(10.11.1893-31.10.1939)
С
аха халқының ХХ ғасырдағы жаңа тұрпатты әдебиетінің негізін
қалаған аса көрнекті жазушысы, атақты әдебиетші ғалымы,
белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Платон Алексеевич Ойунский
1893 жылдың 10-шы қарашасында Якутияның Тәтті ұлысындағы 3-ші
Жехсогон елді мекенінде көп балалы, тұрмысы төмендеу шаруаның
отбасында өмірге келген. Шын фамилиясы – Слепцов, Ойунский әде-
би лақап аты (псевдонимі).
Болашақ жазушының балалық шағы ауыр жағдайда өтеді. Ауыр тұр-
мыстың салдарынан ата-анасынан, алты бауырынан бірдей ерте ай-
рылып, жетімдіктің зардабын тартады. 14 жасында мектеп табалды-
рығын кешігіп аттаған ол Якутскідегі төртжылдық училищені (1914),
мұғалімдер семинариясын (1917) бітіреді. Училищеге түскенде, бір
жылда екі курсты бітіріп, білімге деген алғырлығын танытады. 1917-
1918 жылдары Томскідегі мұғалімдер институтында, 1931-1935 жыл-
дары Мәскеудегі СОКП Орталық Комитеті жанындағы Ұлттар халық
комиссариаты жанындағы аспирантурада білімін жетілдіреді. Якут
тілінен кандидаттық диссертация қорғаған (1935). 1935 жылы П. А.
Ойунскийдің тікелей басшылығымен ЯАССР Халық Шаруашылығы
Комиссариаты жанынан саханың тілі мен мәдениетін зерттейтін ғы-
лыми-зерттеу институы ашылып, оның алғашқы директоры болады.
Бар-жоғы 45 жыл жасаған П. А. Ойунский осы аз ғана өмірінде туған
халқының тарихында артына өшпес із қалдырды. Ол Якутск қоғамдық
қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (сәуір 1917 – тамыз 1917),
Кеңес өкіметінің Томск губерниялық советінің ұйымдар бойынша нұсқау-
шысы (наурыз 1917 – мамыр 1918), Центросибирдің Якутиядағы совет өкі-
метінің ұйымдары бойынша нұсқаушысы (маусым 1918 – қыркүйек 1918),
Сибревкомның Якутск секциясының меңгерушісі (қаңтар 1921 – мамыр
1921), Олекмин ревкомының төрағасы (мамыр 1921 – тамыз 1921), Якутск
губревкомының төрағасы (тамыз 1921 – желтоқсан 1922), ЯАССР Орталық
атқару комитеті мен Халық комиссарлар советінің төрағасы (маусым 1922
– қаңтар 1923), Якут АССР Орталық атқару комитетінің төрағасы (қаңтар
1923 – шілде 1926), ЯАССР Халық ағарту және денсаулық сақтау халық
комиссары (ақпан 1928 – желтоқсан 1929), Якутск кітап баспасының бас-
тығы әрі жауапты редакторы (желтоқсан 1929 – маусым 1931), Тіл және
мәдениет ғылыми-зерттеу институтының директоры, ЯАССР Жазушылар
одағы басқармасының төрағасы (қазан 1935 – ақпан 1938) қызметтерін
атқарған. КСРО жазушылар Одағы басқармасының мүшесі (1934-1938),
КСРО Жоғары Советі алғашқы шақырылымының депутаты (1938) болды.
275
1938 жылдың 3-ші ақпанында КСРО Жоғарғы Советінің сессиясы-
нан қайтып келе жатқан жолда Иркутскіде халық жауы ретінде ұста-
лып, 1939 жылы 31 қазанында Якутск абақтысының ауруханасында
қайтыс болады. 1955 жылдың 15 желтоқсанында ЯАССР прокурату-
расының қаулысымен ақталған.
Жастайынан әдебиетке құмар болып өскен жасөспірімнің сахалар-
дың ауыз әдебиетінен мол хабардар болып, олонхо жырын жаттап
өсуіне халық поэзиясын жетік білетін, әрі оны шебер айта білетін ата-
сы көп ықпал етті. Өмір бойы олонхоны зерттеумен өткен ол кейіннен
«Олонхо ертедегі сахалардың өмірге көзқарасын қалыптастырды, ол
бізге бұрындары жасаған ата-бабаларымыздың өмір сүрген дәуірлерін
тұтастай жарқыратып көз алдымызға әкеледі» деп жазды.
Сөз өнеріне бейім П. А. Ойунский училищедегі, семинариядағы
шәкірт кездерінен бастап өлең жаза бастайды. Әдебиетке келуі ХХ
ғасыр басындағы Ресейдегі аласапыран төңкерістер заманына тура
келген жас ақынның алғашқы өлеңдерінде сол заманның шынды-
ғы мен келер күннен күткен үкілі үміті жырланған. Оның алғашқы
өлеңі «Жұмысшы жыры» «Марсельезаның» ырғағымен марш болып
айтылып, ел арасына кеңінен тарады. Осы жылдарда қанды көйлек
досы, белгілі қоғам қайраткері М. К. Амосовқа арнап, «Бәрі бір емес
пе?» атты өлеңін жазды. «Азаттық әні», «Темір ат», «Қытай халқына»,
«Қыран өсиеті», т. б. романтикалық лиризмге толы өлеңдерінде жаңа
дәуірден жақсылықтар күткен жас жүректің лүпілі көрінеді. Осы кез-
дерде ол М. Горькийдің «Сұңқар жырын» және «Интернациональды»
якут тіліне аударды.
П. А. Ойунскийдің лирикалық сарында жазылған «Қызыл шаман»
драмалық поэмасы (1918, екінші рет өңделіп 1929) сахалардың саяси
санасының оянуына айтарлықтай әсер еткен шығарма болды. Поэма-
ның сюжеті халық аңызынан алынған. Орыс символистері мен якут
эпосындағы мистиканың әсерімен жазылған поэмада шаман еңбекші
халықтың жоқшысы, қамқоршысы ретінде суреттеледі. Автордың
ойынша, ескі өмір зұлымдықтарға толы, сондықтан да оны жойып,
жақсы заман орнату керек, жаңа дәуірдің құрушысы да, құдайы да
адамның өзі болу керек. Оның «Большевик» (1926), «Туйаарыма-Куо»
(1928) секілді драмалық шығармаларына да күн сайын өзгерістерге
толып жатқан кезеңнің келелі мәселелері өзек болған.
Ойунский Платон Алексеевич якут әдебиетінің барлық саласында
дерлік қалам тербеген. Ол «Кожемяктардың түсі» (1926), «Александр
Македонский» (1935) секілді әңгімелерімен бірге «Ұлы Кудагса»
(1929-1930), «Тұйықтан шығу» (1936), «Өткен күндер мен жылдар»
(мемуар, 1928) повестерін жазған. «Александр Македонский» әңгі-
месінде билікті дұрыстап ұстап тұра алмаса, адам баласын бұзаты-
нын, күш қолданудың билік жүргізу құралынан мақсатқа айналаты-
нын көркем көрсетіп бере алған. Автор Аристотельдің аузымен ой
еркіндігі мен білімнің аса құнды екендігін еске салады.
276
«Ұлы Кудангса» повесінде феодал Кудангса халық қамқоршысы,
«ұлт атасы» бейнесінде көрінген. Мұнда автор бұрынғы шығармала-
рында көрініс беретін «адам өз тағдырының құдайы» идеясынан бас
тартқандығы көрінеді. Ұлы Кудагса қарамағындағы халықты бақытты
қылудың бірден-бір жолы деп, өз мүддесін қоғам мүддесіне бағын-
дыру деп біледі. Мұндағы негізгі идея төңкерістен кейін адамдардың
барлығы бақытты болады деген заманда керісінше болып жатқанды-
ғына наразылық білдіру болған.
А. П. Ойунский көлемі 36 мың жолдан асатын халық эпосы «Нұр-
гын Боотурды» және «Тамаша Туйарыма Куо» жырын ел арасынан
жинап, жазып алып, редакциялап, баспадан шығарды. Алдымен, орыс
ақыны В. Державиннің сәтті аударуымен орыс тілінде жарық көрген
«Нұргын Боотур» қазір көптеген тілдерге аударылып, әлемдік әде-
биеттің асыл қазынасына қосылды. Ғалымның ауыз әдебиетін зерт-
теген «Якут ертегілері (олонхо), оның сюжеті мен мазмұны» (1927)
атты монографиялық еңбегі жарық көрген.
Ол саханың олонхо эпосын игеруді, зерттеуді өзі бастап қана қой-
май, оны ғылыми түрде зерттеудің негізгі бағыттарын да айқындап
берді. Кейін жалғасын тапқан осындай іргелі жұмыстардың барысын-
да олонхо сахалардың ұлттық идеологиясына айналған; ЮНЕСКО-
ның шешімімен әлемдік мәдениеттің асыл қазынасы тізіміне енген;
Якутияда жыл сайын өтетін ұлттық мейрам «Ысаақ» олонхо жырла-
рының сарынымен әрбір ауылда, ауданда, республика көлемінде кеңі-
нен аталып өтеді.
Ойунский якут өлеңін зерттеп, «Якут өлең құрылысының теориясы
туралы» (1928), якут тілін зерттеп, «Якут тілі және оның даму жолда-
ры» (1935), якут дініне арналған «Шаманизм мен дін туралы» (1930)
атты көлемді монографиялық еңбектер жазды; «Орыс-якут термин-
орфографиялық сөздігін» (1935) шығарды. Осылайша ол «Якут ер-
тегілері (олонхо), оның сюжеті мен мазмұнымен» (1927) якут фольк-
лористикасының, «Якут өлең құрылысының теориясы туралы» (1928)
зерттеуі арқылы якут әдебиет теориясының, «Якут тілі және оның
даму жолдары» (1935) монографиясымен якут тілтану ғылымының
негізін салды.
Жан-жақты дарын иесі П. А. Ойунский орыс және әлем әдебиетінің
алыптары А. С. Пушкиннің, А. М. Горькийдің, Жуковскийдің, В. Гетенің,
Ш. Петефидің шығармаларын якут тілінде сөйлетті. Сөйтіп, Сібірдің бір
түкпірінде өркениет ошақтарынан жырақта жатқан саха халқын әлемдік
мәдениеттің асыл қазынасынан сусындауға жолдар ашты.
П. А. Ойунскийдің 7 томдық толық шығармалар жинағы 1958-
1962 жылдары Якутскіде, бір томдығы 1978 жылы Мәскеуде басылып
шықты. Якутияда Ойунскийдің атында әдеби сыйлық тағайындалған
(1988). Саханың академиялық драма театрына, Орталық әдеби музей-
ге, республиканың қалалары мен елді мекендеріндегі көшелерге П. А.
Ойунскийдің аты берілген.
277
РАБҒУЗИ
Достарыңызбен бөлісу: |