— Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қазақ әдебиетінің келелі мә-
селелері жайлы айтарлықтай пікірталастар болды ма?
— Мәселен, М.Шаханов пен М.Мағауин арасында Шыңғыс хан
туралы өткір сыни пікірталастар болды. Пікірдің айтылғаны дұ-
рыс. Ол адамдарға ой салады. Тек жеке басқа тиіспеу керек. Кей
жағдайда олар бір-бірін мұқатуға дейін барды. Бұл дұрыс емес.
Өкініштісі, бұл мәселеге тарихшылар араласпады. Негізінен та-
рихи тұлғаларға байланысты пікірталасқа мамандардың ой білдір-
гені жақсы болар еді... "Шыңғыс хан ұлы ма, әлде залым ба?" деген
сауалға тарихшылар жауап бергені дұрыс сияқты. Негізінен 100
пайыз идеал немесе 100 пайыз залым адам жоқ. Ал тарихта аты
қалған жанның тегін емес екендігі айдан анық. Мәселен, әлем ға-
лымдары тарапынан жүргізілген зерттеулер бойынша Шыңғыс хан
ең ұлы адамдар катарында тұр. Бұрындары Еуропаны күйреткен
Шыңғыс хан десе, бүгінде оны оятқан деген пікірлер де айтылып
жүр. Осы сияқты ойланатын мәселелер баршылық.
Олжас Сүлейменов жайында да сыни пікірлер айтылуда. Ол-
жас — үлкен тұлға. Ол Кеңес одағының қылышынан қан тамған
заманының өзінде-ақ түркі тектес халықтарды еуропалықтардың
қатарына коя білді. "Аз и Я" алғаш шықкан кезде ұмытпасам, кі-
таптың 13-ші бетінде Ә.Бөкейхановтың аты аталып кетіпті. Онда
Әлиханның әмеңгерлік туралы мақаласына сілтеме жасалған екен.
Сол үшін кітапты қайта жинап алып, Әлиханның атын алып тас-
тап, кітапты қайта шығарды.
Негізінен Олжас қазақ еліне аз еңбек сіңірген жоқ. Қынжылта-
тынымыз – бүйрегі орыс тіліне бұрып тұратындығы. Қазақстан
Республикасының "Тіл туралы" заңы алғаш кабылданғанда осы
кісілер қазақ тілін қолдап жібергенде ұлттық тілдің мәселесі әл-
деқашан шешілген болар еді. Енді, міне, соның зардабын күні
бүгінге дейін тартып келеміз. Жуырда берген бір сүхбатында "мен
орысша жазсам да, жүрегім қазақ деп соғады" дегені жүрегімізге
жылылық ұялатты. Оның "орыс тілі мен қазақ тілі қатар қолданы-
луы керек" дегені бізге көп зиянын келтіріп жатыр. Әлі күнге дейін
орыс тілінің өктемдігінен құтыла алмай келеміз. Зиялы қауымның
368
тілі -орыс тілі емес, ана тілі болуы керек. Осы тұрғыда Аманхан
Әлімовтың Олжас туралы айтқан сыни пікірлерінің жаны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |