мақ-

сатын айқындайтын – әдіснамадағы ең негізгі мәселе. Сондықтан да 

зерттеу  жұмыстарының  жемісті  болуы  онда  басшылыққа  алынған 

ғылыми ұстанымдардың орынды қолданылуына тікелей байланысты. 

Қандай әдістердің қолданылғандығы белгілі бір дәрежеде зерттеу жұ-

мыстарының сапасын да аңғарта алады. Мұның өзі әдебиетші ғалым-

нан ғылыми ұстанымдарды   толық меңгеріп, оларды қажетіне қарай 

оңтайлы пайдалана білуін талап етеді.                                               

Алдына қойған мақсатын айқындайтын нақтылы ғылыми ұстаным-

сыз    зерттеу  жұмыстарының  нәтижелі  болуы  екіталай;  барар  жағы  

белгісіз,  жел  қалай  соқса,  солай  қарай  ғана  ығатын  ескексіз  қайық 



46

секілді. Бір істі қолға алған адамның оны қалай атқаруын қамдасты-

ратыны секілді, зерттеуші де болашақ атқарылар жұмыстарын жүзеге 

асыру жолдарын қарастырады. Бұған бұл ретте алдымен көмекке ке-

летін – ғылыми ұстанымдар. Әдебиеттің тарихын зерттегенде, ғылы-

ми ізденістердің жүрер жолын, барар бағытын сызып, шамшырақтай 

көрсетіп отыратын аса маңызды ұстаным-тархшылдық принципі.                                                                                          

Тарихшылдық  табиғат  пен  қоғамдық  ғылым  салаларында  зерттеу 

бағытын айқындаушы негізгі ұстаным болып табылады. Өйткені, та-

биғат пен қоғамда барлығы да бір-бірімен байланыста, даму үстінде. 

Оның осындай ерекшеліктерін ескермей, ғылыми шындыққа жету не-

ғайбыл.                                                                    

Кең мағынасындағы тарихшылдық заттар мен құбылыстарды пайда 

болу, даму, тарихи байланыстары үстінде танып білуді мақсат етеді. 

Әдебиет қоғамдық құбылысқа жататындықтан да бұл принцип әдеби 

зерттеулерде де аса маңызды рөл атқарады.                                         

Зерттеліп отырған әдебиетте белгілі бір дәуірдің қоғамдық тарихи 

шындығы қаншалықты көрініс тапқандығын анықтау барысында сол 

кезеңге қатысты тарихи мағлұматтар кеңінен пайдаланылады. Демек, 

тарихи құбылысты бейнелеген әдебиетті тарихи тұрғыдан қарастыру 

– оны шынайы танып білудің бірден бір шарты.                                                                                                                

«Әрбір өнер туындысы өз дәуіріне, тарихи заманына, суреткердің 

қоғамға қатынастарына орай қаралуы тиіс: оның өмірін,т. б. қарасты-

ру  шығарманың  жасалуын  түсіндіруге  қызмет  етеді»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет