Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет17/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(А. С. Бушмин. 

Методологические вопросы литературоведческих исследовании. Ленинград, 

1969, 13-бет)

. Әдіснама ұстанымдар мен әдістерден тұрады. Жекелеген 




51

әдістерді әдіснаманың нақтылы жағдайларда тәжірибеде қолданылуы 

деп ұққан жөн. Ал зерттеу барысында қандай әдістің қолданылу қа-

жет  екендігін  анықтайтын,  таңдауға  көмектесетін  –  әдіснама,  оның 

ұстанымдары. Зерттеу әдісі – әдіснаманың әдебиетті тану барысында 

қолданатын құралы, қаруы. Қаруы мықтының  атқарған жұмысының 

нәтижелі болары да хақ.  

Әдіс дегеніміз – «танымның одан әрі дами түсуіне қызмет ететін, та-

нылған заңдылықтардың негізінде жасалынған ережелер»   

(Ю. Борев. 

Роль литературной критики в художественном процессе. М., 1979, 37-бет),

 

«субьектінің  қолындағы  обьектімен  жұмыс  істеу  құралы»  (



Г.  Гегель. 

Наука логики. 3 том , М., 1972, 291-бет).

 Әдістерді іштей шартты  түрде 

барлық ғылым салаларына ортақ (бақылау, салыстыру, талдау, жинақ-

тау, тәжірибе жасау, т. б.) және бір ғана ғылым саласында қолданыла-

тын деп,  екіге  жіктеуге болады.  

Әдіске  қойылатын  басты  талап  –  ол  зерттеу  нысанына  сай  келіп, 

оның табиғатын ашып бере алатындай болуы керек. Ғалым еңбегінің 

нәтижелі  болуы  алға  қойған  мақсатына  орай  зерттеп  отырған  әдеби 

нысанының табиғатын аша алатын әдісті дұрыс таңдай алуына, дұрыс 

пайдалана  білуіне  байланысты.  Демек,  әдебиеттің  өткен  жолдарын 

зерттеуде  ең алдымен, алға дұрыс мақсаттар қоя біліп, оны орындау 

үшін дұрыс бағытты, оған барар жол мен қалай, немен жету керектігін 

анықтап алудың маңызы зор. Зерттеу барысында әдіснамалық негіз бен 

қолданылатын әдістердің дұрыс қолданылуы шешуші рөл атқарады.                              

Әдебиеттің шынайы тарихын өткеннің рухани мұрасының табиға-

тын аша алатын зерттеу әдістерінсіз танып білу мүмкін емес. Сондық-

тан да әдебиет тарихын зерттеушіден алдымен, әдебиеттану ғылымы-

ның зерттеу әдіс-амалдарын игеру, оны қажетіне қарай қолдана білу 

талап етіледі. Әдебиетті зерттеуші қолына қандай әдіс-қару алады – 

көп нәрсе соған байланысты. 

Көркем әдебиеттің негізгі екі – әлеуметтік және көркемдік жағы бар. 

Осыған орай қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелерін зерттеудің, сол 

сияқты әдебиеттің көркемдік қырларын ашудың өзіндік тәсілдері бар. 

Осылайша екі түрлі бағытта қолданылатын зерттеу әдістерін бір жерге 

басын қосып, әдебиетті талдауға қолданғанда туындайтын қиындық-

тар зерттеушіден жан-жақты білімдарлықты, шеберлікті, тапқырлық-

ты қажет етеді.                          

Әдебиетте адамзат қоғамының әлеуметтік өмірі сөз өнерімен көр-

кемделіп,  көрініс  табады.  Әдебиеттану  ғылымының  басты  мұраты 

осы қоғамдық өмір әдебиетте қалайша, қаншалықты көркем көрініс 

тапты,  адамдардың  бақытты  өмір  сүруіне  септігін  тигізер  қандай 

идеялар көтерілді деген сауалдарға жауап іздеу болса, әдебиеттің та-

рихын жасағанда, осы проблемалар алдыңғы қатарға шығады. Жалпы 

әдебиеттану  ғылымы  әдебиетті  әлеуметтік,  көркемдік  қырлары  бір-

бірінен ажырамастай кірігіп, біртұтас әдебиет әлеміне айналып кеткен 

көркем шығарманы біртұтас нысан ретінде қарауға тиіс.                                            




52

Өмір қаншалықты шексіз болса, оны көркем бейнелеу амалдары да 

соншалықты шексіз. Талант неғұрлым тегеурінді болса, оның шығар-

маларында қоғамдық өмірдің болмысы да соғұрлым тереңірек көрініс 

береді. Әдебиеттің тарихы белгілі бір дәуірдің әдебиеті сол кезеңнің 

әлеуметтік-рухани мәселелерін қаншалықты көтере білді, оларды қан-

дай  көркемдік  тәсілдермен  жеткізді,  көркемдік  дамуға  нендей  үлес 

қосты деген сауалдарға жауап іздейді.                                                                                         

Жалпы көркем әдебиеттің сөз өнері ретінде тілдік, қоғамдық өмірдің 

бейнесі ретіндегі әлеуметтік және өнер туындысы ретінде көркемдік 

қырлары бар.  Зерттеушіні алға қойған мақсатына орай, ақын-жазу-

шының оны ерекшелендіріп, осындай биікке көтеріп тұрған, әдебиет-

ке жаңалық әкелген, немесе көркемдік дамуға үлес болып қосылған 

қырлары ғана қызықтыруы мүмкін. Сол себепті де кейде оның әлеу-

меттік жақтары, енді бірде көркемдік қырлары алға шығып, оған көбі-

рек мән беріліп, талданылып жатады.                              

Әдебиеттің теориясы, сыны көбіне шығарманың көркемдік қасиет-

теріне үңілсе, әдебиеттің тарихы оның жүріп өткен жолдарының әлеу-

меттік-қоғамдық  жағдайларына  көбірек  көңіл  аударып,  әдебиеттің 

осылай даму себептерін ашуға ұмтылады. Бұл әдебиеттің тарихы көр-

кемдік мәселелерді назардан тыс қалдырады деген сөз емес, керісін-

ше,  әдебиеттің  өміріндегі  қоғамдық-әлеуметтік  факторларды  аша 

отырып, оның көркемдік дамуға еткен әсерін анықтай түсуді алдына 

басты міндет етіп қояды. 

Зерттеушінің бұл жолмен жүруіне тарихи поэтика көмектеседі. Та-

рихи поэтиканы негізінен өмірді көркемдік тұрғыдан бейнелеу әдіс-

тері мен құралдарының даму жолдары, олардың қоғамдық-эстетика-

лық қызметі, әдеби жаңалықтардың тарихи тағдыры  қызықтыратын 

болса,  әдебиеттің  тарихы  поэтикалық  шығармашылықтың  тарихын 

қоғамдық өмір дамуымен, ұлттық әдебиеттің, оның жекелеген қайрат-

керлерінің  тағдырымен  тығыз  байланыста  қарастырады 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет