369
суы керек. Ол қара шаңырақтағы түркілік сипатын жоғалтпаған
бірден-бір тіл деп айтқаны бар еді.
Тіл де жанды организм сияқты дамып отырады. Қазақ тілін-
де де көп өзгерістер болып жатыр. Заман ағымына байланысты
жаңа ұғымдар туды. Ғылым терминдерін сол күйінде енгізу керек
дейтіндер де бар. Егер шеттен бір сөз келсе, соның қазақ тіліндегі
баламасын , алуымыз керек, болмаса туыс түркі тілдерінен алға-
нымыз жөн. Шеттен келген сөздердің түбірін сақтап жазған да дұ-
рыс емес; қазақ тілінің заңдылықтарына, дыбыс үндестігіне бай-
ланысты жазылуы керек. Москва – Мәскеу, поезд – пойыз, Россия
– Ресей деген сияқты.
Тілдегі осындай қиыншылықтарды жоюдың жолы – латын әліп-
биіне көшу. 1926 жылы түркі тектес халықтардың өкілдері Бакуде
кездесіп, онда ортақ латын әліпбиіне көшуге қаулы қабылдаған
еді. Бұл ұсынысты Н.Төреқұлов жақтап, оған А.Байтұрсынов қар-
сы шыққан болатын. Сол уақыттан бастап түркі тілді халыктардың
көпшілігі латын әліпбиін қабылдаған. Қытайдағы қазақтар төте
жазумен жазып жүр. Кейіннен Сталин КСРО карамағындағы түркі
тектес халықтарды кириллицаға көшіріп, тек Түркия ғана латын
әліпбиінде қалып қойды.
Бүгінде латын қарпіне ауыссақ, тіліміздің заңдылығын дұрыс
қалыптастырар едік. Президентіміз де латын әліпбиіне көшкенді
дұрыс көретін сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: