Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет128/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   191
әдеби жәдігерліктер. Астана, “Фолиант”, 2004, 53-бет). Халықтың 

қамын, ертеңін ойлаған осындай саясат жүргізген Мөденің тұсында 

ғұндар күшейіп, Азиядағы өсіп-өнген ірі халыққа, мемлекетке, дос-

тары түгіл дұшпандары да есептесетін ұлы күшке айналды; қаптаған 

Қытайдың өзі “Ұлы Қытай қорғанын” салуға мәжбүр болды.

Қазақ жері – қасиетті. Бойымыздағы бар қасиет те осы туған жердің 

топырағынан. Қазақ даласының кеңдігінен бастап, оның орналасқан 

географиялық  орны,  орманды-шөлді,  таулы-көлді,  ыстықты-суықты 

ауа  райы,  осыған  орай  қалыптасқан  шаруашылық  түрі,  өмір-салты, 

салт-дәстүрі, өнері – барлығы дерлік осында өмір сүріп жатқан адам-

дардың мінез-құлқына, адами болмысына тікелей әсер етіп, қазақ ұл-

тының  өзгелерге  ұқсамайтын  өзгеше  менталитетін  қалыптастырды. 

Қазақ  халқына  ғана  тән  қонақжайлылық,  жомарттық,  ақкөңілділік, 

адалдық,  мәрттік  сияқты  толып  жатқан  дарқан  қасиеттер  оған  осы 

кең даласынан дарыған. Өмір туралы түсінігі де, сұлулыққа табынуы 

да, жыр айтып, ән салуы да туған жер табиғатының аясында пайда 

болып, қалыптасып, дамыған. Қазақтың тілінен бастап, тұратын киіз 

үйі, баланы жатқызып өсіретін бесігі, ішетін-жейтін тағамы, ұстана-

тын салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, күш сынасатын спорт түрлері, 

ойнайтын  ойындары,  көңіл  көтеретін  өнер  түрлері,  үй-жайын  өр-

нектейтін қолөнері, күн көру кәсібі – бәрі-бәрі географиялық, таби-

ғат жағдайларының тікелей әсерімен туған топырақтан өсіп шыққан 

ұлттық тұрмыстың құрамдас бөліктері. Кешегі кеңестік кезеңде ұлт-

тық өмірдің аса маңызды элементтері саналатын осылардың барлығы 

дерлік  ескіліктің  қалдығы  саналып,  еуропалық  өмір  салты  күшпен 

таңылды. Әрбір егеменді ел ұлт өмірінің осы сияқты маңызды жақ-

тарына сергек қарап, оның өсіп-өркендеуі үшін барлық жағдайларды 

туғызып отыруы керек. Сонда ғана барып ұлттық  даму толыққанды, 

жемісті болады.

Бодан  кезімізде  қазақ  халқының  өткендегісінің  барлығы  дерлік 

ескірген, бүгінгі күнге яғни, социализмге қажеті жоқ деп жарияланды. 

Шындығында, солай ма еді? Жоқ. Мұның түпкі мақсаты халықты ұлт-




308

тық болмысынан, тарихи жадынан айырып, “социализм құрылысшы-

сына”, яғни “совет халқына” айналдыру, нақтырақ айтқанда орыстану 

саясатын жүзеге асыру болатын. Кім біледі, қатты қарқынмен жүргізіл-

ген саясат әлемдік ауқымда жүзеге асып та кетер ме еді, қайтер еді, егер 

де  тәуелсіздіктің  таңы  жарқырап  атпағанда.  Бұрын  ұлтшылдықпен 

күресіп келсек, енді ұлтсыздықпен күресетін күн туды (Ғ.Мұстафин). 

“Сөнген санамызды, кесілген парасатымызды, тапталған намысымыз-

ды, аяқ асты болған арымызды қайтарудың амалдарын ойластыруға 

тиіспіз. Сондықтан қазақтың рухани әлемін түгендеуді қолға қауырт 

алған жөн” (Т.Кәкішев. Қазақтың рухани әлемі. ҚазМУ хабаршысы. 

А.,1994, 62-бет). Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көтерілген бұл 

мәселе күні бүгінге дейін зәрулігін жойған жоқ, керісінше өткірлене 

түсуде. Өйткені, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың бақытты ғұмыр 

кешіп, өсіп-өнуіне өмірлік ұстаным болған ұлттың таным-тіршіліктің 

барлығы да күні бүгінге дейін ескірген жоқ, керісінше тәуелсіздіктің 

таңымен бірге жаңарып, жаңғыра түсуде; халқымыздың ұлттық бол-

мысына сай табиғи өмір сүруіне көмектесуде. 

Көшпелі  тіршілік  кешкен  ата-бабаларымыз  өмірден  түйгендерін, 

кейінгі ұрпақтарына деген өсиеттерін кең даланың төсіне, тау-тасына, 

орман-суына  маңдай  терімен,  аққан  қанымен  сіңіріп  кеткен.  Қазақ-

тың кең даласы, қалың орманы, шалқар көлі, аққан бұлағы, тау-тасы 

қазақ  деп  жырлап,  ән  салып,  күй  тартып  күмбірлеп,  сыбырлап  тұр-

ғандай болады. Дала тілін түсіну үшін қазақ боп туылып, қазақ боп 

өмір сүру керек. Қазақ баласының кең далаға шыққанда ерекше бір 

күй кешетіндігі, ал атқа мінгенде айрықша аруақтанып, күшейіп ке-

тетіндігі де даламыздың киелілігінен. Сол себепті де қазақтың баласы 

үшін туған жерден қасиетті, Отаннан қасиетті жер жоқ. Туған жердің 

қасиетті топырағын тәу етіп, құшақтатып, сүйгізетін де, бойда ерекше 

бір сезімнің тулап, жан-дүниеңді жібітіп, көзіңе жас келтіретін де осы 

– туған жерге деген ыстық махаббаттың құдіреті күшті болса керек. 

Туған жерге деген ыстық сезім сол топырақтың бар қасиетін, сырын 

бойына сіңіріп шаңдатып өскен, ұлттық тәрбие көрген адамның бо-

йында ғана болады. Қазіргі қаланың асфальтінде өскен кей жастары-

мыздың бойында осындай қасиеттердің жетісе бермейтіндігі де рас. 

Билік басында жүрген қазақтың біртуар марқасқаларының жерді оның 

қазба  байлықтарын  игеру  саясатына  келгенде  ата-бабаларымыздың 

ғасырлардан  ғасырларға,  ұрпақтардан  ұрпақтарға  жеткізіп  отырған 

асыл қасиеттерінің ескерілмей жатқаны көңіліңе кірбің келтіреді. Со-

лар ұлттық тәрбиеден өтсе, ұлтына, халқына қызмет етіп, туған жерін 

сатып, байлығын кім көрінгенге беріп, талан-таражға салып қоймас 

еді-ау деп те ойлайсың. Тағы да мұның бәрі де ой-шұқыры, бұлтыңы 

көп бейтаныс базар экономикасына кіргенімізде өз жолымызды іздеу 

барысындағы адасушылықтар ғой, уақыт өте келе барлығы да орын-

орнына келер деген үкілі үмітке сенгіміз келеді.

Адам өмірінде дін аса маңызды мәнге ие. Дінсіз халық жоқ, дінсіз 

халықтың өмір сүруі қиын десе де болғандай. Халықпен бірге дін де 




309

өсіп-жетіліп, дамып отырады. Адамзаттың табиғатты танып білуі екі 

жолмен жүреді десек, оның біріншісі – ғылым да, екіншісі – дін. Ерте 

кездердегі қазақтардың айға, күнге, көп құдайға, тәңірге, т.б. табын-

ғандығы, олардың тұрмыс-тіршілігінен, сана-сезімінен, мәдениетінен 

кең орын алғандығы тарихи, әдеби мұралардан белгілі. Діннің халық 

тұрмысынан берік орын алғандығы соншалық, кей тұстарда оның қай-

сысы ұлттық,  қайсысы діни  екенін  айырудың  өзі  қиын.  Белгілі  дін-

танушы  М.Бұлұтай  “Адамзат  тарихында  дінсіз  мәдениет  болмаған” 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет